Департаменттің регламенті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің регламенті

1. Жалпы ереже

  1. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда тиісті облыстар, Астана және Алматы қалалары аумақтарындағы азаматтық қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің  (бұдан әрі– Комитет) аумақтық бөлімшелері болып табылады.
  2. Департаменттің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Азаматтық қорғау туралы», «Құқыққорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Департамент туралы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

3. Осы Регламенттің ережелері тасымалдағыш түріне қарамастан, белгіленген тәртіпте электрондық цифрлық қолтаңба тексерісінің оң қорытындысы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда құжаттармен (мемлекеттік құпиялардан және «ҚБПҮ» белгісімен таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын) құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға таратылады.
4. Басқарушылық қызметін құжаттандыруды ұйымдастыру тәртібі және құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру тәртібі қағаз және электрондық тасымалдағыштарда және «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттармен Департамент құрылымында құжаттамалық қамтамасыз ету тобы жүзеге асырады.
5. Департамент бастығының қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және өзге де қамтамасыз етуді өз құзыреті шеңберінде Штабтық және ақпараттық-аналитикалық бөлімшелері өз құзыретіне шеңберінде Департаменттің басқа бөлімшелерін тарта отырып жүзеге асырады.
6. Департамент аппаратында және оның аумақтық бөлімшелерінде құпия іс жүргізуді, барлық құпия жұмыстары түрлерін жүргізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, іске асыруды және оның жүзеге асырылуын бақылауды мемлекеттік құпияларды қорғау тобы (бұдан әрі - МҚҚТ) жүзеге асырады.
7. Бастықтың, бастықтың орынбасарларының тапсырмасы бойынша соттарда Департаменттің мүддесін білдіруді және қорғауды талқылау нысанасы болған мәселе құзыретіне кіретін заң тобы не бөлімшесіжүзеге асырады.
8. Департаменттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді және нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруді заң тобы жүзеге асырады.
9. Департамент бастығының мүддесіне кіретін кадр мәселелерін шешу, Департамент туралы ережеге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Кіріс хат-хабарларын қарау

10. Департаменттегі хат-хабарларды қарау және өту тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығына (бұдан әрі – Үлгі ереже) және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

11. Департаментте тіркеуге осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілгендерді қоспағанда барлық құжаттар жатады. Құжаттарды тіркеуді Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы (бұдан әрі – ҚҚТ) орталықтандырылған түрде жүзеге асырады. Тіркеусіз хат-хабарларды қабылдауға және жолдауға жол берілмейді.

  1. Іс жүргізу электрондық форматта Электрондық бірыңғай құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі - ЭБҚАЖ) арқылы жүргізіледі.
  2. Кіріс хат-хабарларын Департамент күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндерінен басқа күн сайын қабылдайды.
  3. Жұмыстан тыс уақытта (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері) хат-хабарларды Департаменттің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының (бұдан әрі - БКДҚБ) кезекшісі қабылдап, конвертті (құжатты) есепке алу журналына тіркейді және ашпай, қол қойдырып ҚҚТ-ға береді. 

15. Департаментке электронды және қағаз түрінде түскен құжаттарды қабылдауды ҚҚТ жүзеге асырады, оларды алғашқы өндеуді, тіркеудіжүргізіп, басшылықтың қарауына, құзыретіне сәйкес бөлімшелерге жолдайды.
Депаратменттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларына келіп түскен құжаттар (жауаптар) тікелей жолданушыларға Департамент басшылығының қарауынсыз жіберіледі.
16. Ведомстволық бағынысты ұйымдардан, мемлекеттік емес органдардан, жеке және заңды тұлғалардан (ЭҚАБЖ-ға қосылмаған) қағаз тасымалдағыштарда құжат түскен кезде, ол құжаттар сканерленіп ЭҚАБЖ-ға тіркеледі.
Конверт келіп түскенде ҚҚТ қызметкерлері ашпастан бұрын жеткізудің дұрыстығы және орауының бүтіндігін тексереді. Қателікпен келген түскен хат-хабар поштаға қайтарылады. Орауы бұзылған  түрде келген хат-хабар әкелінген құжаттардың толықтығы және механикалық бұзышылықтарының болмауы тұрғысынан ерекше мұқият тексеріледі. Хат-хабар орауының бұзылуы, әкелінген құжаттардың толық болмауы және механикалық бұзылуы анықталған кезде ҚҚТ қызметкерлері хат-хабарды қабылдамайды.
17. Орау:
жіберушінің мекенжайы мен деректері, жіберу және алу күні тек орауда ғана белгіленген болмаса;
алынған құжат жеке және заңды тұлғаның өтініші болмаса ашылғаннан кейін жойылады.
18. ҚҚТ құжаттарды ЭҚАБЖ бойынша қабылдайды. Бұл құжаттар электрондық құжат айналымын жүргізу талаптарына сәйкес жасалуы керек                  (тиісті мемлекеттік органның реквизиттері тотырылған, электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерулердің оң нәтижелері расталған, басшылық немесе уәкілетті адам қол қойған белгіленген үлгідегі бланкіде).
Құжатта күні, шығыс нөмірі, орныдаушы туралы мәлімет және құжаттың қысқаша атауы, сұрауға жауап немесе орындау туралы есепке (ақпарат) – Департаменттің шығыс нөміріне сілтеме тексеріледі.
Құжатқа қосымшалар нөмірленеді, қосымшалардың атаулары хатта толығымен жазылады.
Жіберушінің қолтаңбасысыз және мекенжайысыз түскен хаттар қаралуға жатпайды, бірақ олар туралы басшылыққа баяндалады.
19. Тіркелген хат-хабарларды маңыздылығына, шұғылдығына және сұрақтың сипатына байланысты ЭҚАБЖ қолданып, электронды құжат форматында 30 минут ішінде, шұғыл құжаттар –дереу басшылыққа енгізіледі.
20. Департамент Басшылығы құрылымдық бөлімшелер құзыреті бойынша ЭҚАБЖ-да бұрыштама қояды. Бұрыштамада тапсырма мен оны орындау мерзімі анық көрсетілуі тиіс.Жауапты орындаушылар құжатты бұрыштамаға сәйкес уақтылы және сапалы орындайды.
21. Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың директивті құжаттары (Алқалар мен жедел кеңестер шешімдері, жоспарлар, бекітулер, хаттамалар) Штабта бақылауға қойылады. Министрліктің, Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да жоғары тұрған және бақылаушы мемлекеттік органдардың құжаттары басшының тапсырмасына (бұрыштамасына) сәйкес белгіленген бөлімшеде бақылауға қойылады.
22. Егер орындаушылар бірнеше болса, онда негізгі орындаушы бұрыштамада бірінші көрсетілген болады.Бірлесіп орындаушылар негізгі орындауышының талабына сәйкес, онымен белгіленген мерзімде уақтылы сапалы ақпарат береді. Орындау мерзімін бұзғанда және құжаттың сапасыз орындалуы кезінде бірлесіп орындаушылар тең өлшемде жауапкершілікке тартылады.
23. Қағаз түпнұсқасы болған кезде құжат туралы ақпаратты жазуымен ҚҚТ арнайы стеллажындағы атаулы ұяшықтарға қояды.
Хат-хабардың алуы күніне екі реттен кем емес, шұғыл хат-хабар - кідірмей алынады. Алуды Департамент басшылығы бекіткен құрылымдық бөлімшелердің іс жүргізуге жауапты қызметкерлері іске асырады.
24. Құрылымдық бөлімшедегі іс қағаздарын жүргізуге жауапты қызметкер жұмыстан басатылған жағдайда барлық іс және құжаттар жаңадан тағайындалған жауаптыға қабылап-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызметкер демалысқа кеткен жағдайда немесе ұзақ мерзімді іссапарға шығу кезінде ондағы орындаудағы бар құжаттарбасқа қызметкерге құрылымдық бөлімшелердің басшыларының нұсқауы бойынша беріледі.

