Жаналықтар мұрағаты
12.02.2020
Өскемен қаласы мен ШҚО ТЖД-дан 70-тен астам құтқарушысы Облыстық қан орталығы ШЖҚ КМК ұйымдастырған донорлық акциясына қатысты.
12.02.2020
Шығыс қазақстан облысында 11 ақпан күні дауылдық ескерту жарияланды. Азаматтар СМС-хабарлама, «Дармен» ұялы қосымшасы және ақпараттық агенттіктер арқылы ауа-райы жағдайы туралы, елдімекеннен тыс шығудан бас тарту қажеттігі туралы хабардар етілді.
11.02.2020
Семей өңірінің қыс мезгілі ауа-райының әр түрлі құбылыстарымен сипатталады.Қатты жел,қар жаууы.қар борауы,көктайғақ,ғимараттар мен құрылыстарда мұз пайда болуы мүмкін.Барлық осы маусымдық құбылыстар халық үшін,шаруашылық жүргізуші субъектілер мен аумақтар үшін қауіп төндіреді.

Күн суыту нәтижесінде жер бетінде,тротуарларда,көшенің жүру бөлігінде көктайғақ пайда болады.Көктайғақ кесірінен жаяу жүргіншілермен қатар көлік жүргізушілердің де жарақат алу қаупі арта түседі, сондықтан жолдағы түрлі жарақаттардан сақтану үшін қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау қажет. Егер ауа-райы болжамында көктайғақ туралы хабар берілсе жарақат алу мүмкіндігін төмендету үшін шара қолданыңыз. Мұндай күндері жүгірмеу,асықпау маңызды. Тайғанамайтын аяқ-киім дайындап қойыңыз,аяқ-киім табанына тайғанаудан сақтайтын құрал жапсырып қойыңыз. Биік өкше аяқ киімнен бас тартыңыз. Көктайғақ кезінде асықпай, абайлап барлық табанға күш салып қозғалыңыз. Бұл ретте аяқтар аздап босаңсыған, ал қолдар бос болуы тиіс. Жолдан өту кезінде ерекше сақ болыңыз. Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқ немесе ұшталған арнайы таяқты қолдануға кеңес береміз. Егер таяғыңыз тайып кетсе, құлау биіктігін төмендету үшін отырыңыз. Құлау кезінде топтасуға тырысыңыз,және домалап жерге соғылуды жұмсартыңыз.
11.02.2020
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 50-ден астам жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер мен ҰОС қатысушылардың үйлерін қардан тазалады.

Акцияны тек қана қар мөлшерден көп жауған аудандар ғана емес мөлшері нормадағы аудандар да қолдады. Мысалы Тарбағатай аудандарының өрт сөндірушілері қардан 3 үй мен Ұлы Отан соғысының жеңісіне арналған саяжайдағы қарды тазалады.

Ал Риддер қ. ТЖБ қызметкерлері бірден су тасқынына да дайындалды. Үш аула аумағы қардан тазаланып, оны бірден арнайы қар шығаратынорындарға апарып тасталды, сондай-ақ арықтарды қазып қойды.
11.02.2020
Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасы және ШҚО ТЖД Семей қаласы жасағы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Семей қаласындағы бөлімінің еріктілері мен «ШҚО Семей қаласы Арнайы әлеуметтік көмек орталығы» КММ өкілдері «Біз Біргеміз!» Республикалық акциясына белсенді түрде қатысуда.

Осылайша,2020 жылдың 5 қаңтарында еріктілер мен мемлекеттік қызметкерлер күрекпен көмек қажет ететін жалғыз басты қарт адамдардың үйлеріне келді.

Күрекпен жабдықтанып жұмысқа кірісе бастады.Ең бірінші кезекте жол тазаланды,кейін аула мен шатыр.Тізімде осындай көмекті қажет ететін ауылдың онға жуық қарт тұрғындары бар.
10.02.2020
Жылыту маусымында өрт оқиғалары үдеп белең алатыны бәрімізге аян. Олардың дені өрт қауіпсіздік ережелерін ұстанбай, тұрмыстық жағдайда электр құрылғылары мен пешті қолдануда салғырттық танытқандықтан болып жатады. Осы жолғы оқыс оқиға да пешті қолданғанда қауіпсіздік қағидаларына селқос қарағандықтан десек артық айтпаған боламыз.

