Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Мы против коррупции!

Мы против коррупции!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу (профилактикасы) мақсатында келесіні хабарлайды:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы мемлекеттік қызметшілерге ерекше талаптар қояды және мемлекеттік қызметті өткеру кезінде шектеулерді белгілейді.
Қазақстан Республикасының Заңымен мемлекеттік қызметшілерге өздерінің қызметтік функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Аталған іс-әрекеттер мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып есептеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
«Қазақстант Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар үшін келесі түрде жауапкершіліктер қарастырылған: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметке толық сәйкес еместігі туралы немесе қызметтен шығару.

Тәртіптік жауапкершілік

Сонымен, «Қазақстант Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 50-бап 1-тармақ 10) тармақшасында көрсетілген тәртіптік қылығы үшін, яғни ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға әкеп соғады.
Мемлекеттік қызметші Заңның 50-бап 1-тармақ 17) тармақшасында көрсетілген тәртіптік қылығы үшін өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын Заңның  50-бап 1-тармақ 17) тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.
Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады.
Одан басқа, Заңның  50-бап 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.

2.Әкімшілік жауапкершілік.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Бұл жағдайда аталған тұлғалар «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК )сәйкес жауапқа тартылады.
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса,алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБКо 677- бап).
Одан басқа, ҚР ӘҚБК жеке және заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақыны бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБКо 676- бап және 678-бап). Көрсетілген ӘҚБК баптары әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жатады.
Ескеретін жағдай, жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса ҚР ӘҚБК 472-б. Бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады (жеке тұлғаларға айыппұл – 8 АЕК, лауазымдық тұлғаларға – 15 АЕК, заңды тұлғаларға – 45 АЕК).

3.Қылмыстық жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне (бұдан әрі – ҚР ҚК) заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
ҚР ҚК 247-бап 1-бөлігіне сәйкес Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипатта көрсетiлетін қызметтерді заңсыз алуы –үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
ҚР ҚК 247-бап 1 б. және 2б. көзделген іс-әрекеттері үшін  iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сондықтан Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген міндеттер мен (немесе) шектеулерді сақтамау әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік қызметті тоқтатуға негіз болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғау қызметкерлері, әскери қызметшілер мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (бұдан әрі - қызметкер) үшін құнды және моральдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт-бағдарлар жүйесін құру арқылы ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

2. Өзінің күнделікті қызметінде ішкі істер органдарының қызметкері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстануы және оны кезең-кезеңмен қолданысқа енгізуі;
2) заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауы;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуі;
4) қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, ішкі істер органдарының атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі;
5) мүдделердің жанжалы туындағаны, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке қызығушылығы туралы, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа және сыйлықтар алуға бейімділігі туралы тікелей немесе тура басшысына баяндауы;
6) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және (немесе) пайдакүнемдік қызығушылықтарды басшылыққа алмауы;
7) маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүруі;
8) басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеуі және мұндай іс-әрекеттерді көтермелемеуі;
9) әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуі;
10) қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмауы;
11) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауы;
12) егер жақын туысқандық және отбасылық қарым-қатынастардағы адамдар (әке-шешелері, жұбайылары, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, оларды лауазымға тағайындаудан бас тартуы;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуы;
14) сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілері, оның ішінде материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі не болмаса әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндауы;
15) орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күдіктілігі туралы тура немесе тікелей басшысына дереу жазбаша түрде хабарлауы;
16) егер тікелей басшысының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуі;
17) жоғары құқықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануы және әріптестерінен талап етуі;
18) туындауы мүмкін мүдделер жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және олардың салдарларының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шараларды ұдайы негізде қабылдауы;
19) кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуды ұстануы;
20) үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден немесе қамқорлық жасаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүруі;
21) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауы;
22) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбауы тиіс.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету, лицензиялық-рұқсат функцияларын іске асыру және халыққа өзге де қызмет көрсету кезінде қызметкерлерге:
1) мемлекеттік қызметтер тұтынушысы ретінде халықтың сұрау салуларын негізге ала отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды ұдайы негізде қабылдау;
2) мемлекеттік қызметтер, лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алуға арыздарды қарау кезінде әуре-сарсаңға салу фактілеріне жол бермеу, оларды белгіленген мерзімдерде беру;
3) мемлекеттік қызметтер, лицензиялар мен рұқсаттар алуға келген арыз иелерімен қызметтік емес қарым-қатынастарға түспеу;
4) құқық бұзушылықтар және (немесе) қылмыстар жасауға бейімделуге әрекеттер жасау туралы басшылыққа баяндау;
5) «бір терезеден беру» қағидасын сақтау, мемлекеттік қызметтер, лицензиялар немесе рұқсат құжаттарын алуға келген арыз иелерімен тікелей байланысты барынша азайту;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету, лицензиялар немесе рұқсат құжаттарын алу үшін бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеу және сұратпау;
7) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қарау үшін қабылданған арыздар туралы, сондай-ақ оларды қарау дәрежесі туралы мәліметтерді автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне (олар болған жағдайда) уақтылы енгізу ұсынылады.

4. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік және өзге де бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ жедел-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге:
1) азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде өзін таныстырудан (қызметтік куәлігін көрсете отырып, өзінің лауазымын, атағын және тегін айту) жалтармау;
2) өзі үшін немесе үшінші адам үшін заңсыз материалдық пайда алу мақсатында арандату сипатындағы кедергілер немесе өзге де жағдайлар жасамау;
3) қызметтік міндеттерін орындау және алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде техникалық құралдар бар болған жағдайда қоршаған ортадағы жағдайды, азаматтардың іс-әрекеттерін, оның ішінде ІІО қызметкерінің өзінің барлық іс-әрекеттерін аудио-бейнежазбаға жазу, өз қарауы бойынша аудио-бейнежазба құралдарын сөндірмеу, сондай-ақ жазбаны өшірмеу;
4) қызметкерлердің іс-әрекеттері мен талаптары азаматтарға түсінікті болуы үшін қажетті шараларды қабылдау;
5) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің басқа да нормалары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды қасақана дұрыс сараламау фактілеріне жол бермеу;
6) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері табылған жағдайда кез-келген себептер бойынша әкімшілік жауапкершілікті жасыру және оған тартпау фактілерін болдырмау;

5. Сотқа дейінгі тергеулерді және қылмыстарды ашу, тергеу және жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге:
1) сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша оң шешім қабылдағаны үшін, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында пара алуға бейімдеу жағдайлары туралы басшыға дереу хабарлау;
2) сотқа дейінгі тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі болған мәліметті таратпау;
3) шешіміне мүдделі материалдар бойынша өзін-өзі шеттету туралы тікелей басшысына өтініш жасау;
4) құжаттар мен өзге де дәлелдемелерді жасыруға жол бермеу;
5) адамдарды жауапкершіліктен және сот төрелігінен жалтаруға жол бермеу және ықпал етпеу;
6) адамдардың есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе алкогольдік ішімдіктерді алуына көмек көрсетпеу;
7) жедел-іздестіру қызметін жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету;
8) жедел-іздестіру іс-шаралары мен сотқа дейінгі тергеулерде дәлелдемелерді бұрмалау фактілеріне жол бермеу ұсынылады.

6. Қылмыстық және әкімшілік жазаларды орындауды ұйымдастыру кезінде қызметкерлерге:
1) жазасын өтеп жатқан адамдардың туған-туыстарымен жеке не болмаса қандай да бір қарым-қатынастарда болмау;    
2) қамауда ұстау және бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды бергені үшін заңсыз сыйақы алуға бейімдеу жағдайлары туралы тікелей басшылығына хабарлау;
3) қамауда ұстау және бас бостанддығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың пайдалануға тыйым салынған заттарды пайдалану фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ олардың кіру тәсілдерін анықтау;
4) қызметкердің жазасын өтеп жатқан адамдармен қызметтік емес қарым-қатынастары туралы тікелей басшылығына баяндау ұсынылады.

7. Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды жою кезінде қызметкерлерге:
1) жеке не болмаса үшінші адамдардың мүдделеріне сеніп тапсырылған өрт және арнайы техниканы, жабдықтар мен керек-жарақтарды авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізумен байланысты емес жұмыстарға пайдалану фактілеріне жол бермеу;
2) төтенше жағдайдың себептерін анықтау кезінде жеке қызығушылыққа жол бермеу не болмаса оны туындауының объективті себептерін жасыру мақсатында үшінші адамдардың мүдделері үшін әрекет жасамау;
3) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактілеріне жол бермеу;
4) жанар-жағармай материалдарының, тауар-материалдық бағалы заттардың жұмсалуына және есептен шығарылуына ұдайы бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

8. Ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін заңды және жеке тұлғаларды тексеруді ұйымдастыру кезінде қызметкерлерге:
1) жеке мүдделеріне және үшінші адамдардың мүдделеріне тексерістерге бастамамашылық жасауға жол бермеу;
2) тексерілетін субъектілердің есебінен тексеріс іс-шараларын алып тастау;
3) тексерілетін субъектілерге заңсыз талаптар қоймау, тексеріске жатпайтын өтініштермен жүгінбеу;
4) тексерісті жүзеге асыру кезінде тексеріске жататын қажетті ақпаратты тексерілетін субъектіге ұсыну;
5) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 140-бабының               3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеріс аяқталған күні жүргізілген тексерістің нәтижелері туралы актімен тексерілген субъектіні таныстыру;
6) жеке және (немесе) пайдакүнемдік мүдделерде кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне қолдау көрсетпеу;
7) тексерістерді жүзеге асыру кезінде тексеріліп жатқан кәсіпкерліктің субъектілерінен тексеріске жатпайтын құжаттарды талап етпеу ұсынылады.