3. Шығыс хат-хабарды ресімдеу тәртібі

25. Департамент атынан шығатын хат-хабарға«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы4-тармағына сәйкес бастық немесе оны алмастыратынадам, міндеттерді бөлінісіне сәйкес бастықтың орынбасары қол қояды.
26. Құжаттың электрондық форматта және қағаз  тасымалдағыштағы сәйкестігіне орындаушы жауапты. Электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы құжаттардың рәсімделу талаптарының бұзұшылығына жол берілген кезде (міндетті реквизиттердің болуы, номенклатуралық істің дұрыс көрсетілуі, мемлекеттік тілдегі нұсқасын салу реттілігі, ресми бланктің, келісу кезеңдерінің, электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы және т.б.), ҚҚТ қызметкерлерінің жобаны түзетуге қайтаруға құқығы бар.
27. Қосымшаның қағаз тасымалдағыштағы нұсқасын салу қажеттілігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 977 бұйрығымен бекітілгенсақтау мерзімін көрсетумен Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, қылмыстық-орындаушы жүйесінің, Төтенше жағдайлар бойынша органдарының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жүйесінің мекемелерінің және ұйымдарының жұмысында болатын құжаттар тізбесімен анықталады.
28. Шығыс хат-хабарды дайындау кезінде қолданыстағы қағидаларды,  құжаттарды басшылыққа ала отырып мемлекеттік билік және басқарма органдарының, қоғамдық ұйымдардың аталуын жазуда біркелкілікті сақтау қажет.
29. Шығыс құжатты даярлау жобаны әзірлеуден, оны келісуден және қол қоюдан тұрады. Шығыс құжат мемлекеттік тілде бланкіде ресімделеді, қажет болған жағдайда орыс тілінде бланкісіз нұсқасы қоса беріледі. Бұған іс жүргізу орыс тілінде жүргізілетін әкімшілік, қылмыстық, сондай-ақ азаматтық істер бойынша материалдар жатпайды. ЭҚАБЖ-ға қосылмаған ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар үшін хат-хабарлар қағаз және электрондық тасымалдағыштарда рәсімделеді. Электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы құжаттар жобалары бірдей болуы керек.

Екі және одан да көп парақтағы құжатты дайындау  кезінде  екінші және келесі беттер нөмірленуі тиіс, бұл ретте қосымшаның парақтары жеке нөмірленеді. Қосымшаның соңғы парағына қол қоюшының лауазымы толық жазылады.  Парақтардың нөмірлері араб цифрларымен беттің жоғарғы жағынының ортасына,  тыныс белгілернсіз және «парақ» деген сөздерсіз қойылады. Кесте жасалған жағдайда MS Exsel бағдарламасы қолданылады. Егер құжат мәтінді және кестелі ақпаратты құраса MS Word бағдарламасы қолданылады.
Егер құжаттың қосымшасы болса, онда қосымшаның толық атауы көрсетіледі, парақ саны, даналар саны және қай тілде орындалғаны көрсетіледі.
Хат-хабардыдайындаған кездезаңдылық техникасын және парақтардың параметрін қолдану қажет:
үсті, астыңғы жағы –2,5 см;
оң жағы –1,5 мм;
сол жағы –2,5 мм болуы тиіс.
"TimesNewRoman" қарпі;
қаріп өлшемі – 14 (кестелік нысандағы қосымшада кішірек әріп қолдануға болады,  бірақ өлшемі 10-нан төмен болмауы керек), жоларалық интервал – жалқы, абзацтағы шегініс - 1,25 см. (бірінші жол басындағы бос жер), құжаттың атауы мен мәтінінің арасында интервал, мәтінмен  мен қол қою арасы – 2 жол.
Құжаттың оң жақ жоғарғы бұрышында мекенжайы көрсетіледі. құрамға кіретін лауазымдар құрамының атауы, хат алушының аты-жөні құжаттың сол жақ шетінде қалың шрифтпен бөлінеді. Құжат лауазымды тұлғаға жіберілген жағдайда мекеме атауы атау септігінде, ал лауазымы және аты-жөні барыс септігінде  көрсетіледі. Егерде құжат бірнеше біртектес ұйымдарға жіберілетін болса олар жинақталып жіберіледі (мысалы: мемлекеттік органдарға (тізім бойынша).
Құжат төрт адресаттан артық болмауы тиіс. "Көшірме" сөзі екінші, үшінші, төртінші адресаттармен көрсетілмейді. Үлкен көлемдегі адресаттар кезінде құжатты тарату парағы құрылады, және құжаттың әрбір данасында бір адресат көрсетіледі.
Құжат заңды тұлғаға жіберілген жағдайда атауы, пошталық мекенжайы көрсетіледі, жеке тұлғаға хат алушының аты-жөні, содан кейін пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шығыс құжатында күні (қысқаша көрсетілген,  мысалы 2017ж.17.03.) және басқармалардың, құрылымдық бөлімшелердің индекс нөмірі, сонымен қатар шығыс құжатының реттік нөмірі қойылады. Егерде хат сұранысқа немесе өтінішхатқа берілетін жауап болса, мекенжайдан кейін (сол жақта) курсивпен  12-ші шрифтпен  осы құжаттың нөмірі және күні тарату қағазында көрсетіледі (мысалы, 2017ж. 04.01. № 101).
Құжатты орындаушының тегі және оның қызметтік телефон нөмірі құжаттың бет жағының немесе орын болмаған жағдайда құжаттың сыртқы жағының сол жақ төменгі бұрышында немесе соңғы беттің сыртқы жағында 12 шрифпен, курсивпен орналасады.  
30. Құжаттың күні оның қол қойған немесе бекіткен күні, хаттама үшін – мәжіліс күні (шешім қабылданған күн), акті үшін – оқиға болған күні болып табылады.
Гербті бланкте орындалған құжатқа мөр қойылмайды, қаржылық құжаттардан басқасы. 
31. Құжаттардың бланкілері стандартты А4 пішіміндегі қағазда  дайындалады. Департаменттің құжаттар бланкісі, Департаменттің тапсырысы бойынша және есепке алуға жататын, құжат бланкісінің әрбір данасында төменгі сол жақ бұрышында баспаханалық тәсілмен немесе нөмірлеуішпен оның нөмірі қойылатын, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарға, («Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» 2007 жылғы 4 шілдедегі №258-ІІІ, Қазақстан Республикасы Конституциондық заңымен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гербі»  989-2014 ҚР СТ стандарттар талабына сәйкес, осындай қызмет түрлеріне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі бейнеленген түрлі-түсті қағазда, баспаханалық кәсіпорындармен дайындалады.Бланк қатаң есепке алынады, сол жақ төменгі бұрышында әрбір данада типографиялық әдіспен немесе нөмератормен нөмерлер, қажет болған жағдайда серия қойылады. Бланктерді сақтау, есепке алу және тарату жөніндегі жұмыс Үлгідегі ереженің 15 тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
32. Шығыс құжаттарын Министрлікке, Комитетке, Облыс әкіміне, Әкімнің аппаратына және Облыс мәслихатына жіберер алдында берілген тапсырманы таратуда оның толық болуы және техникалық рәсімделуі дұрыс болуын Штабпен және ҚҚТ-мен, Мемлекеттік тіл және ақпарат тобымен құжат мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалылығына келісуге (виза қоюға) жатады.
33. Жіберілетін хат-хабарды қабылдаушы ҚҚТ қызметкері құжаттың дұрыс рәсімделуін тексереді. Дұрыс рәсімделмеген құжат қайта орындалуға жіберіледі.
34. Шығыс хат-хабары ЭҚАБЖ арқылы қол қойылған күннен хат алушыға жіберіледі және қағаз түрінде болған кезде күнбе-күн орындаушымен толтырылған тізілімге сәйкес жіберіледі. Тізілімнің толтырылуына орындаушының жеке жауапкершілігінде болады. Тізілім ҚҚТ-да сақталады.
35. Егер басқа ұйымдарға бағытталған құжат қайта қайтаруға жатса, құжаттың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында мәтіні жоқ бос жиегіне қайта жіберу туралы белгі немесе мөр қойылады, осындай белгілер тіркеу-бақылау карточкаларына да қойылады.
36. Электрондық құжат хабардар ету түбіртегі алынған кезде ғана жеткізілген болып саналады. Егер электрондық құжат жобасы қабылданбаса, орындаушы ҚҚТ біріге отырып қабылданбау себебін анықтап, оны жойып, жобаны қайта жіберу қажет.

4. Жеке және заңды тұлғалалар өтініштерін қарастыру және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру

37. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс-жүргізу басқа іс-жүргізу түрлерінен бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
38. Қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің (одан әрі -өтініш) орындалуын тіркеу және бақылау ҚҚТ жүзеге асырады. Өтініштердің және қосымша материалдардың түнұсқасы ҚҚТ-да сақталады.    
39. ЭҚАБЖ арқылы қарастырылуға жіберілген өтініштер, үкіметтің  электрондық порталынан немесе басқа да мемлекеттік органдардан қайта жіберілген өтініштер электронды цифрлық қол қойылғаны растығына және толықтығына тексерілгеннен кейін тіркеуге алынады.
40. Өтінішті тіркеу кезінде бірінші бетінің оң жақ төменгі бұрышында өтініштің түскені туралы әріптік индекстен тұратын, алдыңғы әріптері автордың/лауазымды тұлғаның аты-жөні, өтінішке қол қою және реттік нөмер мөр түрінде және тіркеу нөмірі қойылады:
Жеке тұлға – индекс «ЖТ» (мысалы, ЖТ-А-124);
Заңды тұлға – индекс «ЗТ» (мысалы, ЗТ-Б-25);
Ұжымдық өтініш - индекс «ЖТҰ» (мысалы, ЖТҰ-В-126);
Аты-жөні көрсетілмеген шағым – индекс «АБМ» (мысалы, АБМ-127).

