Басшылық

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Код: 7232

070004, А. Протозанов к. 97/1 info@vkogps.kz
dchs_vko@emer.kz
Мадьяров Нурлан Абильбаевич Мадьяров Нұрлан Әбілбайұлы  Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.(өмірбаян)
Лауазымдық міндеттері: Департамент бастығы қызметінің мақсаты Департамент қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын төмендету.
Департамент бастығы өз қызметінде  ҚР Конституциясын, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын,  сондай-ақ кодекстемен және нормативті құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Заңнамада көзделген шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді. Депаратментті өз өкілеттігі шегінде Министрлікте, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда танытады. Бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ нұсқаулар береді. Біріңғай кадр саясатын жүргізеді.
Департамент қызметінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Департамент бастығы болмаған жағдайда оның міндетін орынбасарлары атқарады.
қабылдау бөлмесі – 57-00-03
Ломыгин Александр Анатольевич Бас. орынбасары - Ломыгин Александр Анатольевич.(өмірбаян)
Лауазымдық міндеттері:Департамент бастығының орынбасарына келесі міндетер жүктеледі: ТЖ алдын алу және жою, АҚ және жұмылдыру дайындығы бойынша Департменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметіне басшылық ету.Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алуды және жоюды ұйымдастыру. АҚ іс-шаралырын орындауға мемлекеттік бақылады ұйымдастыру. ТЖ саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру. Ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарының жұмылдыруын қамтамасыз етеді. Бейбітшілік және соғыс уақытында АҚ жоспарын әзірлеуге бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, тұрақты мониторингті ұйымдастыру,талдау жүргізу, ТЖ туындауын болжау.
Департамент бастығының орынбасары уақытша болмаған жағдайда оны Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы алмастырады.
қабылдау бөлмесі – 57-00-03
Әбділов Қанат Тұрдыбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары -Әбділов  Қанат Тұрдыбекұлы (өмірбаян)
Функционалдық міндеттері: Департамент бастығының орынбасарына мына міндетер жүктеледі: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Азаматтық қорғау, өрт қауіпсіздігі, салааралық үйлестіру, өрт қауіпсіздігі саласында, Азаматтық қорғау шараларының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, ШҚО төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету; төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есепке алудың жүргізілуіне бақылау жасау; өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылық ету; ШҚО аумағында өртке қарсы және авариялық-құтқару құрылымдарының қызметін үйлестіру; ведомстволығына қарамастан объектілер мен елді мекендерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күреске дайындығына бақылау жасау; автоматты өрттерді анықтау және сөндіру құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылдау;
 

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 12:35 / 2019-05-03 13:00