Департаменттің қызметі

Мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

kn22013 жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған төтенше жағдайлар фактілерін талдау.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында шұғыл деректер бойынша бойынша 273 төтенше жағдай және табиғи және техногенді сипаттағы оқиға (2012 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 36,4%-ға аз, 429 оқиға), ірі жол-көлігі оқиғаларын есепке алғанда соның ішінде ТЖ кезінде 33 оқиға тіркелген, бұл өткен жылдың есептік мерзімінен салыстырғанда (2012 жылы 54 ТЖ) 38,9%-ға аз. Бұл ретте 54 адам зардап шеккен (2012 жылдың осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда 49,1%-ға аз, 106 адам), оның ішінде қаза болғандар 38 адам (2012 жылдың осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда 19,1% аз, 47 адам). Материалдық шығын алдын ала деректер бойынша 80,1 миллион теңгені құрайды, 2012 жылға 138,6 миллион теңгеге қарағанда аз.

Бұл ретте техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саны 268 оқиғаны құрайды (ТЖ жалпы санының 98,2%), оның ішінде 96,6% (269) тұрмыстық және өндірістік өрттерді құрайды. 2012 жылдың осыған ұқсас мерзімімен салыстырғанда техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар 157 оқиғаға немесе 36,9 %-ға аз. Зардап шеккендер саны 53 адамды құрады (2012 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 39,8%-ға аз, 88 адам), оның ішінде 38 адам қаза болды (2012 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 19,1%-ға аз, 47 адам).

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың 5 оқиғасы тіркелген (2012 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 20%-ға көп, 4 оқиға), 1 адам зардап шеккен (2012 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 94,4%-ға аз, 18 адам), қаза болғандар тіркелген жоқ.
Облыс ҚР бойынша ТЖ жалпы санының ең көп саны бойынша үшінші орында тұр – 9,8%, ШҚО – (273), ҚР – (2796).
Соған қарамастан облыс бойынша ТЖ төмендеуі айрықша төмендеген, 36,4% (156 жағдайға).
Зардап шеккендер саны да 49,1%-ға қысқарған (52 адам).
Қаза болағндар саны 19,1%-ға азайған.

kn2Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
(көлік апаттары және жол-көлігі оқиғалары;
өндірістік және тұрмыстық өрттер және жарылыстар;
өнеркәсіптік авариялар және қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар)
Есеп беру мерзімінде 268 техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар болған (2012 жылмен салыстырғанда 36,9%, 425 оқиға), соның ішінде 259 (96,6%) оқиға тұрмыстық және өндірістік өрттер. Бұл ретте 53 адам зардап шекен (2012 жылмен салыстырғанда 39,8%, аз 88 адам), оның ішінде 38 адам қаза болған (2012 жылмен салыстырғанда 19,1% аз, 47 адам).
Алдын ала деректер бойынша материалдық шығын 80,1 миллион теңгені құраған, 2012 жылмен салыстырғанда аз, 138,6 миллион теңге.

kn2Көлік апаттары және оқиғалары
Өткен мерзімде шұғыл деректер бойынша облыста автожолдардағы ірі көлік апаттары және темір жолы және әуе көлігі оқиғаларының 4 оқиғасы тіркелген (2012 жылмен салыстырғанда 2 есе көп, 2 оқиға). Бұл ретте 14 адам зардап шеккен (2012 жылмен салыстырғанда 13 адамға көп, 1 адам), оның ішінде 10 адам қаза болған (2012 жылмен салыстырғанда 9 адамға көп, 1 адам).

kn2Автокөліктегі апаттар мен оқиғалар
Есеп беру мерзімінде автожолдарда 2 ірі жол-көлігі апаты тіркелген (2012 жылмен салыстырғанда 2 есе көп, 2012 жылы оқиға тіркелген жоқ), бұл ретте 14 адам зардап шеккен (2012 жылмен салыстырғанда 14 адамға көп), оның ішінде 10 адам қаза болған (2012 жылмен салыстырғанда 10 адамға көп).
31 қаңтарда Катонқарағай ауданының 254 километрінде «Өскемен – Рахмен қайнарлары» автожолында «ВАЗ» автомобилі «КамАЗ» автомобилімен соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде 5 адам оқиға орнында қаза болған.