9. Қызметкерлерді іріктеу және орналастыру жөніндегі кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде басшылар мен қызметкерлерге:
1) меритократия қағидасын басшылыққа алу;
2) жоғары тұрған лауазымға тек ішкі істер органдарының кадрлық резервінде тұрған адамдар қатарынан ғана тағайындау;
3) қызметкерлерді лауазымға тағайындауға арналған материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау және бақылау;
4) ішкі істер органдарына қызметке қабылдау кезінде ІІО қызметкеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру;
5) қызметкерлер қызметтік тұрғын үй алуда мүдделерін заңсыз білдіру не болмаса қамқорлық көрсетуге жол бермеу;
6) нақты тұру мәніне тексеріс жүргізу арқылы қызметкерлерге тұрғын үй өтемақысына бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету ұсынылады.

10. Барлық деңгейдегі басшылар қарамағындағылармен қарым-қатынастарда:
1) рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;
3) қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;
4) қарамағындағыларының қызмет нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту;
5) қарамағындағыларға нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;
6) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
8) қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;
9) қарамағындағы қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындайтын мүдделер дауын реттеу бойынша жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау;
10) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау;
11) қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;
12) қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;
13) қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу;
14) өзінің мінсіз жүріс-тұрысымен қарамағындағы қызметкерлерге үлгі көрсету ұсынылады.

11. Басшы оның қарамағындағы қызметкерлердің арасында осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастырады.  

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.
ШҚО ТЖД құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ШҚО ТЖД штаттық саны 225 адам. ШҚО ТЖД құрылымына 3 басқарма, 8 бөлім, 7 топ, 1 Штаб (топ құқығындағы) кіреді. Сонымен қатар ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер - Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдеріне, «ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ға басшылық жасайды.
ШҚО ТЖД бастығының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 88 бұйрығына сәйкес ШҚО ТЖД жұмыс тобы ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімі (бұдан әрі ТЖЖБ) жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауын жүргізді. Ішкі талдау 2016 жылғы 19 сәуірден 28 сәуірге дейін мына бағыттар бойынша жүзеге асты - ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің талдауын анықтау.
ТЖЖБ штатық саны – 4 қызметкер. ТЖЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.М.Қапышев, лауазымға ШҚО ТЖД бастығының 2015 жылғы 29 қазандағы № 163 ж/қ бұйрығымен қызметте жоғарылау тәртібімен тағайындалды. Сондай-ақ қызметте жоғарылау тәртібімен бас мамандар азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.С.Нугуманов – ШҚО ТЖД бастығының 2015 жылғы 22 маусымдағы № 88 ж/қ бұйрығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж.К.Токушев – ШҚО ТЖД бастығының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 194 ж/қ бұйрығы. Бас маман Л.Е.Сенько (әкімшілік мемлекеттік қызметші) лауазымға ГШҚО ТЖД бастығының 2014 жылғы 12 қарашасында № 219 ж/қ бұйрығымен тағайындалған.  Л.Е.Сенько қайта ұйымдастырылуға дейін 2008 жылғы қыркүйектен бастап Төтенше жағдайларды жою басқармасында жұмыс істеген.
Мамандардың ауысуы ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер мен қызметкерлердің шекті жасқа жетуіне байланысты болды.
Бөлімде мүдделердің келіспеушілігі жоқ.
Лауазымдық міндеттерге сәйкес ТЖЖБ бастығы А.М.Қапышев ШҚО ТЖД бастығының 30 қарашадағы № 215 бұйрығына сәйкес ШҚО ТЖД аумақтық аттестаттау комиссиясының құрамына енгізілді, ШҚО ТЖД бастығының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 112 бұйрығына сәйкес бас маман
Н.С.Нугуманов аумақтық аттестаттау комиссиясының хатшысы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес ШҚО ТЖД мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: 1. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»; 2. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарды тіркеу (есепке алу).
Аталған қызметтерді көрсету бойынша ақпарат ШҚО ТЖД ресми сайтында орналастырылған.
2016 жылғы 1-тоқсанда ШҚО ТЖД ТЖЖБ 2 мемлекеттік қызмет көрсетті: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ-дан авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құқық беретін куәлік алу үшін аттестаттау. ШӨАЖҚЖ тіркеу.
ШҚО ТЖД ШӨАЖҚЖ өтінішін белгіленген тәртіпте белгіленген мерзімдерде қарастырды және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушы хабардар етілді.
ШҚО ТЖД ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналастырылды – ШӨАЖҚЖ төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу қызметін іске асыруға аттестаттау, ШӨАЖҚЖ тіркеу.
2016 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
ТЖЖБ туралы ережеге сәйкес осы құрылымдық бөлімшеде рұқсат беруші және бақылау функциялары жоқ.
ТЖЖБ қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
2016 жылғы 4 сәуірде Штаб (топ құқығындағы) ТЖЖБ қызметінің жұмысына тексеру жүргізді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жыл асынан бері өз құзыреті шегінде ТЖЖБ Департаменттің авариялық-құтқару қызметері мен құралымдарының қызметін басшылық жасайтын төтенше жағдайларды жою саласындағы жедел жоспарлау мәселелері бойынша іздестіру жұмысын көрсету бойынша 9 өтініш келіп түсті, оның ішінде 7-уі жеке тұлғалардан.
ШҚО ТЖД сайты мен БАҚ-та талданатын кезең бойыншаТЖЖБ қызметі бойынша сыни мақала болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдау нәтижесі бойынша ТЖЖБ-ға ұсыныс берілді:
1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде төтенше жағдайларды жоюға басшылық жасау, ұйымдардың материалдық –техникалық ресурстарын жұмылдыруды жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен кезде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шараларды қолданыстағы Регламент пен Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес көрсету.
3. Мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды қауіпсіздік қажеттігі туралы, төтенше жағдайларды жою шаралары туралы хабардар етуді ұйымдастыруға қатысу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

