Cемей қ. Өрт-техникалық орталығы

Отчет

Өрт-техникалық орталығы -  ерекше мұражай. Өрт қауіпсіздігі туралы білім, өртке қарсы қызметтің өткені мен бүгіні, өз мойнына қиын да жауапты мамандықты алған тілсіз жаумен күресушілер, міне, мұражайда көрсетілетін басты мәселелер осы. Кез келген кәсіпорынның басты құндылығы –адамдар. Өрт сөндіруші - мамандығы тілсіз жаумен күресшінің әрқайсысының өмірінде өз таңбасын қалдырады. Белгілі жазушы Гиляровский айтқандай, «Әрбір өрт сөндіруші – бүкіл өмірін соғыста жүргендей өткізеді, минут басын тәуекелге тігеді». Расында да өрт сөндіруші күнде майданда жүргендей. Олардың жауы –от. Тек батыл, ер жүрек, төзімді, мейірімді адамдар ғана өрт сөндіруші болып, тілсіз жаумен күресуге бел буады.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Семей қаласындағы өрт-техникалық орталығы 1985 жылы құрылды. Семей қаласының ӨТО көрмелік залдары Дулатов көшесі, 137 мекенжайы бойынша орналасқан. ӨТО алғашқы директоры өртке қарсы қызметтің ардагері, Көкшетау облысының Өртке қарсы қызметінің бұрынға бастығы Зайцев Анатолий Тимофеевич. Әр түрлі жылдарды мұнда Александр Николаевич Задонский – Семей облысының ІІБ бастығының бұрынғы орынбасары, облыстық өртке қарсы қызметтің бұрынғы бастығы Эдуард Борисович Коваленко сияқты адамдар қызмет етті. Қазіргі уақытта ӨТО Шығыс Қазақстан облысының өрт-техникалық орталығының филиалы болып табылады.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

ШҚО ӨТО филиалы қалалық өртке қарсы қызметтің мұражайы. 2002 жылдан 2010 жылға дейін ол Семей қаласының өртке қарсы қызмет басқармасының залында орналасқан еді. Өрт техникалық орталығында 3000 астам жәдігерлер бар. Семей қаласының № ӨҚҚЖ басшылығы 2010 жылы 1927 жылы салынған өрт сөндіру депосының тарихи ғимаратын қайта жөндеп, осында өрт-техникалық орталығын орналастырды. Енді ӨТО жаңартылған бөлмелерінде мұражайға келушілерді Семей қаласының тілсіз жаумен күресушілерінің жұмысымен таныстыруға болады. Мұнда: «Қазақстанның алғашқы өрт сөндіру командасының тарихынан», Өрт сөндірушілерге мемориал», «Өрт сөндірушінің өрт-техникалық жарақтары», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет - әрекетте», «Жеке топтамадан», «Балалар шығармашылығы» атты бөлімдер бар. «Қазақстанның алғашқы өрт сөндіру командасының тарихынан» атты бөлімде түпнұсқа құжаттар, фотосуреттер, жұмыста қолданған заттары, 20 ғасырдың басындағы өрт сөндіру жарақтарының түрлі макеттері мен үлгілері бар. Келушілердің назарына 30-40 жылдарда жасалған үстел ілігеді. Мұражайға шіркеу қызметкерлері сыйға тартқан, 19 ғасыр соңындағы қоңырау да келушілерді қызықтырады. Өрт сөндірушілер мен бөшкелі ат арбаның ағаштан жасалған мүсіндері келушілердің әсерін толықтырады. Мұражай қабырғаларында орналасқан фотосуреттер әр түрлі кезеңдерде өрт сөндіруші болып қызмет еткен адамдармен таныстырады. Залдың қабырғаларына Семей қаласында қызметтік парызын өтеу кезінде құрбан болған өрт сөндірушілердің аттары жазылған мәрмәр тақталар орналасқан. Жуырда «Ардагерлер әрқашанда сапта» атты стенд жасалды. Бұл стендте 60 ардагердің суреті бар.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

«Өрт сөндірушіге мемориал» бөлімі бұл кешеннің қалай құрылғаны, оның авторы, мемориалды қалай орнатқаны, Семей қаласы суретшілерінің бұл шығарманы жасаудағы еңбегінен хабар береді. Мемориалдың барлық жұмыс макеттері де бар. Оның авторлары Мұратбек Жанболатұлы Жанболатов, Янгичер Иван Иванович – 2006 жылы қайғылы жағдайда қаза тапқан қала суретшілері.