kn2Темір жол көлігіндегі апаттар мен оқиғалар
Есеп беру мерзімінде темір жолындағы апаттар мен оқиғалар туралы 2 хабарлама тіркелген, 2012 жылдың есеп беру мерзіміне ұқсас, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, 2012 жылы 1 адам зардап шегіп, 1 адам қаза болған.
26 наурызда Жарма ауданындағы 763 километрде «Семей-Алматы» темір жолында №2804 жүк пойызының 10 вагоны рельстен шығып кеткен. Рельстен 24-ші вагоннан 33-ші вагонге дейін шығып кеткен. Рельстен шығып кету салдарынан 2 пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары 14 сағаттан кейін аяқталып, пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. ТЖ салдарын жоюға Семей станциясының қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

kn2Әуе көлігі және ғарыш аппараттарын ұшыру кезіндегі апаттар және оқыс оқиғалар
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігіндегі апаттар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлама тіркелген жоқ, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

kn2Өрттер мен жарылыстар, от және газдың кенеттен шығарындысы
(өндірістік және тұрмыстық өрттер, газ жарылысы, оқ-дәрілердің жарылысы және анықталуы, техногенді сипаттағы қайғылы оқиғалар)
Өткен мерзімде өндірістік және тұрмыстық өрттер, газ жарылысы, техногенді сипаттағы қайғылы оқиғалар, оқ-дәрілердің жарылысы және анықталуы туралы 259 хабарлама келіп түсті (2012 жылмен салыстырғанда 37,1% аз, 412 оқиға). Бұл ретте 36 адам зардап шекті (2012 жылмен салыстырғанда 36,8% аз, 57 адам), оның ішінде 28 адам қаза болды (2012 жылмен салыстырғанда 37,8% аз, 45 адам).
7 қаңтарда Өскемен қаласында жеке тұрғын үйде (Тәуелсіздік даңғылы, 170) газ баллонының жарылысы болып, үй қабырғасы және аражабыны құлаған. Нәтижесінде 1 адам термикалық күйік алып, аурухана жатқызылды. Өрт аумағы 30 шаршы метр. Өрт бір сағат ішінде жойылды, ҚР ТЖК өрт сөндіру қызметінен 15 адам және 3 бірлік техника; ҚР ТЖК «АМО» ММ 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

kn2Өрттер
Шұғыл деректер бойынша қаңтар-наурыз айларында 258 өндірістік және тұрмыстық өрт болған. Өртте 35 адам зардап шеккен, оның ішінде 19 адам қаза болған. Материалдық шығын 80,1 миллион теңгені құрады. Өткен жылдың осыған ұқсас мерзімімен салыстырғанда өрт саны 36,5%-ға азайған, зардап шеккендер саны 12,5%-ға (40 адам), қаза болғандар саны 24%-ға, материалдық шығын 42,2%-ға (138,6 миллион теңге) азайған.
Адамдардың отпен абайсыз болуы, атап айтқанда мас күйінде шылым шегу қайғылы адам өлімінің әкеліп соғатын өрттің туындауының негізгі себептері болып қалуда, бірнеше жыл бойына осы себептермен болған өрттерде қаза болғандардың ең көп саны тіркелген.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрттердің туындауының негізгі себептері болып мыналар табылады:
Отпен абайсыз болу, электр жабдықтарын жөндеу және пайдалану ережелерінің бұзушылықтары, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары.
тұрғын үй секторында:
Семей қаласында 22 қаңтарда саяжайдағы үйде (№535 учаске) өрт шыққан, өрттің аумады 80 шаршы метр. Өрттің нәтижесінде 3 адам қаза болды, 1 адам ауруханаға жатқызылды. өрт 4 сағат ішінде жойылды, ҚР ТЖК өрт сөндіру қызметінен 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