1. Кіріспе бөлім
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәні – мемлекеттік органның қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2016 жылғы 1 сәуірде басталды, 2016 жылғы 10 сәуірде аяқталды.
4. Бақыланған кезең: 2016 жылғы 1-тоқсандағы қызмет.

ІІ. Ақпараттық-аналитикалық бөлім.
2016 жылғы 1-тоқсанда ШҚО ТЖД заң тобы ШҚО ТЖД бойынша 63 бұйрық жобасын, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бойынша 41 бұйрық жобасына құқықтық сараптама жүргізді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың толықтығы, объективтілігі, негіздемесі қорытындылап, қарастырылды.
2016 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы 1352 қызметтік құжат, заңды тұлғаның 10 өтінішін, жеке тұлғалардан 30 өтініш тіркеді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады. Қайталанған өтініштер келіп түскен жоқ. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілген жоқ.
2016 жылғы 1-тоқсанда ШҚО ТЖД ТЖЖБ 2 мемлекеттік қызмет көрсетті:

1.«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау». Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құқық беру үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ (бұдан әрі ШӨАЖҚЖ) жедел дайындығын тексеріліп, мерзімдік аттестаттау жүргізілді. 
2. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарды тіркеу (есепке алу)». Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген мерзімінде ШӨАЖҚЖ тіркелді.
2016 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау мақсатында Департамент қызметкерлері шаруашылық жүргізуші объектілер мен мемлекеттік мекемелердің өртке қарсы жағдайына 223 тексеру жүргізді, оның ішінде ерекше жағдай бойынша201, жоспардан тыс – 23.

Меншіктің барлық түрі бойынша тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарының 890 бұзушылығы анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығына жол бергені үшін 123 жеке тұлға мен заңды тұлға жалпы сомасы 3881430 теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1390290 теңгеге 49 айыппұл өндірілді. ҚР ӘҚтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау).

Қазіргі таңда барлық материал деректері сот органдарында қарастырылуда.
Өртті туындауға кінәлі 134 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 103 жеке тұлға ескертілді.
2016 жылға арналған бекітілген ШҚО ТЖД бақылау-тексеру іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 тексеру жүргізілді.
2016 жылдың өткен кезеңінде ШҚО ТЖД 3 қызметтік тергеу жүргізді, соның ішінде:
- ШҚО ТЖД-ға келіп түскен Семей қаласы ТЖБ қызметкерлерінің Шәкәрім көшесі, 68 және Тәңірбергенов көшесі, 31 мекенжайындағы «Семей қаласы зейнеткерлеріне әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ объектілерін бақылау тексеруді жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекеттеріне Р.Т.Жармухамбетованың шағымы бойынша ҚР ІІМ ТЖК 19.01.2016 жылғы № 29-6-1/149-И және Семей қ. прокуратурасының 15.01.2016 жылғы № 2-150407-16-00495 хаты бойынша. Осы факті бойынша Семей қ. ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры А.С.Рустемоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша аталған фактілер расталған жоқ.
- ШҚО ТЖД-ға 01.02.2016 жылғы № 220 «Смак Дистрибьюшн» ЖШС-дан Семей қаласы, Загородная көшесі, 4 мекенжайындағы «Алем» дүкеніндегі өрт фактісі бойынша ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ ӨМББ бұрынғы қызметкері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж.К.Сыздыковтың (қазіргі таңда ол ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 2 жасақтың 7-ӨСБ бастығының орынбасары лауазымында) 09.05.2014 жылғы № 48 қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығару кезіндегі процессуалдық іс-қимыл тәртібінің заңдылығын тексеру мәселесі бойынша шағымы. Аталған факті бойынша Ж.К.Сыздыковқа қатысты қызметтік тергеу жүргізілді, шағымда көрсетілген фактілер расталды.
Ж.К.Сыздыков қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтау қажеттігі туралы жазбаша ескертілді;
- ШҚО ТЖД Үржар ауданы ТЖБ қызметкерлерінің ҚР ҰҚК ШҚ 2086-ә/б шекара заставасын тексеру және 2016 жылғы 6 наурыздағы 2086 ә/б «Барлық-Арасан» шаруашылық мақсаттағы № 5 шекара заставасындағы өрт фактісі бойынша ҚР ІІМ ТЖК төрағасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 29-6-1/830-И нұсқауы бойынша. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Үржар ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Б. Саянов тәртіптік жауакершілікке тартылды (ШҚО ТЖД 05.04.2016 жылғы № 62 ж/қ бұйрығы).