Айтып келмейтін алапат 8 нен 9 қараған түні адамдар шырт ұйқыда жатқанда Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылдық округінде болған. Жеке жайдың сау тамтығы қалмай, 150 шаршы метрді құрайтын аумақ түгелімен жалынға оранған. Оқиға орнынан денесінің барлық жерін күйік шалған ер адамның мәйіті табылды. Үйдің иесі бұрыннан салынып ішетін әлеуметтік төмен топ мүшесі ретінде тіркелгендіктен, бұрын соңды жергілікті өрт сөндірушілерімен өрт қауіпсіздігі жайында үгіт-насихат жүргізілген. Өрттің алдын алу шаралары жүргізілгеніне қарамастан осындай арты қайғылы жайтқа әкелген жағдай орын алып отыр. Үй иесі бұл жолы да мас күйінде болғандықтан, өрттен қашып құтыла алмай, өрттің өтінде түгелдей денесі жанып кетті. Өрт оқиғалары әр кез баянды аяқталып жатпайтыны, әрине өкінішті. Абырой болғанда басқа отбасы мүшелері әйелі мен баласы үйде болмаған. Үйден сыртқа қара түтін будақтап шығып жатқанын даладағы куәгерлер байқай сала құтқарушыларға хабарлаған.
10.02.2020
7 баласы бар көпбалалы отбасы улы газбен уланудан аман қалды. Ең кішісінің жасы 2 айға да толмаған шарана екен. Оқиға кеше кешкісін Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында болған.

Бұған дейін Бородулиха ауданы ТЖБ өрт сөндірушілері орнатқан хабарлағыш таңғы 5-те іске қосылып, белгі берген. Үй иелері ояна салысымен үйдің ішін желдетіп, балаларды оятқан. Олардың кейбірі бастарының айналғанына шағым айтқан. Жазатайым оқиғаға жол бермес үшін ата-аналары дәрігерге жүгінген. Дәрігерлер балалардың денсаулығы мен өміріне қауіпті сейілткеннен соң үйлеріне қайтарылды. Алайда диагноз қойылды – улы газбен жеңіл улану.

«Улы газдың шекті концентрациясының шамадан артып кетуі түтін мұржасындағы сору құбылысы болмағаннан болуы мүмкін. Әдетте сыртқы ауа-температурасы жылып кетіп немесе нөлге жақын кезде осындай құбылыстар болып жатады. Сору құбылысының болмауын ертерек анықтасаңыз одан құтылу да оңай болады. Сондықтан да жылыту жүйесін үнемі қадағалап отырыңыз. Егер де қою түтін пайда болса пештің есігін ашып қалғанда ақ немесе сұр, қап-қара ыс сызаттар мен құбырдың біріккен тесіктерінен шығып тұрады. Сору құбылысының болмауын қарапайым ғана тәсілмен тексеруге болады: бұл жанған майшамның көмегімен. Егер де жалын сізден ары қарай пештің ішіне қарай кетсе – бұл жағдайдың қалыпты екендігінің белгісі, егер де алау орнынан қозғалмай тұрса – бұл әуе массасының тиісінше айналмай тұрғандығын білдіреді» - деп түсіндірді ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасында.
10.02.2020
Біздің еліміздегі жағдай осындай, соңғы жылы өрт қауіпсіздігі ата-аналарды толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені мектептерде әр түрлі жастағы балалар жұмыс аптасы ішінде күн сайын жеті – он сағаттан өткізеді.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені мектептің сыртқы және ішкі кеңістігін ұйымдастыруды, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушыларды өрттің алдын алуға немесе егер өрт пайда болса, өмірі мен денсаулығы үшін жағымсыз салдарды болдырмауға көмектесетін қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздеріне оқытуды қамтиды.
07.02.2020
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басым бағыты бар.Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында айтқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ымырасыз болуы тиіс. Бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбәр азаматтың міндеті болуы тиіс» деген сөздерін толықтай қолдаймыз.
07.02.2020
КТИ-ді бітірген өрт сөндіруші Қуанғанов Елдос оқушылармен кезігіп, білім ошағы жайында үгіт-насихат өткізді.
Қаңтар
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
>
6789101112
>
13141516171819
>
20212223242526
>
2728293031
>
Ақпан
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
>
10111213141516
>
17181920212223
>
242526272829
Наурыз
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сәуір
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Мамыр
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Маусым
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Шілде
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Тамыз
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Қыркүйек
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Қазан
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Қараша
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Желтоқсан
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
<  2020  >