  1. Департаментке тікелей өтініш жазған жеке тұлғаға немесе жеке және заңды тұлға өкіліне бекітілген нысаны бойынша талон беріледі. Өтінішті қабылдауда бас тарту рұқсат етілмейді.
  2. Өтініштердің орындалу мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың –өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес реттеледі. Жеке жағдайларда қарастыру мерзімдері Департаменттің басшылығымен анықталады, бірақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған мерзімінен аспауы қажет
  3. Құрылымдық бөлімшелермен, мекемелермен, аумақтық органдармен және Департаменттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен өтініштердің уақытында және сапалы орындалуын бақылау бірінші басшыларына жүктеледі.
  4. Өтінішті бақылаудан алуға толық және сапалы орындау, нормативті құқықтық актілерне сүйене отырып өтініш берушіге толық қамтылған жауап беру негізі болып табылады.
  5. Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын тәуліктік қолжетімді жәшік қарастырылған.
  6. Департамент бастығымен бекітілген, қабылдау кестесіне сәйкес айына бір рет Департамент басшылығымен азаматтардың жеке қабылдауы жүргізіледі.

Қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмысты ҚҚеТ жүргізеді.  Қабылдау уақытында рұқсат етілмейтін өтініштер жазбаша түрде баяндалады және олармен жазбаша өтініш түрінде жұмыс жүргізіледі.

5. Ішкі хат-хабардың өту тәртібі

47. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің арасында хат алмасу тек электронды түрде, қағаз тасығышта сүйемелдеусіз жүргізіледі.
Дайындау, рәсімдеу және орындау кезеңдерінде ішкі хат-хабардың өтуі сыртқы хат айналымына қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
48. Құжатты құрылымдық бөлімшелерге жолдау кезінде олардың атаулары кіші әріппен, атау септігіндегі қалың қаріппен жазылады, құжат жолданған тұлғаның лауазымы – барыс септігінде жазылады.
Құжатты лауазымды тұлғаның тек қана тегін және аты-жөнінің бірінші әріптерін барыс септігінде көрсетумен жолдауға рұқсат етіледі. Орындаушы туралы мәліметтер мен телефон нөмірі көрсетіледі. Ішкі хат алмасуда бланктер қолданылмайды.
Мемлекеттік тілдегі құжат және орыс немесе өзге тілде жасалатын түпнұсқалық құжат әрқайсысы бөлек парақта басылады және бірегей реквизиттермен рәсімделеді.
49. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары және іс жүргізу үшін жауаптылар талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді және ішкі хат айналымы үшін дербес жауапты.
50. Жеке сипаттағы баяндамалар мен өтініштер (демалыс, өтемақы, жәрдемақы, жұмыстан босату, шығулар) қағаз тасығышта құрылады және ЭАҚБЖ тіркеуге жатады. Баяндамалар, өтініштер бөлімшенің тікелей бастығы және басшысымен виза қойылады, қажет болған жағдайда бастықтың жетекшілік ететін орынбасарларымен келісіледі. Баяндамаларды рәсімдеу кезінде төменгі тұрған және жоғары тұрған басшысы немесе қызметкері лауазымының және арнайы атағыныңатауы толық көрсетіледі.
Баяндамаларда және өтініштерде көрсетілген мәліметтердің анықтығына жауапкершілік оларға қол қойған лауазымды тұлғаларға дербес жүктеледі

6. Жоспарлау

51. Департаментте:

    1. Департамент жұмысы – жылға және бірыңғай тоқсанға;
    2. Департамент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелердің жұмысы, тексеру – бір жылға;
    3. аппараттық, жедел кеңестер жұмысы, қызметтік іссапарлар және тексерулер жүргізу – тоқсанға арналған жоспарлар әзірленеді.

          52. Жоспарды әзірлеуді:

    1. Департаменттің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын– Штаб немесе Департамент бастығымен белгіленген басқа бөлімше;
    2.  жедел кеңес жоспарын, қызметтік іссапарлар жоспарын, тексеру жүргізу жоспарын құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде – Штаб;
    3. Департамент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінің жұмысы – қызмет бағыттары бойынша барлық құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелер;
    4. ұзақ мерзімді сипаттағы облыстық Әкімдік пен Мәслихат тапсырмалары мен актілерін орындау бойынша іс-шараларды – оларды орындау құзыретіне кіретін қызмет жүзеге асырады. 

53. Жоспарлар:
1) жылдық - алдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін;
2) тоқсандық – жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 25 күніне дейін;
54. Департаменттің құрылымдық, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын Департаменттің жылдық жоспары бекітілгеннен кейін Департамент бастығы, оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес жетекшілік ететін орынбасар 30 желтоқсанға дейін бекітеді.
55. Жоспарлауды ұйымдастыру:
1) халықты, объектілерді және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, өткен кезеңдердегі жоспарларды орындау нәтижелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдаудан;
2) мүдделі бөлімшелердің ұсыныстарын жинаудан;
3) жоспар жобасын дайындау, оны мүдделі қызметтермен келісу, келісу процесінде алынған ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып пысықтаудан;
4) жоспарды бекітуден;

    1. орындаушыларға жеткізуден;
    2. орындалуын бақылауды жүзеге асырудан тұрады.
  1. Департаменттің жұмыс жоспарын құрылымдық, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша бағдарламалық құжаттарды есепке ала отырып Жұмыс тобы мен Штаб немесе Департаменттің бастығымен белгіленген бөлімше құрады.
  2. Департамент бастығының бұйрығымен алдағы жылдың 10 қарашасына дейін Жұмыс тобы құралады, оның жетекшісі болып Департамент бастығы орынбасарларының біреуі тағайындалады.

Жұмыс тобы  Департаменттің құрылымдық, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелердің бастықтарынан құралады. Жұмыс тобының хатшысы болып Штаб қызметкері тағайындалады.

  1. Департаменттің құрылымдық, ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелері Департаменттің жұмыс жоспарларының бөлімдерінің жобаларын өңдейді және қарастыру үшін Жұмыс тобына бекітілімге сәйкес 30 қарашаға дейін ұсынады.

Құрылған Департамент жұмыс жоспарының жобасына жетекшілік ететін бағыты бойынша Департамент бастығының орынбасарлары виза қояды және 10 желтоқсанға дейін Департамент бастығына бекіту үшін ұсынылады.
Департамент қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті Департамент бастығымен немесе оны ауыстыратын тұлғамен ЭҚАБЖ тіркеу арқылы бекітеді.
Бекітілген жоспарлар бекітілгеннен кейін 5 күннен кешіктірілмей Департамент бастығының орынбасарына, Департаменттің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне орындау үшін жолданады.

  1. Департаменттің қолданыстағы жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты және аумақтық органдарының ұсыныстары Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарымен және Штабпен келісілуі тиіс. Бұл ретте тек өткізу қажеттілігі (өзектілігі) өткен іс-шаралар алып тасталуы мүмкін немесе олар басқа тапсырмалар шеңберінде іске асырылған.
  2. Департаменттің жұмыс жоспарынан іс-шараларды алып тастау немесе оларды орындау мерзімін ауыстыру туралы шешім оны бекіткен тұлғамен қабылданады.

Жоспарланған іс-шараларды объективті себептер бойынша ауыстыруға бір рет рұқсат етіледі.

  1.  Жоспар жобасын қалыптастыру барысында мына талаптар сақталуы қажет:

1) жоспарланған іс-шаралардың жедел жағдайға, оның дамуын болжау нәтижесіне, сондай-ақ қызметтің басым бағыттарына барынша сәйкес келуі;
2) негізгі проблемаларды шешуге жоспарланған шоғырландыру, жедел жағдайдағы жағымсыз үдерістерге алын ала ден қою;
3) ұйымдастыру қызметін жетілдіруге, төтенше жағдайлардан халықты объектілер мен аумақтарды қорғау шараларын нығайтуға бағытталған тек қана нақты және шынайы іс-шараларды жоспарлау;
4) жоспарланған міндеттерді шешудегі кешенді тәсіл;
5) іс-шараларды айлар мен тоқсандарға біркелкі бөлу;
6) ІІМ және ТЖК өткізген тексерістердің нәтижелері.
62. Департамент жоспарларының мерзімдері мен процедураларын өзгерту ТЖК нұсқауларының негізінде іске асырылуы мүмкін.

