ШӨАЖҚЖ жарғысы

  1. Жалпы қағидалар
  1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» (әрі қарай ШӨАЖҚЖ) коммерциялық емес мемлекеттік мекемесі болып саналады. ШӨАЖҚЖ – ның негізгі бағыты табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың зардабын жою, құтқару, жұмыстарын ұйымдастырып, аса қауіпті қол жетпейтін объектілерде іздестіру, жедел көмек көрсету және табиғи апаттан зардап шеккендерге және апатты тоқтатуды ұйымдастыру болып табылады.
  2. ШӨАЖҚЖ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000ж. 8 маусымында № 1037 қаулысымен құрылды.
  1. ШӨАЖҚЖ – ның құрылтайшысы мемлекетіміздің Қазақстан Республикасы үкіметі.
  2. ШӨАЖҚЖ – ның ұйымдастыру құжаты негізгі жарғы болып табылады.
  3. ШӨАЖҚЖ – ның мемлекеттік басқару және оған мемлекеттік меншік субъектісінің құзырларын жүргізуші (әрі қарай құзырлы орган) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігі боп саналады.
  4. ШӨАЖҚЖ – ның шектеулі штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  5. ШӨАЖҚЖ – ның толық атауы – «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі.
  6. ШӨАЖҚЖ – заңды тұлғасының мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимость) даңғылы, 265/1, инд. 070003

2. ШӨАЖҚЖ – ның Заңды тұлға мәртебесі

  1. ШӨАЖҚЖ заңды тұлға құқығын мемлекеттік тіркелуден кейін иеленеді.
  2. ШӨАЖҚЖ – ның заңға сәйкес қазыналық ұйымдарда жеке балансы, есеп шоты, соның ішінде валюта ретінде, қазақ тілінде атауы жазылған мөрі, штампы, мөрлі бланк қағазы болады.
  3. ШӨАЖҚЖ басқа заңды тұлғаға құрылтайшы немесе құрамындағы ұжым бола алмайды.
  4. ШӨАЖҚЖ өз міндеттеріне сәйкес өз қарамағындағы қаржыға жауап береді. ШӨАЖҚЖ – ның қаржысы тапшы болған жағдайда оның міндетті жауапкерлігін Қазақстан Республикасы үкіметі шешеді.
  5. ШӨАЖҚЖ – ның бекітілетін бітім шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтаған тіркелу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. ШӨАЖҚЖ – ның құрылымының бекітілген смета кестесіне сәйкес, ШӨАЖҚЖ келісім шарттағы өз жауапкершілігін заңға сәйкес жүргізіледі.
  6.  ШӨАЖҚЖ басқа тұлғалармен қарым – қатынасты өз атынан жүргізеді.

3. ШӨАЖҚЖ – ның мақсаттары мен қызмет түрлері

  1. ШӨАЖҚЖ мақсаты табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан туындаған зардапты жою және оны болдырмау шараларын қолдану.
  2. ШӨАЖҚЖ - ның негізгі жұмыс түрлері:
    1. Кең көлемдегі табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың зардабын жою және оны болдырмау шараларын қолдану.
    2. Табиғи апаттар кезінде шұғыл құтқару кезінде іздестіру, аппаттан құтқару, және жетуге қиын жерлердегі зардап шеккендерге жедел жәрдем беру.
    3. Апат, жарылыс, табиғи құбылыстар тудыратын ошақтарда, үздік құралдарды қолдана отырып, бақылау жүргізіп отыру.
    4. Апаттан зардап шеккендерге жедел жәрдем көрсету, онда үздік құралдарды қолдану.
    5. Қазақстан Республикасының үкіметі және құзырлы органнның шешіміне, халықаралық келсім-шарттарға сәйкес, Республика территориясында және одан тыс жерлерде болған кең көлімді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар зардабын жоюға, жедел аттануға әрқашан дайын болу.
  3. ШӨАЖҚЖ мына іс-қимылдарды атқарады.
    1. ШӨАЖҚЖ – ны кәсіби мамандармен қамтамасыз етеді, құрамындағы жасақпен оқыту, дайындау, шынықтыру, төтенше жағдайда қажет болатын құтқару, көмек көрсетудің нәтижелі әдістерін үйретеді.
    2. Апаттан құтқару кезіндегі техникалық қорғаныс ережелерін оқытады.
    3. Құтқару бөлімшелерін жоспарлап, ондағыларды төтенше жағдай кезінде қолданатын арнайы жабдықтар, инструментер, құтқару жұмысын жүргізетін жаңа заман құралдарымен, байланыс, транспорт құралдарымен жабдықтайды.
    4. Төтенше жағдайдың әр түріне орай оперативтік жоспар оның алдын алу, құтқаруға байланысты іс-шаралар өткізеді.