kn2Өндірістік апаттар
Ағымдағы жылы есеп беру мерзімінде өндірісте (соның ішінде ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық инспекциясына бақылауындағы кәсіпорындар мен объектілерде) 2 төтенше жағдай тіркелген (2012 жылмен салыстырғанда 1 жағдайға көп, 1 оқиға), 3 адам зардап шекті (2012 жылмен салыстырғанда 2 есе көп), қаза болғандар жоқ, 2012 жылы 1 адам.
13 ақпанда Риддер қаласында кен өндірісін тексеру кезінде бөлініп қалған кен массасымен «Казцинк-Шахтострой» ЖШС жұмысшы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

kn2Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ) және радиоактивті заттардың шығарындысымен болған апаттар
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында ҚӘУЗ табылуы туралы хабарлама келіп түскен жоқ, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 2012 жылдың есеп беру мерзімінде 1 оқиға келіп түскен, 29 адам зардап шекті, қаза болғандар жоқ.

kn2Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар
Есеп беру мерзімінде тіршілікті қамтамасыз  ету жүйесінде 3 оқиға тіркелген (2012 жылмен салыстырғанда 66,7%-ға аз, 9 оқиға), зардап шеккендер жжәне қаза болғандар жоқ.
Ең ауыр оқиға:
21 қаңтарда Өскемен қаласында диаметрі 300 мм су құбыры жарылған. 1177 абонент суық сусыз қалды. Суды жеткізу қамтамасыз етілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бір тәуліктен кейін аяқталды, сумен қамтамасыз ету «Водоканал» ҚМКК апаттық бригадасымен (7 адам және 6 бірлік техника) қалпына келитірілді. Сумен қамтамасыз  ету толық көлемде қалпына келтірілді.

kn2Табиғи төтенше құбылыстар
(гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар; табиғи өрттер; қауіпті инфекциялық аурулар және адамдардың улануы;
жануарлардың жаппай қауіпті ауруы;
өсімдіктер зиянкестерінің жаппай тарауы;
судағы оқиғалар, 2 баллдан жоғары жер сілкінісі)
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында табиғи төтнше жағдайлар туралы 5 хабарлама келіп түсті (2012 жылдың осы осы мерзімімен салыстырғанда 20%-ға көп, 4 оқиға), 1 адам зардап шеккен (2012 жлдың осы мерзімімен салыстырғанда 94,4% аз, 18 адам), қаза болғандар тіркелген жоқ.

kn2Гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстар
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстар туралы 1 хабарлама келіп түсті (2012 жылдың есеп беру кезеңінде хабарлама келіп түскен жоқ), зардап шеккендер мен қаза тіркелген жоқ.