6. Алқа жұмысын ұйымдастыру

63. Департаментте:
1)   аппараттық кеңестер;
2)   жедел және жұмыс кеңестері өткізіледі.
64. Аппараттық кеңестер Департамент бастығымен немесе оны ауыстыратын тұлғамен қызметтердің ұйымдастырушылық жұмысымен, бағыныстағы органдар мен бөлімшелерге басқарушылық әсері бойынша қолданылып жатқан шаралармен, орындаушылық тәртібімен байланысты ағымдағы сұрақтарды қарастыру арқылы өткізіледі. Аппараттық кеңестің хаттамассын жүргізу және берілген тапсыырмалардың орындалуын бақылау егер Департамент бастығының шешімімен өзге қарастырылмаса Штабқа, және (немесе) жауапты бөлімшеге жүктеледі.
Аппараттық кеңестер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Аппараттық кеңеске қатысушылар құрамын Департамент бастығымен немесе оны алмастыратын адаммен келісу бойынша Штаб анықтайды.
Штаб аппараттық кеңестің күн тәртібін және алдыңғы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат дайындайды.
65. Жедел кеңестер жедел кеңестер өткізудің тоқсандық жоспарына сәйкес өткізіледі.
Қажет болған жағдайда кезектен тыс, оның ішінде бейнеконференцбайланыс режимінде жедел және жұмыс кеңестері өткізілуі мүмкін.
Жедел кеңестерде Департамент бастығы немесе оның орынбасарлары төрағалық етеді.
Жедел кеңестер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Жедел кеңеске материалдарды дайындауды, жедел кеңес жұмыс жоспарымен немесе Департамент басшылығы жүктеген бөлімше қамтамасыз етеді. Бұл ретте материалдың сапасына бөлімше жетекшісі дербес жауап береді.
Жұмыс бойынша шығу жағдайларында (қызметтік жұмыспен танысу бойынша іс-шараларға қатысу үшін және басқа), сондай-ақ ІІМ немесе Комитет басшылығының көшпелі жедел кеңесін өткізу, материалдарды (облысқа (қалаға) бару бағдарламасы, кеңесті өткізу бағдарламасы, қатысушылардың, тыңдалатындардың тізімі және басқа) Комитеттің Штаб-басқармасымен
ІІМ немесе Комитет басшылығына шығу алдында 2 күн бұрын келісу қажет.
66.    Жедел кеңестің қарауына бекітілген тәртіпке сәйкес, шығарылатын әрбір мәселе бойынша әрқайысысы машинамен басылған мәтіннің 5 бетінен көп емес көлемде құжат дайындалады:  
1) анықтама (мәселенің мәнін қысқаша баяндауды, істің жағдайын және бар кемшіліктерді көрсетумен туындаған ахуалды талдауды, олардың себептері мен жою бойынша ұсыныстарды қамтуы тиіс);
2) жедел кеңес хаттамасының жобасы (мүдделі қызмет басшыларымен келісілген және олар бұрыштама қойған болуы тиіс);
3) жедел кеңеске шақырылған адамдардың тізімі.
67. Жедел кеңеске қатысушылар құрамын және күн тәртібін төраға анықтайды.
68.    Жедел кеңес отырысында мәселелерді талқылау төраға анықтаған тәртіпте өткізіледі.
69.    Қаралатын мәселелер бойынша жедел кеңес хаттамасын төрағақабылдайды және қол қояды және 1 күн ішінде тіркеледі.
70. Жедел кеңес отырысын жоспарлау, дайындау мен өткізуді ұйымдастыру, оның хаттамасының орындалуын тексеру және қадағалауды қамтамасыз ету тиісті мәселе жөніндегі орындаушы бөлімшеге жүктеледі. Орындалуын жалпы бақылау Департамент Штабына жүктеледі.
71. Жедел кеңес қызметі бар проблемалар мен көкейкесті мәселелерді зерделеуге, тиісті басқарушылық шешім қабылдау мен олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. 
72. Жедел кеңестерде Департамент құзыретіне кіретін аса маңызды мәселелер қаралады, қарамағындағы бөлімшелердің практикалық басшылық жасау шаралары, кадрларды іріктеу, орналастыру, оқыту мен тәрбие, ұйымдастырушылық қызмет және орындаушылық тәртіп жөніндегі жұмыстың жай-күйі, директивті құжаттар бағдарламалар жобалары талқыланады, барлық дәрежедегі басшылардың есептері тыңдалады.
73. Қажет болған жағдайда тікелей Департамент аппаратында, оның қалалық аудандық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде қаралатын мәселе бойынша істердің жай-күйін алдын ала тексеру ұйымдастырылады.
74. Жедел кеңес төрағасы:
жедел кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның отырыстарында төрағалық етеді;
жедел кеңеске қатысушылар құрамын анықтайды;
жедел кеңес отырысының күнін, уақытын және өткізу орнын тағайындайды;
күн тәртібін бекітеді;
жоспарлы отырыстарды өткізу немесе күн тәртібінің жекелеген мәселелерін ауыстыру туралы ұсыныстарды қарайды;
жедел кеңес хаттамасының жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
жедел кеңес отырысында қабылданған шешімдерді қарайды және қол қояды;
міндетті түрде орындау үшін жедел кеңес мүшелеріне нұсқаулар береді.
75. Жедел кеңес мүшелері:
жедел кеңес отырысын ұйымдастыруға, қаралатын мәселелер бойынша материалдар дайындауға қатысады;
жедел кеңес шешімінің жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады;
тапсырмалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырып, қажет болған жағдайда төрағаға алда болатын жедел кеңес отырысына жетекшілік ететін мәселелер, жұмыс бағыты бойынша ұсыныстар енгізеді және тиісті материалдардың дайындалуын қамтамасыз етуге бақылауды ұйымдастырады.
76. Жедел кеңестің жұмысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, оның жобасын Штаб құрады (Департаменттің жұмыс жоспарын есепке ала отырып) және Департамент бастығы бекітіледі.
Қажет болған жағдайда жедел кеңес отырыстарында, қарау уақыты мен тәртібін кеңес төрағасы белгілейтін жоспардан тыс мәселелер қаралуы мүмкін.
77. Жедел кеңес отырыстары ашық, жабық, кеңейтілген және көшпелі болуы мүмкін. Олар Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің және  ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен селекторлық режимде өтуі мүмкін. 
78. Жедел кеңес жұмыс жоспарына қосу үшін мыналар:
жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері, нұсқаулары мен бағдарламалық құжаттары; 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен оның орынбасарларының, Комитет төрағасы мен оның орынбасарларының бұйрықтары, нұсқаулары;
Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген, Департамент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты және аумақтық органдарының ұсыныстары;
Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің жедел кеңестерінің бұрын қабылдаған шешімдері;
бастық бекіткен Департаменттің жұмыс жоспарлары мен басқа жоспарлары негіз болып табылады.
79. Жедел кеңес жұмысының жоспарына қандай да бір өзгерістер енгізуді тек қана бастықтың нұсқауы бойынша Штаб жүргізеді.
80. Жедел кеңес отырысына материалдарды дайындауды жедел кеңес жұмыс жоспарымен не Департамент бастығымен жүктелген бөлімше қамтамасыз етеді.
Кеңеске дайындалған материалдар басшылыққа қарауға енгізілмес бұрын Штабпен келісіледі.
81. Жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңестің кеңейтілген отырысына материалдарды, оның ішінде күн тәртібі мен отырыс өткізу тәртібін, отырысқа шақырылған адамдардың тізімін Штаб бөлімшелермен  бірлесіп дайындайды.
82. Ұсынылған материалдардың сапасына қызметтің бірінші басшысы мен Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасары дербес жауап береді.
83. Дайындалған материалдар оның сапасы мен толықтығын бағалау үшін жедел кеңес отырысы белгіленген күнінен 5 күн бұрын Штабқа ұсынылады.
84. Жедел кеңес отырысына қатысушыларды отырыстың күні, уақыты, орны, ерекше жағдайлары туралы құлақтандыруды орындаушы бөлімше жүзеге асырады. Отырысқа шақырылғандардың келуін де орындаушы бөлімше қамтамасыз етеді.
85. Департаменттің техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі (бөлімшесі) отырыс залына қажетті микрофондар, байланыс құралдарын орналастыруды, сондай-ақ отырыс барысын дыбысқа жазуды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда отырысты селекторлық режимде өткізуді қамтамасыз етеді.
86. Жедел кеңес отырысына қатысушыларға отырыс залына дыбысжазатын қондырғылар, сондай-ақ кино-бейне және фотоаппарат пен байланыс құралдарын енгізуге рұқсат етілмейді.
87. Отырыста айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, хаттаманы (шешімге) пысықтауды орындаушы бөлімше бір күндік мерзімде жүзеге асырады. Жедел кеңес хаттамасының пысықталған жобасына (шешімі) бастықтың орынбасарлары және Штаб бұрыштама қояды.
Хаттама негізінде кеңес өткізген орындаушы бөлімшемен резолюция жобасын дайындайды, мұнда жауапты орындаушылар (бірлесіп орындаушылар) және хаттаманың тармақтарын орындау мерзімдері, тарату парағы көрсетіледі.
Бұрыштама жобасы және тарату парағы Штабпен келісіледі.
Хаттама (шешім) қол қою үшін ЭҚАБЖ арқылы кеңес төрағасына жолданады.
Жедел кеңестің хаттамасы (шешімі) құжаттамалық қамтамасыз ету тобымен ЭҚАБЖ тіркеледі, тарату парағына және басшылықтың визасына сәйкес таратылады.
Жедел кеңестердің хаттамаларының (шешімдерінің) түпнұсқалары Штабқа сақтау үшін беріледі.
88. Жедел кеңес хаттамасына (шешіміне) қол қойылған және тіркелген сәттен бастап барлық азаматтық қорғау органдары бөлімшелеріне (оның ішінде жедел бағыныстыларға да) оны орындау міндетті болады.
89.   Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басқармалары, бөлімдері, бөлімшелері, топтары, қалалық, аудандық органдары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне Штабқа жедел кеңес хаттамасын (шешімін) орындау туралы жинақталған ақпарат ұсынады, бұл ақпарат міндетті түрде тіркеледі.
90. Жедел кеңес хаттамаларын (шешімдерін) орындауды бақылау нақты хаттамамен басқаша көзделмесе, Штаб және (немесе) жауапты бөлімшелері жүзеге асырады.
91. Жедел кеңес іс-шараларын орындауды бақылау:
Департамент аппаратында, оның қалалық, аудандық органдарында және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде, оның ішінде бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізу барысында жедел кеңестің нақты тапсырмаларын орындау барысын жүйелі (аралық) және түпкілікті (белгіленген мерзімнің аяқталуы бойынша) тексеруді;
жедел кеңес хаттамасы іс-шараларын орындаумен байланысты түскен ақпаратты жинақтауды, оны талдауды және тиімділігін бағалауды;
жедел кеңес хаттамасын Департаменттің нақты құрылымдық бөлімшесі қызметіне қатысты бөлігінде орындау барысын кеңестерде талқылауды;
Департамент бөлімшелерінің, оларда жедел кеңес хаттамаларын іске асыруға бағытталған іс-шаралардың болу бөлігінде жұмыс жоспарларын рецензиялауды;
Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, қалалық, аудандық органдары және ведомстволық бағынысты мекемелері басшыларының жедел кеңес шешімдерін (хаттамасын) іске асыру барысы туралы есептерді көздейді.
92. Жедел кеңес хаттамасының (шешімінің) тармағын бақылаудан алу  орындаушылар Департамент бастығына жедел кеңес хаттамасымен көзделген іс-шараларды іске асыру туралы ақпаратты (қызметтік жазба) ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