2016 жылдың қаңтар-наурызында ШҚО ТЖД әр қызметкерін (әскери қызметшілер) тұрғын үйді жалға алу бойынша өтемақы алатын жерін нақты тұратыны бойынша тексеру үшін 6 жеке тексеру жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
2016 жылғы 1-тоқсанда уәкілетті органдар ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне 6 тексеру жүргізді, соның ішінде: облыс, қалалар мен аудандар прокуратурасы – 6, ШҚО ІІД-1.
Тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар ұсынылды. Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу анықталған жоқ.
Тоқсан сайын ШҚО бойынша ҚР Бас Прокуратурасының Құқытық статистика және анайы есепке алу комитеті басқармасы сыбайлас жемқорлық (қылмыстық) құқықбұзушылық және қылмыс бойынша салыстырып тексеру жүргізеді, өткен мерзімде Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық жасау фактілері тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мен білім беру:
2016 жылдың 1-тоқсанында ШҚО ТЖД бастығының жанындағы аппараттық кеңесте, ШҚО ТЖД жеке құрамының сабақтарында тұрықты түрде ІІО қызметкерлерінің жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілері ақпараты жеткізіледі.  Жыл басынан бері ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ, қалалар мен аудандардың ТЖ басқармалары мен бөлімдеріне тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жағдайы туралы 2 шолу жолданды.
Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге зерделеу үшін ҚР заңдары жолданды: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» (23.11.2015 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасы еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп ережесі), Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексі.

Кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақ жоспарларына сәйкес (құқықтық жаппай оқыту) ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жоғарыда аталған заңдарды зерделеу бойынша сабақтар өткізілді. Жеке құрам қол қоя отырып Сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру механизмі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу, сондай-ақ сатып алудан бас тарту жағдайында оны сату тәртібін көздейтін тұлғалар үшін әзірлеген Жадынамамен танысты. Сондай-ақ жеке құрамға «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2016-2017 жылдарға  арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығы, ШҚО ТЖД бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жоспары жеткізілді.
ШҚО ТЖД үнемі сыбайлас жемқорлық профилактикасы мен күресуге бағытталған шаралар өткізіледі.

Мысалы, 2016 жылдың 1-тоқсанында 12 дөңгелек үстел, «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, кәсіпкерлермен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік органның қызметін реттейтін ҚР заңдарын түсіндіру, «сенім телефондары»  туралы хабардар ету бойынша шаралар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау

ШҚО ТЖД сайтында www.vkogps.kz арнайы тарау жұмыс істейді – Сыбайлас жемқорлықпен күрес (http://www.vkogps.kz/ru/corruption.htm). Аталмыш тарауда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» ҚР Заңы, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат, өзге материалдар орналастырылған.

ШҚО ТЖД сайтына күн сайын орташа есеппен шамамен 800 адам кіреді.
ШҚО ТЖД сайтында басты бетте, құрылған Twitter (@vko112), ВКонтакте (ШҚО ТЖД), Facebook (ШҚО ТЖД) әлеуметтік парақтарда 2517 жазылушы бар, ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны орналастырылған.
2016 жылдың 1-тоқсанында ШҚО ТЖД-ға қатысты БАҚ-та сыни материалдар жарияланған жоқ.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
ШҚО ТЖД қызметің ішкі мониторингінің қорытындысы бойынша ұсынылды:
1. Тұрақты түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қызметінің қызметкерлерін тарта отырып қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жапай оқыту жүргізу.
2. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен дөңгелек үстелдер, акциялар, кездесулер өткізу.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру.
4. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасы ету.

 

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стргатегияны жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету мақсатында,   ШҚО ТЖД-ның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2016-2017 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес    жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облсының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-ШҚО ТЖД) 2016 жылы сыбайлас жемқорлықпен күресу тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені ұйымдастырылды. Қоғамның ішкі істер органдары қызметкерлеріне деген сенімін арттыру, қызметкерлерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» шыдамдылықты қалыптастыру және ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету Бағдарламаның мақсаты болып табылады.

2016 жылғы 6 қаңтарда ШҚО ТЖД бастығы бекіткен ШҚО ТЖД кәсіптік қызметтік дайындық бойынша сабақтар жоспарына «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін,  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексін және т.б., түсіндіру бойынша сабақтар қосылды.  Сабақтар ШҚО ТЖД, «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ, қалалар мен аудандардың ТЖ басқармаларының/бөлімдерінің оқу-тақырыптық жоспарларына сәйкес өткізілді. Жеке құрам сыйлықтарды арнайы мемлекеттік қорға тапсыру механизмі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу тәртібімен, сондай ақ бас тартқан жағдайда оны сату тәртібін қарастыратын жадынамамен қолын қоя отырып таныстырылды.