kn2Боран, қарлы боран, қардың көп түсуі
Облыста 13 қаңтарда және 12 ақпанда барлық бағыт бойынша қозғалыс жабық болды, 13 қаңтардан 15, 17, 21, 22, 26 қаңтарға дейін, 28 қаңтардан 31 қаңтарға дейін және 1, 2, 14, 15, 17, 20 ақпанға дейін, 26 ақпаннан 28 ақпанға дейін, 3, 4, 7, 8, 10, 11 наурызға дейін барлық автокөлік түрлеріне республикалық және облыстық мақсаттағы автомобиль жолдары жабық болды.
Жедел топтар жол учаскелерінде, соның ішінде қарлы бұрқасында құтқару іс-шараларын жүргізді және жолаушылар және жеке көлігінің ақаулығы кезінде көмек көрсетілді.
11 қаңтарда «Өскемен – Зырян – Степнок кенті – Ушанов ккенті» автожолында қарлы бұрқасында 12 автомашина және 26 адам қалып қойған. ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (5 адам және 1 бірлік техника) адамдары машина тіркеме арқылы шығарылды.
15 қаңтарда Үржар ауданда «Алматы-Өскемен» автожолының 688 километрінде қарлы бұрқасынннан ТЖБ және ҚР ТЖК өрт сөндіру қызметі күшімен қарлы бұрқасыннан 65 адам (оның ішінде 5 бала) және 40 автомобиль шығарылып, құтқарылды.
23 қаңтарда нашар метеожағдайларға байланысты (қарлы бұрқасын) ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (2 адам және 1 бірлік техника) санитарлық авиация медици қызметкерлерімен Көкпекті аудандық ауруханасынан Өскемен облыстық ауруханаға 15 жастағы науқасы асқынған жасөспірім жеткізілді; ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (4 адам 1 бірлік техника) нашар метеожағдайларға (қарлы бұрқасын) байланысты Қалбатау ауылынан санитарлық авиация медиктерінің көмегімен Өскемен облыстық ауруханаға аяғы ауыр әйел (босануға) адам жеткізілді; Глубокое ауданында ҚР ТЖК өрт сөндіру қызметінің күшімен қарлы бұрқасыннан 44 автомашина және 89 адам шығарылды; Жарма ауданында ҚР ТЖК өрт сөндіру қызметінің күшімен (5 адам және 2 бірлік техника) қарлы бұрқасыннан 2 автобус жжәне 76 адам (оның ішінде 10 бала) шығарылды.
24 қаңтарда ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (7 адам және 3 бірлік техника) нашар метеожағдайларға (қарлы бұрқасын) байланысты Өскемен-Риддер тас жолынан 15 адам шығарылды. Быструха кентінде 1 сырқа т адам шығарылды. Барлық адамдар Өскемен қаласына жеткізілді.
23 қаңтардан 24 қаңтарға дейін Шемонаиха ауданында Первомайское және березовка ауылдары арасында ҚР ТЖК күшімен (2 адам және 2 бірлік техника) 62 адам шығарылды.
24 қаңтарда Жарма ауданында ҚР ТЖК өрт сөндіру қызметі күшімен (3 адам және 1 бірлік техника) «Газель» автомобилі және 12 адам шығарылды.
26 қаңтарда Жарма ауданында ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (8 адам және 3 бірілк техника) қарлы бұрқасыннан 57 бірлік техника (с.і. 3 автобус) және 80 адам (с.і. 6 бала) шығарылды. 27 қаңтарда ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (3 адам және 1 бірлік техника) нашар метеожағдайларға (қарлы бұрқасын) байланыстыҰзынбұлақ ауыланан Өскемен қаласына ауруы асқынған адам жеткізілді.
28 қаңтарда ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (3 адам және 1 бірлік техника) нашар метеожағдайларға (қарлы бұрқасын) байланысты Глубокое ауданы Быструха ауылынан сырқаты асқынған адам шығарылып, Өскемен қаласындағы ҚР ТЖК «АМО» ММ қызметкерлеріне тапсырылды, сондай-ақ «Өскемен-Алматы» автожолының 65 километрінде ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (2 адам және 1 бірлік техника) Өскемен қаласына жеткізілді. Сол күні «Өскемен-Самар» автожолында ҚР ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ күшімен (6 адам және 3 бірлік техника) қарлы бұрқасыннан 12 адам Самар кентіне, 5 адам Өскемен қаласына жеткізілді.
1 наурызда Аягөз ауданында Аягөз қаласынан 50 километр «Алматы-Өскемен» автожолында ТЖБ күшімен (2 бірлік техника) қарлы бұрқасыннан 50 автомобиль және 5 автобус шығарылды. Жол тазаланып, авто көлік қозғалысы жалғастырылды. 38 адам құтқарылды.
6 наурызда Бесқарағай ауданында және Семей қаласында қарлы бұрқасыннан өрт сөндіру қызметінің күшімен (4 адам және 2 бірлік техника) 6 бірілк техника және 8 адам көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қардың көп түсуінен болған төтенше жағдайлар:
11 ақпанда Өскемен қаласында қарды көп түсуіне байланысты қала жолдарын қар басып қалған. Қала әкімі – АҚ бастығы қардың көп түсуіне байланысты табиғи сипаттағы ТЖ жою бойынша шаралар туралы бұйрық шығарды. Қардың көп түсу салдарын жою бойынша штаб құрылды. Қалааумақты тазалау бойынша көмек көрсету және бақылау бойынша жауаптыны тағайындай отырып 14 ауданға бөлінді. Қала әкімі, ТҮКШ және ШҚО ТЖД өкілдері теледидар бойынша 3 рет сөз сөйледі. Теледидар арналары және 1 радиоарнасын 6 рет ұсталып жүргізілді. Қала аумағында 158 көше, 783 аула аралық аумақ тазартылды, сондай-ақ қардан 612 үй мен ғимараттың шатыры тазаланды. 6663 дана жаднама (3697 адамға және 2696 ұйымға) таратылды.
Барлығы қарды тазалаудың басталуымен 700000 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы, 900000 шаршы метр тұрғын үй секторындағы көшелер мен кварталаралық өту жолдары тазартылды және 134100 текше метр қар шығарылды.
Қалада жағдай тұрақтандырылды. Кварталаралық және аулааралық аумақтардағы қарды тазалау 291 ЖПИК және кондоминиум қызметкерлерімен жалғастырылуда. Қарды тазалау бойынша жұмысқа 173 адам және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарының мердігерлерінің 136 бірлік техника (соның ішінде қарды тазалауға арналған 25 техника) жұмылдырылды.