7. Ақпараттық-аналитикалық жұмыс

93. Департаментте ақпараттық-аналитикалық жұмысты ақпараттық-аналитикалық бөлім жүзеге асырады, сондай-ақ қызметтің тиісті бағыттарының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады және:
1)Департаменттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) бірлесіп Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді;     
2)Департаментте Мемлекет басшысының тапсырмасымен, мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және басқа да бағдарламалық құжаттармен (ПРТ, моноқалалар, алгмерациялар, аумақты дамыту өңірлік схемалары) көзделген іс-шараларды іске асыру басрысы туралы ақпараттық материалдарды, Келісімдерді, Меморандумдарды, Шарттарды, ЖАО шешімдерін дайындауды;
3) Министрлік, Комитет, Департамент басшыларын және ЖАО-ны табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту жай-күйі туралы өңірлердің проблемалық мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуді; 
4) инфографика пішінінде қызметтің бағыттары бойынша ақпараттық материалдарды қалыптастыруды;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды Мемлекеттік есепке алуды жүргізуді, сондай-ақ Минситрлікті, Комитетті қамтамасыз ету үшін аумақта болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму тенденциялары және қарқыны туралы ай сайынғы шолу-аналитикалық ақпаратты дайындауды, сондай-ақ оларды ақпараттық ресурстарға орналастыруды;
6) қызметтің бағыттары бойынша жедел қызметтік ақпарат жинау, өңдеу және қалыптастыруды (белгіленген мерзімдерге сәйкес);
7) жергілікті жерлерде тиісті бағыттар бойынша мәліметтерді салыстыруды;
8) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалауды;
9) ТЖД қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді, бланкілер мен дерекқорды, жедел және ведомстволық есептерді құру, пайдалану және дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және техникалық құжаттарды келісуге қатысуды;
10) пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді, дерекқорды мониторингтеуді көздейді.
94. Ақпарат:
1) облыс аумағында азаматтық қорғау саласындағы ахуалдың жай-күйін сипаттайтын есептік деректер;
2) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары, олардың жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері, тәртіп пен заңдылық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) азаматтық қорғау және өзге де құқық қорғау органдарының ақпараттық-аналитикалық және анықтамалық материалдары;
4) азаматтық қорғау бөлімшелерінің инспекциялау материалдары;
5) ғылыми зерттеу, оның ішінде Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жай-күйіы туралы қоғамдық ой-пікірді зерделеу материалдары;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық қорғау органдарына жазған өтініштері;
7) азаматтық қорғау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары;
8) азаматтық қорғау жөніндегі отандық және шетелдік әдебиеттер түрінде келіп түсуі мүмкін.
95. Талдау мәні:
1) жедел деректер (БКДҚБ жедел ақпараты);
2) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының, облыстық прокуратураның статистикалық деректері;
3) құрылымдық бөлімшелердің жедел-қызметтік жұмыстың жекелеген мәселелері бойынша есептері мен ақпараттық материалдары;
4) Департамент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, оның азаматтық қорғау ведомстволық бағынысты және аумақтық органдарында инспекциялау және тексеру нәтижелері туралы анықтамалар;
5) халықты, объектілер мен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша статистикалық және ақпараттық материалдар;
6)   бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау бойынша басылымдары мен хабарламалары;
7) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың аналитикалық материалдары;
8) Азаматық қорғау органдары (Комитет, Комитет қарамағындағы аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер) қызметінің тиімділігі;
9) Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар фактілері;
10) Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарымен ведомствоаралық және желіаралық өзара іс-қимылының жай-күйі және дамуы;
11) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласында жерүсті және ғарыштық мониторингтеу (қадағалау, болжау, бақылау, оның ішінде сейсмологиялық қызметтер) жүйесінің жай-күйі және дамуы;
12) өткізілген авариялық-құтқару жұмыстары, құтқару операциялары;
13) төтенше жағдайларды жою үшін Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының және авиациясының әзірлігін және оны дамыту жай-күйі;
14) Қаладағы (облыстағы) Азаматтық қорғау жүйесінің жай-күйі;
15) Қаладағы (облыстағы)өрт қауіпсіздігі жай-күйі;
16) Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17) Департаменттің бөлімшелерін жедел-қызметтік жұмысы;
18) Департаменттің талап-арыз қызметі;
19) байланыс және халық пен басқару органдарын құлақтандыру жүйесінің жай-күйі және оны дамыту;
20) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жай-күйі;
21) азаматтық қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі және оны дамыту;
22) табиғи және техногенндік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет және авиация бөлімшелерінің ақпараттық-аналитикалық карточкалары;
23) ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі болып табылады.
96. Жоғары тұрған мемлекеттік және қадағалау органдарының тапсыруы бойынша, сондай-ақ қалыптасқан жедел жағдайға байланысты Департаментте кешендік талдаудың мынадай негізгі түрлері жүзеге асырылады:
1) азаматтық қорғау жүйесі жай-күйінде, төтенше жағдайлар қарқыны мен түрлерінен қалыптасқан үрдістен жедел жағдайда ауытқу туындауын анықтайтын есептік кезеңдегі талдау (ай, тоқсан, жартыжыл, жыл), соның негізінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жай-күйі және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қызмет нәтижелері туралы аналитикалық құжаттар, инстанцияға ақпараттар жасалады, іс-шаралар жоспарлары әзірленеді;
2) азаматтық қорғау органдары жұмысының тиімділігі - оның негізінде аумақтардың, объектілердің, халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғалу жағдайы және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілетін профилактикалық, алдын алу іс-шараларының нәтижелері туралы аналитикалық құжаттар әзірленеді;
3) ұзақ мерзімді талдау (жылдан аса), оның негізгі мақсаты азаматтық қорғау органдарының саласында және қызмет тиміділігіне тән төтенше жағдайлардың үрдісі, туындау және өсуі анықталады (азаматтьқ қорғау саласында кешенді және нысаналы бағдарламаларды әзірлеу кезінде алынған тұжырымдарды пайбалану мақсатында);
4) кезектен тыс талдау, жедел жағдай күрт қиындағанда бірнеше айдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын есептік мерзімнің өз алдына талдау түрлерін ұсынады;
5)   жекелеген проблемаларды және өрт  қауіпсіздігін, азаматтық қорғанысты, облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыру мәселелерін зерделеуге арналған талдау;
6)   ұқсас жағдайларда жұмыс істейтін Департаменттің екі не одан да көп бөлімшелерінің жедел-қызмет жұмысының соңғы нәтижелеріндегі елеулі айырмашылықтардың себебін анықтау мақсатында жүзеге асырылатын салыстырмалы талдау.

