10.09.2019
"Казгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша күндіз 11 қыркүйекте ШҚО кей жерлерінде қатты жаңбыр, түнде 12 қыркүйекте кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Өскемен қ. және Семей қ.: 11 қыркүйекте найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.