ШӨАЖҚЖ қызметі

Қасенов Мұрат ЖайлаубайұлыМекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

1. Мекеме қызметінің мәні төтенше жағдайлардың алдын алу жәнеоларды жою болып табылады.
2. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, соның ішінде аса ауыр және жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мекеме мақсатқа жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізеді;
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша еліміздің аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еліміздің аумағынан тыс жерлерде төтенше жағдайларды жоюға қатысады.

3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4)   халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға маманданудың 3-тобының сүңгуірлерін,  Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9)   ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастырады және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
Терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» Мемлекеттік мекемесі (ары қарай ШӨАЖҚЖ) Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 08.07.2000 ж. № 1037 қаулыс және ҚР ТЖА 07.01.2002 ж. №12 бұйрығының негізінде құрылған.
2002 жылдың 31 қаңтарында Әділет органдарында ҚР ТЖА «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» Мемлекеттік мекеме ретінде тіркелді және осы күн Жасақ күні болып саналады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылуына байланысты, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2005 жылдың 25 қаңтарындағы № 53 қаулысы негізінде  ҚР ТЖА «ШӨАЖҚЖ»  өзгертіліп, ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» деп аталды.
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылдың 15 тамызындағы №938 « Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірқатар сұрақтары» қаулысы негізінде ҚР ТЖА «ШӨАЖҚЖ» ММ-сі  өзгертіліп ҚР ІІМ ТЖК «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы (Өскемен қаласы) » ММ ретінде аталды.
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2015 жылдың 25 сәуіріндегі №313 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылдың 25 мамырындағы № 477 «Құрамды-ұйымдастыру жайлы» бұйрығы негізінде ҚР ТЖА «ШӨАЖҚЖ» ММ-сі  өзгертіліп, ҚР ІІМ ТЖК «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы (Өскемен қаласы) » ММ-сі ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің  «Суда құтқару қызметі» ММ-нің қосылуымен қайта құрылды.

Жасақ төмендегі авариялық-құтқару және басқа жедел жұмыстарына икемді:

    1. Апат, жарылыс, табиғи құбылыстар тудыратын ошақтарды бақылау жүргізіп отыру (объектілер мен аумақтардың қалпы, жасақ күштерінің шығу бағыты, төтенше жағдайлар аумағының шегін анықтау).
    2. Төтенше жағдайлар аумағына авариялық-құтқару қызмет пен құрылымдарын кіргізу.
    3. Төтенше жағдайлар аумағына құтқарушылар мен жүкті десант ретінде түсіру.
    4. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
    5. Төтенше жағдайлар аумағында жәбірленген адамдарды іздеу және оларды шығару.
    6. Төтенше жағдайлар аумағынан зардап шеккендер мен материалдық құндылықтарын эвакуациялау.
    7. Төтенше жағдайлар аумағында басқару мен байланысты ұйымдастыру.
    8. Жұмыс жүргізу орында және жүру жолдарында бұзылған және опырылып құлауға дайын құрылмаларын бұзу немесе бекіту.
    9. Төтенше жағдайлар аумағында газдан құтқару жұмыстары (адамдарды құтқару жөніндегі авариялық-құтқару және техникалық жұмыстарының кешені, зардап шеккендерге көмек көрсету және жарылыс, өрт, денсаулыққа қатты әсер ететін улы заттар авариялар жағдайда және тағы басқа дем алдыруға жарамайтын ортадағы саладарын жою).
    10. Авиациядағы оқиғалар жағдайларында әуе кемесінің экипажі мен жолаушыларын құтқару.
    11. Темір жол көлігіндегі төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздеу және құтқару.
    12. Автокөлікте төтенше жағдайларын жою (жайылтпау).
    13. Ішкі акваторияда және құрғақ жерде апатқа ұшырылған әуе және су кемелерінде қиянат көрген адамдарды іздеу және құтқару.
    14. Авариялық су астындағы техникалық (сүңгу) жұмыстары.
    15. Мұздың кептелуін жою.
    16. Қар көшкіні мен тасқын аумағында авариялық-құтқару және алдын алу жұмыстары.
    17. Ормандағы өртті сөндіру және жайылтпау.
    18. Биік таулы аумағында зардап шеккендерді іздеу, оларға көмек корсету және тасу.
    19. Шиеленісті объектілер мен жолы қиын аумақтарында киянат көрген адамдарды іздеу және тасу.
    20. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарының кемістігін төмендету.
    21. Жолы қиын туристтік аумақтарын тексеру және демалып жатқан адамдар үшін объектілер мен магистрал жолдарынының қауіпсіздігін тексеру.
    22. Жолы қиын жер учаскелерін және ғимараттарының, шиеленісті құрылмаларының опырылып құлау мүмкіндігін және басқа төтенше жағдайларын болуын тексеру.
    23. Төтенше жағдайлар болып жатқан жолы қиын аумақтарына азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын жеткізу.
    24. Төтенше жағдайлар болып жатқан жолы қиын аумақтарынан тұрғындарды эвакуациялау.
    25. Төтенше жағдайлар болып жатқан жолы қиын аумақтарында және шиеленісті объектілерде төтенше жағдайлардың жоюына қатысқан басқа профильді мамандарды алып жұру, олардың қауіпсіздігін қамту және жұмыс орына жеткізу.
    26. Бекітілген аумағында өтетін туристтік жорықтар, саяхаттар, экскурсиялар, жарыстар, жиындар, семинарлар және тағы басқа шараларының қауіпсіздігін бақылау.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің
«Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы
(Өскемен қаласы)» Мемлекеттік мекемесінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

Аппарат атауы және қызметтер Арнаулы шен
(құрам сапасы)
Қызметтер саны
Жетекшілік
Жасақ жектекшісі-құтқарушы жетекші 1
Жасақ жетекшісінің
орынбасары-құтқарушы
жетекші 2
    3
Құтқару  бөлімшелері
Құтқару  бөлімшесінің
жетекшісі-құтқарушы
жетекші 10
Бас құтқарушы маман 21
Құтқарушы маман 52
    83
Кезекші-диспетчерлік қызмет (бөлімше  құқында)
Жетекші-құтқарушы жетекші 1
Құтқарушы маман 4
    5
Сүңгуірлі-құтқару қызметі(бөлімше  құқында)
Жетекші-құтқарушы жетекші 1
Бас құтқарушы маман 6
    7
Кинолог қызметі(бөлімше  құқында)
Жетекші-құтқарушы жетекші 1
Бас құтқарушы маман 4
    5
Радиациялық және химия-биологиялық қорғау(бөлімше  құқында)
Жетекші-құтқарушы жетекші 1
Бас құтқарушы маман 3
    4
Медико-психологиялық қызмет (бөлімше  құқында)
Жетекші-құтқарушы жетекші 1
Бас құтқарушы-психолог маман 1
Медбике (медаға)-құтқарушы маман 3
    5
Автокөлік,жүзу құралдарын және  жабдықтарды күту   қызметі (бөлімше  құқында)
Жетекші-құтқарушы жетекші 1
Бас құтқарушы маман 3
Қойма меңгерушісі маман 1
    5
Кадр жұмысының тобы
Бас  инспектор маман 1
    1
Қаржымен қамтамасыз ету тобы
Бас бухгалтер жетекші 1
Экономист маман 1
    2
Қорытынды: 120

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 11:43 / 2016-01-11 09:47