9. Департаменттің құқықтық актілерін дайындау және ресімдеу тәртібі

97. Департаменттің құқықтық актілерінің негізгі түрлері Департамент бастығының немесе Департамент бастығының міндеттерін орындау ресми түрде жүктелген адамның бұйрықтары (бұдан әрі - бұйрықтар) болып табылады.
98. Департаменттің ұйымдастырушылық және әкімшілік-басқаратын шешімдері Департамент бастығының, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде олардың басшыларының бұйрықтарымен ресімделеді.
Бұйрық мына талаптарға сай болуы тиіс:
1) Конституцияға, заңнамаға және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне қайшы келмеуі;
2) оның құрылымы мәнін толық ашуды, ал мазмұны - біркелкі түсінікті болуын және қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс;
3) онда белгіленген шаралардың анық баяндалуы, оны қолданатын және белгіленген мерзім ішінде іске асыруға жауапты адамдар тобы көрсетілуі;
4) төмен тұрған басқармалардың іске асыруын талап ететін бұйрықтар, оларды орындау бойынша бөлімшелер және (немесе) лауазымды тұлғалардың нақты тапсырмаларын қамтуы тиіс.
99. Бұйрық мынадай деректемелерден тұруы тиіс:
1) құқықтық акті атауы;
2)   қарау мәнін білдіретін тақырыбы;
3)   қабылдау орны және күні;
4)сәйкес актіге қол қоюға уәкілетті адамның (адамдардың) қолы (қолдары);
5) Департамент мөрі (қажет болған жағдайда).
100. Конституцияға және заңнамаға қайшы келетін бұйрықтар қабылдаған сәттен бастап жарамсыз болып табылады.
101.Бұйрықтар жобалары мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және қабылданады.
Жеке құрам бойынша тағайындау, ауыстыру, еңбек демалысын беру туралы бұйрықтарға қол қою (арнайы және әскери атақтар, босату бұйрықтарынан басқа) күнін бейсенбі болып белгіленеді, егер бұйрыққа қол қою күні мереке күніне келсе онда мерекенің алдында жүргізіледі.
102. Бұйрық жобалары заң тобына құқықтық пысықтауға жолданады, содан кейін міндетті түрде Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі (егер олардың құзіретіндегі мәселелерді олар қозғаса) және мемлекеттік тіл және ақпарат тобы (бұдан әрі – МТжАБ) түпнұсқалылығына тексереді.
103.  Бұйрық жобасын әзірлеген бөлімше басшысына орындау сапасы мен белгіленген рәсімдерді сақтауына дербес жауапкершілік жүктеледі.

  1. Департамент бастығының бұйрығына қол қойылғаннан кейін тіркелуге, есепке алуға, таратуға және сақталуға енгізіледі.

негізгі қызметі бойынша- ҚҚТ;
әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жеке құрамы бойынша- КЖБ;
жеке құрам бойынша (азаматтық қорғау қызметкерлері, азаматтық қызметшілер және әскери қызметшілер) - Департамент басшылығының қарауы бойынша.

  1. Бұйрықтар жыл күнтізбесінің шегінде реттік нөмір бойынша ЭҚАБЖ-ға және тиісті журналдарға санат бойынша тіркеледі.
  2. Бұрықтарды тарату ЭҚАБЖ арқылы  таратуға сәйкес, орындаушымен құрылып және қол қойылып таратылады. ЭҚАБЖ болмаған жағдайда көшірмесі мөрдің баспа таңбасымен қағаз түрінде, немесе ведомстволық электрондық пошта арқылы хабарламамен жіберіледі. 

Бұйрықтар арнайы сейфтерде сақталады және сақтау мерзімі аяқталған  соң ведомстволық архивке жіберіледі.

10. Прокурорлық ден қою актілерін қарау

107. Департамент мекенжайына жолданған прокурорлық ден қою актілерін қарау Департамент бастығының немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша прокурорлық ден қою актісінің мәні болып қойылған мәселелер құзіретіне кіретін бөлімше жүзеге асырады. Заң тобы тиісті қызметке құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
108. Прокурорлық ден қою актілерін қарау тапсырылған бөлімше заңнамада немесе прокурорлық ден қою актісімен белгіленген мерзімде прокуратураға жауап дайындайды, прокурорлық ден қою актісінен туындайтын басқа да шараларды қабылдайды.
109. Прокуратураға түпкілікті жауап жобасын дайындау Департамент бастығы немесе оның орынбасарларының бұрыштамасы бойынша прокурорлық ден қою актісінде бірінші тұрған бөлімше басшысына жүктеледі. 
110. Прокурорлық ден қою актісі мен прокуратураға жауап жобалары прокурорлық ден қою актісінің мәні болып қойлыған мәселелерге жетекшілік ететін Департамент бастығында немесе Департамент бастығының орынбасарларында болатын жедел кеңесте міндетті түрде қаралады.

10. Орындалуын бақылау тәртібі

111.  Департаментте мына құжаттар, оның ішінде құпия құжаттар (бұдан әрі - бақылау құжаттары ):
1) Үкімет қаулылары, Үкімет отырыстарының хаттамалары, Министрлікке қойылған тапсырмалары бар және Департаменттің құзыретіне кіретін Премьер-Министрдің өкімдері;
2) Департаменттің құзыретіне кіретін орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алынғандығы туралы нұсқаулары бар, «шұғыл», «баяндау», «ұсыныстар енгізу» деген белгілері бар, сондай-ақ олардың мазмұны бақылауға қою қажеттілігінен туындайтын Президенттің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі басшыларының, облыс Әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау бойынша Министрлік пен Комитеттің тапсыырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларындағы және іс-шаралар жоспарлары);
3) Департаменттің құзыретіне кіретін барлық деңгейдегі және облыстық мәслихат депутаттарының сұраулары;
4) прокурорлық ден қою актілері;
5) Министрлік мен Комитеттің бұйрықтары, іс-шаралар жоспарлары, Министрдің жанындағы Алқа, жедел және аппараттық кеңестердің, Министрдің орынбасарларының жанындағы жедел кеңестердің шешімдері, Министрлік, Комитет басшылығының директивті нұсқаулары мен тапсырмалары;
6) Департаменттің жұмыс жоспарлары, бұйрықтары, Департамент бастығының жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің шешімдері;
7) мазмұны бойынша жауап беру, түсіндіру, сол немесе басқа мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу қажеттілігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бақылауға алынады.
112.  Департамент бастығы Департамент қызметіне жалпы басшылықты, оның ішінде бақылау құжаттардың уақытында және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Штаб бастықтың тапсырмаларының орындалуы бойынша Департаменттің жұмысын ұйымдастыруға жауапты, орындаушылық тәртіпті сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырады, бақылауға алынған құжаттарды уақытында орындау мақсатында оның бөлімшелерінің өзара тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді, Департамент аппаратының жұмысын ұйымдастыру бойынша және оның бөлімшелерінде орындаушылық тәртібі үшін бастықтың алдында дербес жауапкершілікте болады. 
113.  Егер бақылау басқа құрылымдық бөлімшелерге немесе олардың басшыларына жүктелмесе, Министрліктің, Комитеттің іс-шаралар (жұмыс) жоспарларын, Министрдің және оның орынбасарларының, Комитет төрағасы және оның орынбасарларының жанындағы Алқа, жедел және аппараттық кеңестердің шешімдері, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын және директивті нұсқауларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру Штабқа жүктеледі.
Негізгі орындаушыға құжатты орындау мерзімін, Министрлік, Комитет көрсеткен мерзімдерінің негізінде Департамент басшылығының бұрыштамасына сәйкес Штаб белгілейді.
Қоса орындаушы бөлімшелер негізгі орындаушыға ақпаратты беру мерзімін бекітілген мерзімнен 5 күн бұрын Штаб белгілейді.
114. Депутаттық, адвокаттың өтініштерінің (сұраулар) орындалуын бақылауды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында шешу ҚҚТ-ға жүктеледі.
115. Бөлімшелерде бақылауды ұйымдастыруды бірінші басшылар және оның орынбасарлары жүзеге асырады.
116. Орындауға жолданған бақылауға алынған құжаттардың уақытында және сапалы орындалуына жауапкершілік бөлімшелердің бірінші басшыларына жүктеледі.
117. Штаб бақылауды:
1) қажетті ақпаратты сұратып алу;
2) орындалу туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеріс және құжаттамалық тексеру түрлерінің басқа түрлері;
4) орынға шығумен тексерулер;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырады.
118. Бақылау:
1) орындаудың уақытында және толықтығы;
2) орындау кезінде заңнама талаптарының сақталуы мәніне жүргізіледі.
Бақылауға алынған құжаттың орындау мерзіміне байланысты бөлімшелерге,сондай-ақ ЭҚАБЖ бойыншаол туралы ескерту жолдануы мүмкін. 
119. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді сипаты бар жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларын орындауға жауапты бөлімшелер
үш күндік мерзім ішінде оларды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық
іс-шаралар жоспарын құрады.
120. Актілерді және тапсырмаларды орындау оларда көрсетілген уақытта қамтамасыз етіледі.
Егер, «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмаларда мерзімдері көрсетілмесе, онда олар тиісті органға ақпаратты енгізумен бірге бір айлық мерзімде орындалады. Өзге жағдайларда бекітілген тәртіпте мемлекеттік органның қосымша сұрауына сәйкес ақпарат ұсынылады.
121. Бақылауға алынған құжаттардың орындалу мерзімдерін бұзу немесе оларды сапасыз орындау тәртіптік теріс қылықтар болып табылады. Бақылауға алынған құжаттардың орындалу мерзімін бұзу және/немесе сапасыз орындау фактілері бойынша заңнамада бекітілген тәртіпте кінәлі лауазымды тұлғалар Департамент бастығының бұйрықтарымен тәртіптік жаупкешілікке тартылады.
Бақылау құжаттарын бақылаудан алуды, орындау мерзімдерін немесе орындаушыларды өзгерту туралы шешімдерді қабылдауды тиісті қызметтің баянаты немесе қызметтік жазба негізінде олардың құзыреті шегінде Департаменттің бастығы немесе оның орынбасарларының бұрыштамасы бойынша Штаб жүзеге асырады.
122. Штаб есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Департамент бастығына орындаушылық тәртіптің жай-күйі және бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерінің бұзылуы немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі Департаменттің нақты лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар ұсынады.
123. Штаб қызметтердегі бақылауға алынған құжаттардың орындалуы туралы қосымша мәліметтерді талап етуге, орындаушылық тәртіптің жай-күйін тексеруді жүзеге асыруға, анықталған осы Регламенттің талаптарын және бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзған фактілер бойынша Департамент бастығына және оның орынбасарларына кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

