Өскемен қаласының өрт техникалық орталығы

Отчет

Өскемен қаласындағы өрт-техникалық көрме ШҚО ІІДөрт сөндіру қызметінің бастығы Қасым Ысқақұлы Ысқақовтың бастамасымен 1986 жылдың желтоқсан айында құрылып, өз жұмысын бастады.

1988 жылдың өрт-техникалық көрме өрт-техникалық орталық болып қайта аталды, ол Буров көшесі, 1 мекенжайы бойынша 1-ӨСБ ғимаратында орналасқан. Орталық 2011 жылдың 26 желтоқсанында өзінің 25 жылдығын атап өтті. Ол ресми түрде Республикадағы ең үздік болып саналады. 2007 жылы өрт-техникалық орталықтың көрме залдары қайтадан жаңартылды. Күрделі жөндеу жасалып, жәдігерлермен толықты.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Орталықтың жұмысы өрт - құтқару қызметінің тарихи мұрасын сақтауға және зерделеуге және төтенше жағдайлар кезінде білімді, өзін ұстау ережелерін насихаттауға бағытталған. Орталық мұражай іспеттес. Мұнда бірден өртке қарсы қызметтің тарихына үңілесің, оның даму кезеңдерімен, жаңалықтармен танысасың. Өскемен қаласының өртке қарсы қызметінің тарихы жергілікті суретші Э.В. Чубуктың «Өрт депосы» картинасынан және тапсырыспен жасалған атты өрт сөндіру арбасының шығуының макетінен анық көрінеді. 20 ғасырдың басында Өскемен қаласында бір ғана өрт депосы болған. Өрт сөндірушілер атқа жегілген арбамен, жарағында суы бар бөшкемен, қол сорғысымен, балтамен жарақталған, ал өрт байланысының жалғыз құралы шығу ауданын бақылайтын өрт мұнарасы болатын.

Өрттер жиі болып тұратын, адамдарға қауіп-қатер тудыратын. Кейбір кездері тілсіз жау жүздеген үйлерді жалмайтын. Ұсақ өрттер қалыпты жағдай саналатын.
Мұражайдың тарихи топтамасында қолмен өшіруге арналған 1934 жылы жасалған өрт сорғысы бар. Осы сорғыға жуықта мұражайға келіп қайтқан «Экспресс» газетінің корреспонденттері назар аударды.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Жарылған баллон, халық «козел» деп атап кеткен қолдан жасалған жылытқыш және өрт орнынан табылған немесе өрт туындауына себеп болған тағы басқа заттарды Өскемен қаласының өрт-техникалық орталығының мұражайынан көруге болады. Тұрмыстық өрттердің ішінде өліммен аяқталған өрт жәдігерлері өте көкейтесті болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша өртте жылдың басынан 18 адам мерт болған. Өрттегі қайғылы жағдайларды паш ететін мұражайға бүгінгі күні өрт-техникалық орталығының аға қызметкері Гульмира Қожақанова басшылық етеді. Мұражайдың мақтаны – 1934 жылғы қолмен өрт өшіру поршендік сорғысы. Оның жай-күйі жаман емес. Қазір де су соруға жарайды.

Мұражай қорының құрамына әр түрлі раритеттер: өрт сөндіру каскасы, өрт сөндірушінің балталары, оқпандар кіреді. Бұлардың барлығы – 20 ғасырдың түпнұсқалары. Тарих сүюшіге «Өрт депосы» журналының тігіндісін қараған өте қызықты, өйткені оған 1972-1980 жж. даналар кіреді.
Мұражайдың стендтерінде өрттер, тілсіз жаумен күресушілер, Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру бөлімдерінің фотосуреттері көрсетілген.

Түрлі топтамалар да бар: өрт тақырыбына төс белгілердің жиынтығы – 268 дана, медальдар - 40 дана, жалаушалар – 51 дана, дүниенің түпкірінен жинақталған өрт сөндіру көліктерінің модельдері - 80 автокөліктей. Өрт-техникалық орталығында ардагерлер мен өрт сөндірушілердің жеке заттары, сыйлықтары бар. Мұражайдың бір қабырғасын өрт сөндіру қызметінің 70 жылдығында жарысқа келген өзбек спортшылары тарту еткен кілем көрік беріп тұр. Спорт нәтижелері - сыйлықтар, кубоктар, дипломдар арнайы стендтерде орын алған.


Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр


Мұражайда өрт-техникалық жарағынан және өрт себептері мәлімдемесінен хабар беретін 11 стенд бар. Стендтер: «Өрт автоматикасы», «Мемлекеттік өр бақылауы», Спорттық нәтижелер», «Жас өрт сөндірушілер жасағы», «Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрт сөндіру - құтқару бөлімдерінің орналасуы» «Үлбі металлургиялық зауытындағы өрт», «Өрттен қорғау бөлімінің даму тарихы» (суреттер), «ТЖ қызметтері», «Техника және жарақ», «Өрттегі байланыс», «ТЖ алдын алу және жою саласында ҚР мемлекеттік наградалары», «Өрттегі ерлігі үшін». Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін, жылу өткізбейтін костюм киген адам бейнелері, сондай-ақ дәрігер, сүңгуір, биікке шығушы, желкермемен секіруші, кинологтардың жауынгерлік киімін киген, жарақтарын асынған адам бейнелері бар.
Тыныс алу ағзаларын қорғайтын құралдар, байланыс құралдары, қол және автоматты авариялық-құтқару құралдары, түрлі өрт сөндіру құралдарын тамашалауға болады.