18. ШӨАЖҚЖ өз жұмысын атқару үшін заңға сәйкес өз құқығын пайдаланады:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және құзырлы ұйымның шешіміне сәйкес өз аймағында және шетелдердегі төтенше жағдайларға байланысты құтқару жұмыстарына қатынаса алады;
  2. Құзырлы органға (ұйымға) ШӨАЖҚЖ – ның жұмысын жақсарту мақсатына көзделген штат құрамын өзгертуге байланысты өз ұсынысын бере алады;
  3. ШӨАЖҚЖ-да тіркелген ерікті адамдарды, төтенше жағдайға байланысты жедел құтқару жұмыстарын өткізу үшін негізгі қызметінен босатып алуына болады;
  4. Оқыту – үйрету жиындарына семинар съездерге, құтқарушы органдар өткізетін Қазақстан көлеміндегі және одан тыс жерлердегі құрылымдардың жиналыстарына делегаттар жібере алады;
  5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, түсіндіру, ақпараттық үгіт насихат іс-шараларын жүргізеді;
  6. ШӨАЖҚЖ -ның оқу жүйесін құрады;
  7. Өзінің оқу – эксперименттік базасын құрады;
  8. Жаңа құрал-жабдықтарды, арнайы техниканы игеру, икемдеу, құтқару құрылымдарының жаңа технологиясын іске қосу; эксперименттік комиссиялардың, топтардың төтенше жағдайларда адамдарды қорғау мәселелерін игеруіне араласады.
  9. Мемлекеттік, қоғамдық, жеке құрылымдардағы құтқару қызметтерімен тығыз байланыс орнатады, бірге іс-әрекет етудің бағыттарын белгілейді;

19. ШӨАЖҚЖ – ның еңбеккерлерінің құқықтары:

  1. Кәсібитехникалық қурстарда, мектептерде оқуға, ШӨАЖҚЖ – ның қаражатына оқу - әдістемелік, оқу – үйрену жиындарына, семинарларға, құтқару түрлеріне сай спорт жарыстарына қатысады;
  2. Жеке шынығу, дайындалу мақсатында спорт және шынықтыру ШӨАЖҚЖ белгісі бар құралдарын пайдалана алады;
  3. Жұмысы нәтижелі болу үшін төтенше жағдайларға байланысты толық ақпарат, мәлімет алуға;
  4. ШӨАЖҚЖ – ның қызметін жақсарту бағытында ұсыныстар беруге;
  5. Құзырлы органның белгісі бар арнайы киімін киіп, кеуде белгісін жеке жетон, ШӨАЖҚЖ – ның эмблемасын тағынып жүруге;
  6. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес апаттан құтқару орындарына барар жолда көлік транспорттың барлық түріне кезексіз билет сатып алады;

20. ШӨАЖҚЖ - өз құзырына байланысты емес жұмыстармен шұғымдана алмайды

4. Басқаруды ұйымдастыру және ШӨАЖҚЖ -ның қызметі

21. ШӨАЖҚЖ – ны басқару жұмысын өкілетті орган жүргізеді.

      1.  Өкілетті орган бекітілген заңдарға сәйкс мына қызметтерді атқарады:

1) ШӨАЖҚЖ құрымының смета, шығыс жоспарын бекітеді;
2) ШӨАЖҚЖ жауапкершілік территориясын анықтайды;
3)Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар кезіндегі оперативтік бағыну жүйесін анықтайды;
4) ШӨАЖҚЖ – ға бекітілген мүліктің сақтау, пайдалану барысын қадағалайды, бекітеді;

    1. ШӨАЖҚЖ – ның жарғысын өзгертеді, оған өзгертулер енгізеді;
    2. ШӨАЖҚЖ бастығының (әрі қарай бастық) құқығы, міндеттері және жауапкершілігін анықтайды;
    3. Бастықтың ұсынысы бойынша оның орынбасарларын тағайындайды және қызметтінен босатады;
    4. Жылдық қаржы есебін бекітеді;

23. Бастық заңға байланысты ерекше жағдайлардан басқа уақытта, құзырлы орган қызметке тағайындап және орнынан босата алады;
24. ШӨАЖҚЖ – ның бастығы өз мекемесінің қызметіне басшылық етеді, құзырлы органға бағынады және өз жұмысына байланысты міндеттерін атқарады;
25. ШӨАЖҚЖ – ның бастығы Қазақстан Республикасы заңдарына және өз мекемесінің жарғысына сәйкес өз қызметінде өз еркімен тікелей басшылық етіп отырады;
26. Өз қызметін атқару барысында мекеме бастығы заңға сәйкес мына жұмыстарды атқарады:

