Семей қ. ТЖБ

Әбділов Қанат ТұрдыбекұлыӘбділов  Қанат Тұрдыбекұлы – «Семей қаласы ТЖ басқармасы» ММ-нің бастығы - полковник.

1966 жылдың 12 ақпанында Семей обласы Көкпекті ауданы Большевик ауылында туды.
Білімі жоғары – 1994 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ТЖК Көкшетау техникалық институтын бітірді.
Білімі бойынша мамандығы "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс " - инженер-құрылысшы, "өрт қауіпсіздігі" – өрт қауіпсіздігі инженері.
Құқыққорғау органында 1996 жылдың 27 мамырынан қызмет етеді.

2006 жылы III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды, 2009 жылы II дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
2014 жылдың 27 қарашасынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

 

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі

Аты-жөні Лауазымы Қабылдаукүндері мен уақыты Мекенжайы Байланыс телефоны
Әбділов Қанат Турдыбайұлы Семей қ. ТЖ басқармасының бастығы Апта сайын сейсенбіде
сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Семей қ. Қозбагаров көшесі, 38 8(7222) 56-04-00
Байбуров Бақытбек Қанапьяұлы Семей қ. ТЖ басқармасының бастығының орынбасары Апта сайын сейсенбіде,
бейсенбіде
сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін
Семей қ. Қозбагаров көшесі, 38 8(7222) 56-01-26

Басқарма қызметтері:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комиететі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі-басқарма), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, тиісті аумақта азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі аумақтық қосалқы жүйесінің қызмет етуін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, азаматтық қорғаныс  саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - департамент) тікелей бағынысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комиететі аумақтық бөлімшесі болып табылады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 14:30 / 2019-01-14 14:46