Риддер қ. ТЖБ

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ

 Басқарма қызметі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы №38 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереженің негізінде жүзеге асырылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің және департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. «ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қ. ТЖ басқармасы» РММ Тәуелсіздік даңғылы 18-а мекенжайында орналасқан.

ТЖБ жедел кезекшісінің телефоны – 101, 112 (тәулік бойы)
Сенім телефоны: жұмыс уақытында – 4-57-51;
Электронды пошта:   chs_ridder@vkogps.kz  

Басқарма бастығы - Тарасов Евгений Витальевич

1983 жылы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында туды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тамамдады.
2005-2008 ж. - Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызметі департаментінің Риддер қ. өртке қарсы қызметі бөлімінің бас маманы
2008-2015 ж. – ШҚО ТЖ департаменті Риддер қ. Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бас маманы;
2015 жылдың ақпанында ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының м.а. лауазымына тағайындалды.
2015 жылдың 4 мамырында ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

Азаматтарды қабылдау уақыты: Әр айдың 1 және 3 дүйсенбі 16.00-ден 18.00 дейін.
Байланыс телефоны 4-57-51

 Басқарма қызметтері:

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комиететі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі-басқарма), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою,  тиісті аумақта азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі аумақтық қосалқы жүйесінің қызмет етуін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, азаматтық қорғаныс  саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - департамент) тікелей бағынысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комиететі аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма құрылымы:

Басқарманың штатты саны 11 адамды құрайды.
«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қ. ТЖ басқармасы» РММ:
- азаматтық қорғаныс бөлімі – 1 бөлім басшысы, 3 бас маман;
- төтенше жағдайлардың алдын алу тобы – 2 бас маман;
- мемлекеттік өртті бақылау бөлімі – 1 бөлім бастығы, 3 бас маманан тұрады.

«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қ. ТЖ басқармасы» РММ жедел бағынысты:

1. «ШҚО ТЖД Өртті сөндіру және аварийялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4 мамандандырылған өртті сөндіру бөлімшесі
4-МӨСБ мекенжайы Гоголь к-сі, 6.
Кезекші телефоны: 112, 101, 4-26-00

2. ШҚО ТЖД «Өртті сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 14 өртті сөндіру бөлімшесі
Мекенжайы: Дрейман көшесі 1
Кезекші телефоны: 58-6-35

АҚ бөлімінің басшысы - Бородин Сергей Викторович, майор

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
- төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу.
-  төтенше жағдайларды жоюға қатысу.
-Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларында қол астындағы бақылау, жағдайды бақылау және болжау қызметтеріне, төтенше жағдайлар жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесіне, Азаматтық қорғаныс күштеріне басшылық етуді қамтамасыз ету.
-Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде меншік түрі мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан ұйымның материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруды ұйымдастыру.
- заманауи жою құралдарын қолдану кезінде қорғану тәсілдеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға ұйым басшылары мен жұртшылықты оқытуды ұйымдастыру.
- Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету.
- бейбіт және соғыс уақытына Азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау.
- басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс күштерін даярлауды ұйымдастыру.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шаралары, қажетті қауіпсіздік туралы мемлекеттік органдарды, жұртты және ұйымдарды ақпараттандыруды ұйымдастыру.
-техногендік апаттар, ықтима су тасқыны, сел, сырғыма және өзге қауіпті экзогенді құбылыстар туралы жұртшылықты және шаруашылық жүргізуші субъектілерін құлағдар ету, мониторинг жүйесін ұйымдастыру.
-меншік түріне тәуелсіз аварийялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың іс-қимылын үйлестіру.
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан жұртты, елді-мекендерді және шаруашылық объектілерін қорғау бойынша ағымдық және алдағы жоспарларды және төтенше жағдайларды жою іс-қимыл жоспарларын жасау.
- өз құзыры шеңберінде төтенше жағдайдың туындауына әкелген апаттарды, табиғи апаттар мен зілзалаларды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу.

3. Мемлекеттік өртті бақылау бөлімі – 1 бөлім бастығы, 3 бас маманан тұрады 4-23-60

Бөлім бастығы - Хайрутдинов Ринат Равильевич, азаматтық қорғау подполковнигі

өрттер туралы және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуге бақылауды жүзеге асыру.
- қызмет көрсету аумағында өрттерді және оның салдарын есепке алуды, өрттің туындау себептері мен жағдайларына талдау жүргізуді ұйымдастыру.
- бірлескен тексерулер және өрт қауіпсіздігі саласында өзге іс-шаралар жүргізу кезінде құқыққорғау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
- жергілікті атқарушы органдарға және ведомстволарға шаруашылық объектілер мен салалардың өртке қарсы жағдайы туралы материалдарды ұсыну, объектілердің өртке қарсы жағдайын жақсарту туралы, өртке қарсы суменқамту, жолдармен, байланыс құралдарымен  қамтамасыз ету және өртті анықтау мен сөндірудің автоматтандырылған қондырғыларын ендіру туралы ұсыныстар енгізу, оларды қарастыруын және сол бойынша тиісті шешімдерді қабылдауына қол жеткізу.
- өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде өтініштер мен шағымдарды қарау.
- объектілерді жобалау және салу кезінде жобалық және құрылыс ұйымдарының өртке қарсы нормалар мен ережелерді сақтауларын бақылау, құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдайтын Мемлекеттік қабылдау және жұмысшы комиссиялардың жұмысына қатысу.
-Қызмет көрсету аумағында өрт автоматика құралдарын пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу.