Мемлекеттік қызметтің оң бейнесі мен имиджін қалыптастыру мақсатында жеке құрамға ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекетитік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес агенттігі департаментінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 7-04-04/1950 хаты және  «Антикоррупционное поведение – важнейший профессиональный стандарт, основанный  на особом доверии со стороны общества и государства» диалог алаңының нәтижесі бойынша хабарлама жеткізілді.
ШҚО ТЖД ұжымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ісмет істері жөніндегі министрлікпен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық ету туралы ашық келісімшартқа қосылды.  
Қызметкерлерге құқықтық білім беру мақсатында қызметке жаңадан келген қызметкерлер үшін негізгі міндеттерді, тыйымдарды, шектеулерді, Қызметтік жүріс-тұрыс стандарттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексіне сәйкес қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрыс туралы түсіндіруге бағытталған негізгі іс-шаралар атқарылады. Осы Кодекстің мәтіні жергілікті мемлекеттік органдардың ғимараттарында, қол жетімді жерде орналастырылған.
2016 жылы ШҚО ТЖД аппараттық кеңестерінде тұрақты негізде азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері қарастырылған, ІІО қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары фактілері туралы ақпарат жеткізіліп отырды.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып, арнайы тексерістер жүргізілді, 2016 жылы ШҚО ТЖД және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ екі полиграф сатып алынды. ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекетитік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес агенттігі департаменті басшысының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 7-03-08/1524 нұсқауына сәйкес ШҚО ТЖД 2016 жылғы 1 сәуірден 2016 жылғы 10 сәйуірге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, нұсқауына сәйкес жылдың басынан бері ТЖД 1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, 2016 жылдың 1 тоқсанында ШҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінде сыбайлас тәуекелдерге 1 ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД ТЖЖБ мемлекеттік қызмиеттерді көрсетуге өтінімдер келіп түскен кезде қолданыстағы Регламент пен Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шаралар қабылдау ұсынылған.
ШҚО ТЖД екі мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
1. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау;
2. авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын (есептік) тіркеу; 

2016 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 
Қызметкерлерге, мемлекеттік қызмет сапасына және мемлекеттік қызметтерді өткізу мерзімдеріне шағымдар келіп түскен жоқ. 
ШҚО ТЖД сыбайлас жемқорлық профилактисаны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Жылдың басынан бастап ШҚО ТЖД , ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде (қалалар мен аудандардың ТЖ бөлімдері мен басқармаларында) жеке құраммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 59 сабақ, 34 дөңгелек үстел,  «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 21  іс-шара өткізілді.  Өскемен қ., Семей қ., ТЖБ, Бесқарағай, Глубокое, Шемонаиха аудандарының ТЖБ «Нұр Отан» артиясының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дөңгелек үстелдер, лекцияларды өткізе отырып семинарлар өткізілді.

2016 жылғы 13 сәуірде ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекетитік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес агенттігі департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді, онда ІІО қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарын жасау фактілері, соттардың қарастыру қорытындылары, кінәлілерге және басшыларға қабылданған шаралар қарастырылған, сыбайлас жемқорлыққа тартылған фактілер бойынша бейнематеиалдар көрсетілді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін,  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексін зерделеу 2016 жылғы кәсіптік-қызметтік дайындық бойынша сабақтар жоспарына сәйкес өткізілді. Жаңа Этикалық кодекспен регламенттелген моральдық-этикалық принциптерге, соның ішінде сыйлық қабылдамау және мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс стандарттарын сақтауға айырықша мән берілді.

2016 жылғы 22 қыркүйекте ШҚО ТЖД және «ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамы үшін ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес агенттігі департаментімен ұйымдастырылчған ақпараттық-үгіттеу тобының семинары өткізілді.  Өз сөзінде ШҚО бойынша ҚР Мемлекетитік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы С.М.Кожахметов, ШҚО бойынша   сыбайлас жемқорлыққа қарсы куресу  жөніндегі   Ұлттық бюро департаментінің бөлім басшысы Н.Т.Жиенбаев, ШҚО мәсліхатының депутаты, «НұрОтан» партиясының ШҚО филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшесі О.В.Чернышов, діни қайраткерлер ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.

2016 жылғы 09 желтоқсанда ШҚО ТЖД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні аясында ШҚО ІІД дерьбес қауіпсіздік басқармасы қызметкерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды. Дәріс тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс – құқыққорғау органдары қызметкерінің қызметтік  іс-әрекетінің құрамдас бөлігі».

2016 жылғы 14 желтоқсанда ШҚО ТЖД ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекетитік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес агенттігі департаментінің Бақылау басқармасының бас маманының қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Құлықтық-эстетикалық тәрбие және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін сақтауы».

Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы куресу бойынша қабылданатын шаралар туралы ІІМ және оның аумақтық органдарының интернет-ресурстарында арнайы бөлімдердің қызмет етуі туралы бағдарлама тармағын жүзеге асыру бойынша ШҚО ТЖД www.vkogps.kz ресми сайтында басты мәзірде ( http://www.vkogps.kz/ru/corruption.htm) «Сыбайлас жемқорлықпен куресу» бөлімі орналасқан, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Қазақстан Республикасының   сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2016-2017 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша  ақпарат, жауапты мемлекеттік лауазымды алып отырған тұлғалардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалардың, оларға теңестірілген тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Президенті , Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімі болуға үміткерлерден, сондай ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдарына мүшелерден бөлек), лауазымды тұлғалардың, сондай ақ аталған функцияларды атқаруға уәкілетті болып табылатын (бұдан әрі-тұлғалар) алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру бойынша  жадынамалар орналастырылды.
ШҚО ТЖД сайтын орта есеппен күніне 800 адам кіреді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Tолығырақ...

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау  туралы ақпарат

Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 мамырдағы № 426 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2015 жылы сыбайлас жемқорлықпен күресу тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар кешенін жүзеге асырды.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде (бұдан әрі ШҚО ТЖД), ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде (облыстың қалалары мен аудандарының ТЖ басқармалары мен бөлімдері) азаматтық қорғау органдарының қызметін түсіндіру үшін орта және шағын бизнес, мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізу тәжірибесі жалғасуда. Мәселен, Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы кәсіпорындар, газбен қамту ұйымдары, мұнай өнімдерін сақтау объектілерінің өкілдері, білім беру объектілерінің басшыларымен, жылу энергетикамен қамту объектілері басшыларымен, ЖПК төрағаларымен, ШҚО кәсіпорындары мен ұйымдарының қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлердің қатысуымен конференциялар, Согра кентінің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі бойынша акция ұйымдастырылды. Осы кездесулерде азаматтық қорғау органдары қызметкерлері түрлі объектілерде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау жүзеге асыру тәртібін, өрт шыққан кездегі іс-қимыл ережелеріне үйрету, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білу, заңнамалық актілердегі өзгерістерді түсіндіру, «сенім телефоны» туралы хабардар етуді түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлық танымды, сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамау атмосферасын, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ШҚО ТЖД қоғамдық өмірінің барлық салаларында ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері тұрақты негізде  «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырды. Мәселен, 2015 жылғы 2 наурызда ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Т.К. Жұмағұловтың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Ол өз баяндамасы барысында барлық қатысушыларды 2015-2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен таныстырды. 2015 жылғы 16 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екибасованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, онда «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасы талқыланды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде 2015 жылдың басынан бері мыналар өтті:
Өскемен қаласының ТЖБ – 2015 жылғы 10 маусым, 2015 жылғы 17 қараша «2015-2025 жж. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен.
Семей қ. ТЖБ – 2015 жылғы 15 маусым – «Ұлт жоспары – бес конституционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз». Семей қ. ТЖБ бойынша барлығы «Нұр Отан» ХДП филиалы, «Атамекен» НП, жеке кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдің» 8 отырысы, «Нұр Отан» ХДП филиалы өкілдерінің қатысуымен екі акция өтті.
Риддер қ. ТЖБ – 2015 жылғы 5 наурызда – «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының қатысуымен семинар. 2015 жылғы 3 маусым – Риддер қ. ТЖБ қызметкерлері «сыбайлас жемқорлық – қоғамға төнген қауіп» атты «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. 2015 жылғы 13 қазанда «ҚР ІІМ органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің қатысуымен Риддер қ. ІІО, 4-МӨСБ, 4-ӨСБ қатысты.
Шемонаиха ауданының ТЖБ -2015 жылғы 15 маусымда «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
2015 жылғы 17 қарашада қоғамдық кеңес отырысы өтті, онда ШҚО ТЖД-да 2011-2015 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша салалық бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қарастырылды. Отырыста М.А. Мишин - «Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Өскемен қаласының құрметті тұрғыны,  Б.С. байбосынов – ШҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынга бөлімнің сарапшысы, ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме бастықтары мен басшылары қатысты.
ШҚО ТЖД, ведомвстолық бағынысты мемлекетік мекемелері бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста.
ШҚО ТЖД сайтының басты бетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы слайд көрсетілді.
«YouTube» - vko112 парақшасында – ШҚО ТЖД бастамасымен әзірленген «Пара» (қазақ тілінде), «Жемқорлықпен күрес» ролигі орыс тілдерінде орналастырылған – 259 рет көрген. 
ШҚО ТЖД бейнестудиясында сыбайлас жемқорлық бойынша ролик түсірілді, қазіргі таңда монтаждалу үстінде және «YouTube» парақшасына орналастырылатын болады.
Семей қ. орталық көшелеріндегі «LED-мониторда» «сенім телефоны» бар имидждік ролик көрсетілді.
Ай сайын ШҚО ТЖД ресми веб-сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша материалдар орналастырылады. Барлығы 14 ақпарат орналастырылды:
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау бойынша» - 16.01.2015 ж.
«2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша орындалған жұмыс туралы ақпарат» - 27.02.2015 ж.
«Өртке қарсы қызметінде сыбайлас жемқорлықпен күрес» - 02.0.3 2015 ж.
«Сенім телефоны деген не және оған не үшін қоңырау шалу қажет?» - 24.04.2015 ж.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ ісіміз» - 18.05.2015 ж.
«Қаланың ТЖ басқармасында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талқыланды» - 10.06 2015 ж.
«Қорытынды жасады» - 09.06.2015 ж.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» - 08.07.2015 ж.
«Прокуратура өкілдерімен семинра сабақ» 14.08.2015 ж.
«Басты әлеуметтік зұлымдық – сыбайлас жемқорлықпен күрес» - 08.09.2015 г.
«Күн тәртібінде – сыбайлас жемқорлықпен күрес» - 09.09.2015 г.
«Жемқорлыққа жоқ» - 6.10.2015 ж.
«2015-2025 жылдардағы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» шеңберінде дөңгелек үстел – 17.11.2015 ж.
«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» - 23.11.2015 ж.
Мәзірлер тарауында – «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тарауы орналасқан, онда мыналар орналастырылған: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, 2014 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бойынша ШҚО ТЖД орындаған жұмысы туралы есебі.
«Пожарный и спасатель» журналына «Теріс құбылыс қоғамға жат» 2015 жылғы маусымдағы № 6 нөмірінде жарияланды.
Апта сайынғы «Из рук в руки» жеке хабарламалар газетінде 2015 жылғы наурыздан бастап «ДЧС ВКО сообщает» айдары шығады. Газеттің орташа айлық тиражы 28000 дана. Осы басылымда «Платите штрафы вовремя», «Борьба с главным социальным злом – коррупцией» мақалалары шыққан. Семей қ. ТЖБ ӨМББ «Вести Семей», «Семей таңы», Спектр, «наше дело», Арна», «Купи-продай» газеттерінде мақалар шықты, сондай-ақ облыстың аудандық газеттерінде сыбайлас жемқорлыққақ қарсы тұру туралы мақалалар басып шығарылды.
ШҚО ТЖД бөлімшелерінде 32 дәріс өткізілді.
БАҚ-та үнемі ШҚО ТЖД сенім телефоны хабарланып, жарияланады – 57-01-44 және ҚР ІІМ ТЖК – мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 e-mail: mchs@emer.kz . сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар үшін: e-mail: corrupt@emer.kz.
ҚР ІІМ ТЖК сенім телефоны 8 7172 32 32 86.
Бақылаушы органдардың сенім телефоны, қызметтік жұмысы, заңнамалақы базалардағы өтгерістер туралы халықты хабардар ету мақсатында мыналар дыбысталып, материалдар жарияланды: баспада – 27, теледидарда – 4; радиода – 31.