Мұражайда қызметтік парызын атқару кезінде құрбан болған өрт сөндірушілерді еске алу мемориалы бар.
Өрт сөндірушілер - ерлік жасауды ойламайтын, бірақ оны жасаушы нағыз жауынгерлер. Өрт және апаттарды жою әрқашан жақсылықпен аяқталмайды. Біздің аймақта жауынгерлік міндетін атқаруда қайталанбас ерлік жасаудың мысалдарын да келтіруге болады. 1993 жылы Семей цемент зауытында болған өртті жою кезінде екі өрт сөндіруші – ішкі қызмет прапорщигі бөлімше командирі Рақымғали Тайтұллаұлы Икенев және ішкі қызмет прапорщигі бөлімше командирі – Белоножко Валерий Васильевичтің өмірі қыршыннан қиылды.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Қорқынышты жағдай 2002 жылы 27 мамырда Бесқарағай тұрғындарын дүр сілкіндірді. Ірі орман өртін сөндіру кезінде қызметтік парызын атқарушы 54-ӨСБ жүргізушісі Белянкин Сергей қаза тапты. Олардың ерлігі әрқашан бізге жау жүректіліктің, өз парызын өтеуге адалдықтың, «өрт сөндірушінің» абыройының үлгісі болып қала бермек.

Орталықта үш зал бар. Сонымен қатар видеофильмдер көруге, дәріс, кездесулер өткізуге арналған 30 адамдық зал бар. Мұнда мектеп оқушыларына және студенттерге арналған тіршілік қауіпсіздігі жөнінде сабақтар өткізіледі.
Мұражайға балабақша тәрбиеленушілері және зейнеткерлер мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де келеді.
Өрт сөндіруді екі макеттен көруге болады. Оның бірі – ауылдық жерде, ал екіншісі қонақүй кешенінде болған өрт. Оқушылар мен студенттерге өрт туралы дәріс тыңдаған көңілсіз де түсініксіз. Ал өз көздерімен көрсе қызықты, оларға болған оқиғалар туралы фильмдер де көрсетіледі. Фильмдерді көрген соң балалардың өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарына қызығушылығын артады. ӨТО қызметкерлері адам өміріне қауіп тудырушы: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, басқа да төтенше жағдайлармен байланысты тақырыптарға конкурстар, викториналар ұйымдастырып, өткізеді.Осы іс-шаралардың барлығы балалар үшін өте маңызды.

Мұражайда Жас өрт сөндірушілер жасақтарының жиындары өтіп тұрады. Осы жас сарбаздар - өрт қауіпсіздігін насихаттау ісінде орталық қызметкерлерінің тірегі.
Орталықтың негізгі бағыты - өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезінде өзін өзі ұстау ережелері бойынша фильмдерді көрсету, өртке қарсы қызмет туралы фильмдерді көрсету, оқушылар мен студенттер арасында өрт-техникалық білімді насихаттау, өртке қарсы қызметтің жауынгерлік дәстүрінде жас қызметкерлерді адамгершілікке тәрбиелеу.

Сондай-ақ өрт-техникалық орталығында жас ұрпақтың ардагерлермен кездесулері өтеді. Осылайша, ардагерлер - жас ұрпақтың олардың жасаған ізгі істерін жалғастырудың, олардың бастаған істерінің табысты жалғасуының куәсі. Жастар халыққа қызмет етуге, нағыз ерлік жасауға және өздерінің өмірлері үшін ғана емес, өздерінің жанындағы жауынгерлердің өміріне деген жауапкершілікке үйренеді.


Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Өрт-техникалық орталығы үшін материалдар мен экспонаттар жинау ісі әлі де жалғасуда. Жас өрт сөндірушілер жасақтарымен жұмыс ұдайы жүргізіледі, ӨТО қызметкерлері олардың жарыс, конкурстарын, ардагерлермен кездесулерін белсенді түрде өткізіп тұрады. Сонымен ШҚО ТЖД баспасөз қызметімен бірлесіп, облыс тұрғындарының арасында ӨҚЕ насихаттау бойынша жұмыс жүргізіледі. Қызмет еткен уақытта мұражайға 109647 адам келіп, 4840 экскурсия, оның ішінде 3000 экскурсия 1-ӨСБ өрт техникасы көрсетілуімен өткізілді. Мұражайдың қадірлі қонақтарының арасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Карпович Божко да бар. Пікір жазу кітабында ТЖК басшысы мұражайға табыс, шығармашылық жану тілей отырып, «Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеу ісінде пайдалы да ізгілікті істер атқарылуда» деп жазды.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр


2011 жылдан бастап өрт-техникалық орталығын ӨТО аға қызметкері - Кульмира Хаджиевна Қожақанова басқарады.
«Біздің қызметімізде өз ісін сыйлайтын жоғары білімді мамандар көп, сондықтан біздің орталықтың басты мақсаттарының бірі - өрт сөндіруші – құтқарушының мамандығын ең сыйлы да абыройлы мамандықтардың бірі ету - дейді Кульмира Хаджиевна.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 12:01 / 2018-05-04 15:47