Көне және заманауи өрт-техникалық жарақтар «ӨТЖ» (өрт-техникалық жарақтар) бөлімінде орналасқан. Бұл жерден 1930, 1940 жылдардағы өрт сөндірушінің бас киімін, көбік генераторларын, Богдан және Ротта қосқан оқпандарды көруге болады. Үш сатылы темір шынжыры бар ағаш саты келушілердің назарын аулайды. «Мемлекеттік өрт қадағалау - әрекетте» бөлімінде «Өртке дейінгі және өрттен кейінгі бөлме, «Абай атындағы театр – оның өртке қарсы дабыл және өрт сөндіру автоматты жүйесі» сияқты макеттер, сондай-ақ өртте қалып қойған заттар да бар. Кітаптар көрмесі өрт сөндіру инспекторларының еңбегі жайлы сыр шертеді.
Екі витринада қалалық өрт сөндіру қызметінің ардагері отставкадағы полковник Александр Николаевич Рыковтың жинаған 200 астам жәдігерлері орын тепкен. Ол 20 жылдан астам түрлі өрт атрибуттарын жинастырған.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Жыл сайын көрме жаңартылып тұрады. Өртке қарсы күрес тақырыбына әр түрлі – ең үздік сурет, ең үздік шығарма, мазмұндама, диктант, өлең сияқты конкурстар өтеді. Орталықтың бұл бағыттағы жұмысының нәтижелері «Балалар шығармашылығы» бөлімінде орналасқан. Қалалық ӨТО базасында мектеп, колледж, балабақша тәрбиеленушілері мен студенттерге арналған экскурсиялар өтеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге викториналар, жас өрт сөндіру жасақтарына арналған көңілді старт өткізіліп, кәсіби бағыттағы дәрістер оқылады.
2002 жылдан бастап ӨТО - ға 22 127 адам келді. 586 тақырыптық, шолу және таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. Өрт-техникалық орталықтың қорын өртке қарсы қызмет ардагерлері толтырады. Орталық аймақтағы мектептер, балалар үйлері, мұражайлар, кітапханалар, ұлттық мәдени орталықтары, қоғамдық бірлестіктер («Исток», «Прииртышье»), Балалар орталығы («Жас жұлдыз», «Жас қанат»), қала мұрағаттарымен (ЦДНИ, Қалалық әскери бөлім мұрағаты, ІІД мұрағаты) ықпалдаса қызмет етеді.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Өртке қарсы қызмет мұражайы өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша әр түрлі көшпелі көрмелер ұйымдастырады. 2004-2009 жылдары өрт-техникалық орталығының 600 жәдігері қаланың тарихи-өлкетану мұражайында көрсетілген. Сондай-ақ бұл экспонаттар мектеп пен балабақшаларда жиі көрсетіледі. Жаз айлары көшпелі көрме қала маңындағы лагерьлерде тамашаланады. Қаладан алыс орналасқан елді мекендерді аралайтын үгіт-насихат автобусының жұмысында бұл экспонаттарды пайдалану дәстүрге айналды. Мұндай көрмелердің мақсаты өртке қарсы қызмет жұмысы, оның тарихы және дәстүрімен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар тілсіз жаумен күресуші мамандығына қызығушылық пен сыйластықты қалыптастыру.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр


Қарауыл аулында 49-ӨСБ салтанатты түрде Асылбеков Нұрдәулеттің 1976 жылы 02 мамырда қаза болған өрт сөндірушіге арналған мемориал ашылды. Қайтыс болған өрт сөндірушілердің отбасылары да назардан тыс қалмайды. Қайтыс болған өрт сөндірушілердің балалары өртке қарсы қызметтің қолдауымен колледждер және университеттерде оқиды. Бұл жанұялар – барлық салтанатты жиындардың сыйлы қонақтары.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің балаларымен де патриоттық тәрбие жұмыстары өткізіледі. 2005 жылы Ұлы Отан соғысының 60-жылдығына арналған ӨҚҚЖ қызметкерлерінің балаларына арналған суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Жыл сайын Жидебайға, Өскемен, Курчатов қалаларына балалар экскурсиялары өткізіледі. 2005 жылы Старая крепость ауылына археологиялық экспедиция ұйымдастырылып, археологтар мен бірлесе балалар да қала тарихындағы алғашқы өрттердің (1740-1741 жылдар) қазба жұмыстарына қатысты. Өртке қарсы қызмет басқармасының ғимаратында өрт сөндірушілердің балаларының спортта, оқуда, шығармашылықта жеткен табыстарын паш ететін «Біздің балаларымыздың табыстары» атты үнемі жаңартылып отыратын стенд орналасқан.

Мұражай туралы қала ғана емес, республика көлемінде шығатын басылымдарда ондаған мақалалар жарық көрді.
2002 жылдан өрт-техникалық орталығына ӨТО аға қызметкері - Наталья Владимировна Рыкова басшылық етеді.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметінің ардагерлеріне – ерекше құрмет. Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кәсіби мерекесі - 17 сәуірде, Қарттар күнінде, Жеңіс күнінде ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ қызметкерлері ардагерлерді марапаттап, әр түрлі мәселелер бойынша көмек (медициналық, тұрмыстық) көрсетеді. Өртке қарсы қызмет ардагерлері жыл сайын ҚР ІІМ қызметкерлерін еске алу мемориалына гүл шоқтарын қояды. Қазақстанның басқа аймақтарында және ТМД елдерінде тұратын ардагерлермен хат алмасып тұрады.

Пожарно-технический центр Пожарно-технический центр

2007 жылы «Идущие на огонь» атты (авторы Г.Г. Дильдяев) кітап жарық көрді. Бұл кітап өртке қарсы қызметтің өткені мен бүгінгісі және ардагерлер еңбегі туралы сыр шертеді. Ардагерлермен кездесулер өткізіліп, олар туралы және өртке қарсы қызмет органдарында қызмет еткен уақытындағы деректер жинақталады.
Өртке қарсы қызметтің ардагерлерімен жыл сайын фотосессиялар ұйымдастырылады. Мерейтойлар кезінде тілсіз жаумен күрескен ардагерлерге арналған алғыс және құттықтау хаттары дайындалады. Мерейтой иелерін салтанатты түрде құттықтап, оларға сыйлықтар, алғыс хаттар, гүл шоқтарын сыйлайды. Ардагерлер өздері де ӨТО құжаттар жинау ісінен тыс қалмайды. Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонында бір де бір шара ардагерлердің қатысуынсыз өтпейді.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 12:02 / 2018-05-04 15:47