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақ аталған функцияларды орындауға уәкілетті кандидаттары болып табылатын тұлғалардың алған сыйлықтарын мемлекеттік мүлікті басқару немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру бойынша Жадынама

1) Тұлғалар сыйлықты алу (анықтау) күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде (тұлға білмей келіп түскен; тұлғаның лауазымдық жағдайы немесе қызметтік міндеттерді орындауға байланысты алған; лауазымдық жағдайы немесе қызметтік міндеттерді орындауға байланысты халық алдында немесе ресми іс-шаралар кезінде тапсырылған (берген) Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі ЖАО) тапсырады.
Сыйлықты тапсыру тұлғаның сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі хабарлама) қоса ұсына отырып уәкілетті орган немесе ЖАО-ның белгіленген нысан бойынша жасаған тізімдеме, бағалау және (немесе) мүлікті қабылдау-табыстау актісі бойынша жүзеге асырылады.
2. Хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс:
уәкілетті орган немесе ЖАО-ның атауы;
сыйлықты тапсыратын тұлғаның аты-жөні, тегі, лауазымы, жұмыс орны, байлагыс телефоны;
сыйлықтың атауы, саны мен қысқаша сипаттамасы;
сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тартуға келісу туралы ақпарат;
бұл ретте, сыйлықты сатып алған кезде хабараламада жоғары тұрған лауазымды тұлға сатып алуға келісу туралы белгі қояды (мөрмен бекітілген аты-жөні, тегі, лауазымы, қолы);
3. Тұлғаның ЖАО-ға сыйлықты тапсыру кезінде ЖАО 5 жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны уәкілетті органға жолдайды. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар әкілетті органға есепке алу, сақтау және бағалауды ұйымдастыру үшін табысталуға жатады.
4. Уәкілетті органның сыйлықты алған тұлғадан тиісті хабарламаны алғаннан кейін 7 күнтізбелік күні ішінде уәкілетті орган сыйлықты бағалайды және аталған тұлғамен сатып-алу-сату шартын жасайды.
Бұл ретте тұлғаның ЖАО-ға тапсырғаннан бағалау және сатып-алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алған сәттен бастап есептеледі.
5. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғаның жазбаша бас тартуынан кейін сыйлықты үшінші тұлғаларға арнайы мемлекеттік қордан сатуға құқылы.

Анықтама үшін: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 472-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес  сыйлық түріндегі мүлікті  уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – әкімшілік-құқықтық жауаптылық көзделген.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 12:29 / 2017-06-09 11:47