- қаралған жобаларды есепке алуға бақылау жүргізу, жаңадан салынған құрылыстарға  өрт-техникалық тексеру жүргізу.

«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қ. ТЖ басқармасы» РММ жедел бағынысты:

1. «ШҚО ТЖД Өртті сөндіру және аварийялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4 мамандандырылған өртті сөндіру бөлімшесі
4-МӨСБ мекенжайы Гоголь к-сі, 6.
Кезекші телефоны: 112, 101, 4-26-00
Бастығы - Богомолов Олег Анатольевич  азаматтық қорғау подполковнигі
Жеке құрам жөніндегі 4-МӨСБ бастығының орынбасары - Төленбаев Талғат Мелісұлы азаматтық қорғау майоры

2. ШҚО ТЖД «Өртті сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 14 өртті сөндіру бөлімшесі
Мекенжайы: Дрейман көшесі 1
Кезекші телефоны: 58-6-35
14-ӨСБ бастығы - Дьяков Андрей Михайлович азаматтық қорғау подполковнигі
14-ӨСБ  бастығының орынбасары - Шылай Бақытбек азаматтық қорғау капитаны

Атқарылатын жұмыс түрлері
1. Күшті апаттар, зұлматтар ошақтарында және табиғи апаттар өңірлерінде төтенше жағдайлар өңірін (нысанның, аймақтың, маршруттардың жағдайы, күштер мен құралдарды шығару, төтенше жағдай өңірінің шекараларын анықтау) барлау;
2. Төтенше жағдай өңіріне апатты-құтқару қызметтерінің, құралымдардың күштер мен құралдарын енгізу;
3. Төтенше жағдай өңірінде өрттерді сөндірумен байланысты апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу.
4. Төтенше жағдай өңіріне құтқарушылар мен жүкті жіберу.
5. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
6. Төтенше жағдай өңірінен зардап шеккендер мен материалдық құндылықтарды көшіру.
7. Қирандыларды, бекіністерді ашу немесе қозғалыс жолындағы және жұмыс орындарындағы құлағалы тұрған және зақымданған ғимараттар, құрылыстар конструкцияларын құлату.
8. Төтенше жағдай өңірінде газ құтқару жұмыстары (жарылыс, өрт, газдану кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде апатты-құтқару жұмыстарының кешені).
9. Қатты аяз, боран және бұрқасын кезінде төтенше жағдайды жоюға қатысу.
10. Қатты дауылдар кезінде төтенше жағдайды жоюға қатысу.
11. Темір жол көлігінде төтенше жағдайды жоюға қатысу.
12. Әуе оқиғалары кезінде әуе көліктерінің жолаушылары мен экипаждарын құтқаруға қатысу.
13. Автомобиль көлігінде төтенше жағдайды жоюға қатысу.
14. Өзен, әуе көліктерінде және ғарыш аппараттарында құрлықта және ішкі суларда апатқа ұшыраған зардап шегушілерді іздестіру және құтқару.
15. Қар көшкіні және сел жүру өңірлерінде апатты-құтқару жұмыстары.
16. Орман өрттерін құрықтау және сөндіру.
17. Биік таулы өңірде зардап шегушілерді іздестіру, тасымалдау және көмек көрсету.
18. Баруы қиын жерлердегі және қиындығы жоғары нысандарда зардап шегушілерді іздестіру және тасымалдау.
19. Баруы қиын туристік аудандарды, нысандарды және магистральді қозғалыс жолдарын тынығушылар үшін қауіпсіздігіне тексеру.
20. Туристік серуендерді, саяхаттарды, экскурсияларды, жарыстарды, жиындарды, семинарларды және облыстың өзге де іс-шараларының қауіпсіздігін қамту.
21. Төтенше жағдай өңірінің баруы қиын аудандарына азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді және тіршілік қамту құралдарын жеткізу.
22. Төтенше жағдай өңірінің баруы қиын аудандарынан халықты көшіру.
23. Баруы қиын жерлердегі және қиындығы жоғары нысандардағы төтенше жағдайларды жоюға қатысуы қажетті өзге кәсіп мамандарын жұмыс орындарына ерітіп бару, жеткізу және қауіпсіздігін қамту.

kn2 ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының 2016 жылдың 12 айына атқарған жұмысы туралы есебі *.doc 47 kb

kn2 ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының 2016 жылдың 6 айына атқарған жұмысы туралы есебі *.doc 47 kb

kn2 ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының 2015 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы есебі *.doc 47 kb

kn2 Отчет о проделанной работе Управления по чрезвычайным ситуациям города Риддера ДЧС ВКО КЧС МВД РК за 1-ое полугодие 2015 года *.zip 47 kb

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 14:30 / 2017-04-19 17:36