  1. ұжым атынан кепілхатсыз шыға алады;
  2. Барлық ұжымдарда өз мүддерелін жариялайды;
  3. Заңға сәйкес мекеме мүлігіне иелік етеді;
  4. Келісім шарттар бекітеді;
  5. Кепілхаттар береді;
  6. ШӨАЖҚЖ – ның қызметкерлерін жолсапарларға тәжірибе өтуге, оқуға Қазақстан ғана емес, шетелдерге жібере алады;
  7. Қазыналық орындарда есеп шот аша алады;
  8. ШӨАЖҚЖ барлық қызметкерлерге бұйрық және шешім бере алады.
  9. Құзырлы органдар тоғайындағаннан басқалары заңды түрде ШӨАЖҚЖ қызметкерлерін жұмысқа қабылдап және босата алады;
  10. ШӨАЖҚЖ қызметкерлерін ынталандырып және тәртібіне қарай жаза қолдана алады;
  11. Өз қарамағындағы орынбасарларының және ШӨАЖҚЖ – ның басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен құзырын анықтайды.
  12. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудын әрбір фактісі бойынша, бағынысты құрылымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады.
  13. ШӨАЖҚЖ – ның оперативтік қызметі құтқарушылардың жанжақты, көлемді кәсіби дайындығы, арнайы құтқару құралдарын игеру жаңа заманға сай байланыс, көлік және төтенше жағдайдың қай түріне, өз территорияда ғана емес одан тыс жерлерге жедел жетуге дайындығы арқылы жүргізіледі;

28. ШӨАЖҚЖ -ның күні-түнгі қүзеті оның өз ұйлестіру-диспечерлік қызметі оның бөлімшелерін техникамен, көлікпен байланыспен толық жабдықталуын, өмірге қауіпсіздік жағдайын қадағалайды;
29. ШӨАЖҚЖ қызметкерлерінің штат құрамы қызметкерлерінің кәсіби мамандықтарына сай, құтқарушылардың жұмыс талабын игеру деңгейіне және жеке басының дене шынығуына сәйкес құрылады. ШӨАЖҚЖ құтқарушы мамандарды кәсіби мектептерде оқытып, дайындап, біліктігін арттырып отыруы қажет. Кей жағдайда мұғалімдер мен мамандар Министрліктер, жеке ведомствамен ұйымдарда, оқу базасында келісім шарт жасауы керек.
30. Төтенше жағдайлар кезінде ШӨАЖҚЖ үлкен дайындықпен жедел түрде,тәулік бойы байланыста болып, нәтижелі қызмет жасап, құзырлы органдарға хабарлап отыруы керек.
31. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлік және құзырлы органдар ШӨАЖҚЖ құтқарушы және басқа органдары арқылы жұмыс атқарады. Белгілі бір зонаға дайындық пен жауапкершілікке ШӨАЖҚЖ құтқарушылардың орындаған жұмыстары жөнінде құзырлы органдарға ақпарат береді.
32. Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, ШӨАЖҚЖ арнайы жабдықталған, танымдың белгісі, және түрлі – түсті, дыбысты, арнайы жедел жабдықталған, автокөлігі болу керек.
33. Қазақстан Республикасының заңдарына орай ШӨАЖҚЖ қызметкерлерінің, құтқарушы мәртебесі, жеке басын қорғауы бюджет қаржысынан қамсыздандырулады.
34. Қазақстан республикасының заңына байланысты, құтқару жұмыстары және оқу-жаттығу мен құтқарушылар семинарына қатысушылардың арнайы киімдері және азық – түліктері ШӨАЖҚЖ – ның есебінен төленуі қажет.
35. ШӨАЖҚЖ құтқарушыларында белгіленген үлгідегі кітапшалары болуы керек.
36. ШӨАЖҚЖ – ның ерікті құтқарушыларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес статусы, құтқаруға қатысқан жұмысы жөнінде құқығы мен міндеттері, әлеуметтік жағынан қорғалуы, жауапкерілігі, талаптары құтқарушының міндеттері айқындалады.

5. ШӨАЖҚЖ –ның жеке мүліктерін құрастырудың және қаржыландырудың реті.

37. ШӨАЖҚЖ – ның мүлкі мемлекет тарапынан берілген, негізгі қор мен айналымдағы қаржы және басқа да мүліктерден тұрады. Олар ШӨАЖҚЖ – ның балансында белгіленеді;
38. ШӨАЖҚЖ –ның мүлкі мемлекеттік мүлік болып есептеледі, оған тікелей басшылық етіп отыруға мекеме басшысы құқылы.
39. ШӨАЖҚЖ –да заңға сәйкес бухгалтерлік тіркеу және есеп жүргізіледі.
40. ШӨАЖҚЖ – ның қызметін тексеру, ревизия жасауды құзырлы орган заңға сай жүргізіп отырады.

6. ШӨАЖҚЖ тарату және жою.

41. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ШӨАЖҚЖ – ны таратып, жоюға болады.

42. Жойылған ШӨАЖҚЖ-ның мүлігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігімен қайта бөлінеді.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 11:44 / 2016-01-11 09:47