12. Қызметтік іссапарларды ұйымдастыру

124. Департамент бастығының немесе оны ауыстыратын адамның өкімі бойынша жұмыскерді белгілі бір мерзімге оның тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызметтік міндеттерін орындау үшін, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберуі қызметтік іссапар (бұдан әрі - іссапар) болып табылады.
125. Департамент бастығының іссапарға шығуы міндеттерін орындау жүктелетін лауазымды адам көрсетіле отырып, Комитет төрағасының келісімі бойынша жүзеге асырылады;
Департамент қызметкерлірінің іссапарға шығуы Департамент бастығының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен рұқсат етіледі. Іссапарға шығу үшін:
1) Департаменттің қызметтік іссапарлар жоспары;
2) Министрлік, Комитет басшылығының, Департамент бастығының немесе оны алмастыратын адамның нұсқауы;
3) қызмет басшысының жетекшілік ететін Департамент бастығының орынбасарының бұрыштамасы қойылған іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесімен Департамент бастығының немесе оны алмастыратын адамның атынажазған бастамашылық баянаты негіздеме болып табылады.
126.  Департамент бөлімшесінің бірінші басшысы іссапарға шыққан кезде оның бастамашылық баянатында міндетті түрде оның міндеттерін орындау жүктелетін лауазымды адам көрсетіледі.
127. Іссапар бұйрығы бірдей күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде бланкілерде ресімделеді.
128. Бұйрықтың жобасын кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі –КЖБ) немесе Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша Штаб аптасына 2 реттен көп емес дайындайды.
Іссапар бұйрығының жобасына Департамент бастығының орынбасарларының, Штабтың, қаржымен қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда – қосымша МҚҚТ бөлімінің бұрыштамасы қойылуы тиіс (құпиятасығыштың Қазақстан Республикасы шегінен тыс шыққан жағдайда). Бұрыштама қойылған бұйрықтың жобасы тиісті қосымшаларымен бірге, қызметкер іссапарға шыққанға дейін кешіктірмей үш күн бұрын Департамент бастығына немесе оны ауыстыратын тұлғаға қол қою үшін енгізіледі.
129. Қол қойылған бұйрық ЭҚАБЖ-да және журналдарда тіркеледі. Түпнұсқалары ҚҚТ-да сақталады.
130. Жұмыскердің іссапар мерзімін Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша бөлімше бастығы анықтайды, алайда Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларды қоспағанда мерзімі әрбір нақты жағдайда белгіленетін қабылдаушы тараптың шығу мақсаттарына, талаптары мен шарттарына сүйене отырып немесе онымен келісу бойынша жолда болатын уақытты есептемегенде 30 тәуліктен аспауы тиіс.
131. Іссапар мерзімін ұзарту Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарына қызметкердің іссапарда атқарған жұмысы туралы есбін ұсынғаннан кейін, Департаменттің бастығы немесе оның міндетін атқарушы адамның алдында оң шешім берген жағдайда жүзеге асырылады.
132.Іссапар нәтижесі бойынша жұмыскерлер іссапар аяқталған күннен бастап 5 күннен аспайтын мерзімде:
1) Штабқа қызметтік іссапар бойынша міндетті орындау нәтижелері туралы анықтама-есепті (іссапарға шыққан қызметкер(лер)дің қызметтік жұмысты жақсартуға бағытталған бастамашыл ұсыныстары);
2) қаржымен қамтамасыз ету бөлімшесіне – Штабтың анықтама-есепті тапсырғаны туралы белгісі бар, іссапардағы ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы аванстық есеп ұсынуға міндетті.
133. Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі (тобы) жұмыскерлердің аванстық есебін іссапар куәлігінде Штабтың оның (олардың) құжаттарды (анықтама, есеп) тапсырғаны туралы белгісі болған жағдайда ғана қабылдайды. 
134. Іссапарларда жұмыстың негізгі ұйымдастырушылық нысандары:
1) инспекциялау (оларды жүргізудің белгіленген кезеңділігін және қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, жоспарлы негізде жүзеге асырылатын);
2) кешенді шығулар (жедел-қызметтік жұмыстың негізгі бағытары бойынша төмен көрсеткіштері бар азаматтық қорғау органдарына немесе күрделі жағдайда жұмыс жасайтындарға практикалық көмек көрсету үшін жүзеге асырылатын);
3) нысаналы шығулар (жедел-қызметтік, өндірістік-шаруашылық қызметтің жекелеген бағыттары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат көздерінде сыни сөз сөйлеулерді тексеру бойынша мәселелерді шешу үшін, заңдылық жай-күйін, Департамент бұйрықтарының орындалуын бақылау, азаматтық қорғау органдары басшыларының ұйымдастырушылық қызметін зерделеу, жедел кеңестердің, семинар-кеңестердің және басқа да іс-шаралардың жұмысына, сондай-ақ Департамент басшылығының шешімі бойынша өзге де жағдайларда қатысу тәртібінде жүзеге асырылады) болып табылады;
135. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі іссапарларда жұмыстың негізгі ұйымдастырушылық нысандары:
1) азаматтық қорғау органдары құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, шетелдік төтенше қызметтері, құқық қорғау органдары және халықаралық ұйымдар өткізетін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына қатысу;
3) оқу-жаттығуларға қатысу;
4) таныстыру сапарлары мен кездесулерге қатысу, шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары, азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар қызметінің тәжірибесін зерделеу болып табылады.
136. Қалыптасқан жағдайға байланысты қызметтің жекелеген бағыттары бойынша қадағалау және көмек көрсету үшін нысаналы шығулар жүзеге асырылады.
137. Іссапарға шығатын қызметкер(лер)ге бөлімше басшысы жоспар-тапсырма жасайды, оны Департамент бастығыныңжетекшілік ететін орынбасары бекіткеннен кейін Қазақстан Республикасынан тыс және еліміздің шегіндегі халықаралық мәселелер бойынша іссапарларды қоспағанда жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрық жобасын дайындау үшін негіз болып табылады.
138. Іссапарға жіберілетін жұмыскерді дайындаудың негізгі нысаны алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді, оның білімі мен кәсіби даярлығын ескере отырып, жеке жоспар бойынша дербес дайындау болып табылады.
139. Іссапарға жіберілетін жұмыскерге нұсқама жүргізу, сондай-ақ оның іссапардағы қызметіне бақылау жүргізу бөлімше басшысына, ал Қазақстан Республикасынан тыс және халықаралық мәселелер бойынша еліміздің шегінде іссапарға жіберген кезде КЖБ, өзіндік қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау топтарына жүктеледі.
140. Іссапарға жіберілетін жұмыскердің өзімен бірге Департамент бастығы немесе Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған, белгіленген үлгідегі іссапар куәлігі болуы тиіс.
Қажет болған жағдайда қызметкерде Қазақстан Республикасында құпия режимін қамтамасыыз ету бойынша Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік құпияларға белгіленген нысандағы рұқсат болу керек. 
Іссапар куәлігі елтаңба мөрімен куәландырылады және есепке алу және іссапарларды тіркеу журналында тіркеледі.
141. Жұмыскердің іссапар куәлігінде пунктке келгені және одан кеткені туралы мөрмен расталған белгі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілетін жұмыскерлердін іссапар куәліктерінде іссапар пунктіне келгені және одан кеткені туралы белгі қойылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда іссапар куәлігіне жол жүру құжаттары және іссапарға жіберілген мемлекетте төлқұжаттық бақылаудан өткені туралы белгісі бар төлқұжат беттерінің көшірмелері қоса беріледі.
Қызметкер бірнеше пункттерге іссапарға жіберілген жағдайларда, ол іссапарда болған әр пункт бойынша келгені және кеткені туралы белгісі болуы тиіс.
142. Қазақстан Республикасы тыс жерлерге және халықаралық мәселелер бойынша еліміздің шегіне іссапардың аяқталуы бойынша Штабқа іссапар нәтижелері туралы егжей-тегжейлі есеп, МҚҚБ-ға үш жұмыс күн ішінде белгіленген нысандағы анықтама-сауалнама ұсынылады.
143.  Құпиялылық режиміне тексеру жүргізуге байланысты іссапарлар бойынша Штабқа тексеріс туралы мәліметтерді ашып көрсетусіз іссапардың нәтижелері туралы есеп ұсынылады.
Жоспардан тыс семинар-кеңестерді өткізу тек Департамент бастығының рұқсаты арқылы мүмкін.
144. Іссапарға шығу күні іссапарға жіберілген жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан поезбен, автобуспен немесе басқа да көлік құралымен кеткен күн, ал келген күні іссапарға жіберілген жұмыскердің аталған көлікпен тұрақты жұмыс орнына келген күн болып есептеледі.
145. Іссапарлар кезінде есептеу тәртібі мен оларды төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекіітілген Мемлекеттік қаржы құралдары есебінен қамтамасыыз етілетін мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлернінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарының Қазақстан Республикасы шегінен тыс қызметтік іссапарлары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
146. Департамент басшылығының қызметтік жұмыс мәселелері бойынша (семинарлар, тренингтер, біліктілікті арттыру курстары, тәжірибе алмасу шеңберіндегі топтық шығулар, жұмыс кездесулері, халықаралық ұйымдарды ресми шақырулар, елшіліктер ноталары және т. б.)шетелдік қызметтік іссапарларға шығу  қаржыландыру көздеріне қарамастан Министр бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
147. Қызметкердің шетелдік қызметтік іссапарларға шығуы Департамент бастығының бұйрығы негізінде Комитетпен келісілгеннен кейін жүзеге асырылады.

13. Халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырушылықты
қамтамасыз ету

148. Департамент заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды, мемлекетаралық жоспарлар мен бағдарламаларды  іске асыруға қатысады, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының өтініштерін қарайды, халықаралық кеңестерге қатысады, шетел делегацияларын қабылдауды ұйымдастырады.
149. Департамент халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру саласында:
1) өз құзыреті шегінде шекаралас мемлекеттердің азаматтық қорғау органдарымен ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;
2) өз құзыреті шегінде халықаралық қатынастарды регламенттейтін заңнама және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде азаматтық қорғау органдарының мүдделерін есепке алуды қамтамасыз етеді;
3) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты құқықтық реттеудің ведомстволық тетіктерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттардан туындайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуына және іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.
150. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, оның ведомстволық бағынысты және аумақтық органдары өз құзыреті шеңберінде Штабқа белгіленген мерзімде, сондай-ақ Департамент басшылығының тапсырмаларына және Штаб сұрауларына сәйкес шектес мемлекеттердің азаматтық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
151. Департаменттің шет мемлекеттердің азаматтық қорғау және өзге де органдарымен хат және ақпараттық хабарламалармен алмасуы бұл халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ғана ұлттық заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
Халықаралық шарттар болмаған жағдайда шет мемлекеттердің азаматтық қорғау органдарымен және өзге де органдарымен ақпарат алмасудың немесе байланыс орнатудың қажеттілігі кезінде олар Комитет басшылығының рұқсатымен ғана Штаб арқылы және Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
152. Аса  құпия және құпия мәліметтер, бұйымдар, сондай-ақ техникалық құжаттамасы бар құжаттар шекарадан тыс Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы №349-1 Заңының 27-бабына сәйкес беріледі.
153 . Департаментке шетелдік азаматтық қорғау органдарының және басқа да органдардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің лауазымды тұлғалары өтініш білдірген кезде Комитет басшылығына құжаттардың мәні мен мазмұны жөнінде мерзімінде және уақтылы баяндау қажет. Шет мемлекеттердің азаматтық қорғау органдарымен және өзге де органдарымен Комитет басшылығының шешімінсіз байланыс орнатуға, сондай-ақ қандай да бір халықаралық құжаттарды дайындауға жол берілмейді.
154. Департаментте дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің лауазымды тұлғаларын қабылдау халықаралық танылған нормаларға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Департаментте шетел өкілдерін қабылдау туралы шешімді Департамент бастығы не оны алмастыратын тұлға ғана қабылдайды.
Департамент бастығының орынбасарлары мен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары шетел өкілдерін Департамент бастығымен немесе оны алмастыратын тұлғамен келісу бойынша қабылдай алады.
155. Департаментке, Штабқа шетел өкілдерімен алдағы кездесулер мен олардың сапарлары туралы Комитет пен МҚҚТ екі тәулік бұрын кешіктірмей хабар береді. Бұл ретте кездесуді ұйымдастыратын Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары МҚҚТ-ға:
1) шетелдік делегациясының (топтың) дербес құрамы, олар танысатын немесе оларға берілетін ақпараттың көлемі мен сипаты;
2) шетелдіктерді қабылдаудың мақсаты, олар танысатын немесе оларға берілетін ақпараттың көлемі мен сипаты;
3) шетелдіктер болатын бөлімдердің, зертханалардың, цехтердің, учаскелер мен басқа да бөлімшелердің тізбесі;
4) шетелдіктермен жұмыс істеу үшін бөлінетін тұлғалар туралы деректер;
5) Департамент аумағы бойынша шетелдіктердің жүру бағдары;
6) шетелдіктерді қарсы алу, олармен еріп жүру және шығарып салу тәртібі туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Шетелдіктермен кездесуді дайындауға жауапты қызметкерлер шетелдіктермен кездесу өткізгеннен кейін үш күндік мерзімнен кешіктірмей МҚҚТ-ға материалдар ұсынады.
156. Департамент бастығының немесе оны алмастыратын тұлғаның, сондай-ақ Департамент бастығының орынбасарларының шетел өкілдерімен кездесуін хаттамалық қамтамасыз етуді Департамент атынан Штаб жүзеге асырады.
Департамент бастығы орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының шетел өкілдерімен Департамент қызметінің нақты бағыттары бойынша кездесуін хаттамалық қамтамасыз етуді Департаменттің мүдделі құрылымдық бөлімшелері Штабпен келісу бойынша жүзеге асырады.
157. Қабылдаулар мен кездесулердің нәтижелері бойынша шетелдіктермен әңгімелесудің жазбасы жүргізіледі. Кездесуді ұйымдастырған Департаменттің құрылымдық бөлімшесі шетелдіктермен кездесу ұйымдастыру материалдары мен әңгімелесу жазбасын МҚҚТ-ға, Штаб пен Комитетке ұсынады.
158. Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты және аумақтық органдарына шетел өкілдерін шақыру, шетел  делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер жүргізу туралы дербес шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
159. Азаматтық қорғау органдары жеке құрамының елшіліктерге, дипломатиялық өкілдіктерге өз бетінше баруына, шетел мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыңлауазымды тұлғаларымен, олардың өкілдерімен кездесуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Шетел азаматтармен, дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттердің лауазымды тұлғаларымен жұмыс істеуге заңнамамен көзделген жағдайларда азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерінің құзыреті шегінде жол беріледі.

14. Жұмыс тәртібі

160. Жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
161. Жедел немесе қызметтік қажеттілік жағдайында азаматтық қорғау органдарының және әскери қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындауға белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 40 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің, басқада әскерлер мен әскери құрамалардың ішкі қызметінің жарғысына сәйкес тартылуы мүмкін.
162. Департамент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен қалалық, аудандық органдарының басшылары қызметкерлердің жұмыс орындарында уақтылы келуіне (кетуі) үнемі бақылауды жүзеге асырады.

15. Қорытынды ережелер

163. Департамент бастығының орынбасарлары мен Штаб осы Регламент талаптарының қатаң сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Осы Регламентті бұзғаны үшін Департаменттің, оның бөлімшелерінің лауазымды адамдары тәртіптік жауапкершілікте болады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 13:58 / 2018-01-22 16:28