kn2Қар көшкіні қауіптілігі
Өздігінен жаппай көшкін түсуі мына жерлерде байқалды:

    1. 25 қаңтарда «Өскемен-таулы Үлбі-Северное» автожолының 21-33 километрінде жалпы көлемі 7300 текше метр 4 қар көшкіні түскен. Жол жабылып, «ОблШығысЖол» ҚМК жолды тазалады.
    2. 28 қаңтарда «Өскемен-Зырян» автожолының 61-64 километрінде жалпы көлемі 9850 текше метр 6 қар көшкіні болған. Жолдар «КазАвтодор» РМК 2 бірлік техникасымен тазартылды.
    3. Зырян-Зубовка автожолында №9 және № 10 көшкін жинағынан 7300 текше метр 2 көшкін түскен. Көшкін жолға дейін жетіп, саяжай алқабының шаруашылық құрылысы зардап шеккен.
    4. 29 қаңтарда «Өскемен-Зырян» автожолының 63.5, 63.7 километрінде ауданы 9850 текше метр 2 қар көшкіні болған. Түскен қар толығымен жолды жауып тастаған. Қармен 1 жеңіл автомобилі көміліп қалған. Жолды тазалау «КазАвтодор» РМК және «ОблШығысжол» күштерімен тазартылды.
    5. 2 наурызда «Өскемен-Самар» автожолының 99 және 100 километрінде жалпы ауданы 4000 текше метр 12 қар көшкіні болған. Қар көшкіні толығымен жолды жауып тастады. Тазалау «ОблШығысЖОл» ҚМК техникасымен жүргізілді.
    6. 3 наурызда «Өскемен-Самар» тасжолында жалпы ауданы 5500 текше метр 2 қар көшкіні болған. Қар көшкіні толығымен автожолды жауып тастады. Жол «ОблШығысЖОл» ҚМК техникасымен тазартылды.
    7. 4 наурызда жалпы ауданы 68121 текше метр 23 қар көшкіні болды. Қар көшкіні автожолды жартылай жауып тастады.
    8. 6 наурызда «Берел-Рахман қайнарлары» автожолының 92 және 95 километрінде жалпы ауданы 20000 текше метр 2 қар көшкіні болды. Қар көшкіні автожолды толғынымен жауып тастады.
    9. 6 наурызда «Өскемен-Самар» автожолында 98, 100, 101 километрінде жалпы ауданы 38850 текше метр 4 қар көшкіні болған. Қар көшкіні жолды толығымен жауап тастады.
    10. 8 наурызда «Берел-Рахман қайнарлары» автожолында 94 километрде жалпы ауданы 9000 текше метр қар көшкіні болды. Қар көшкіні толығымен жолды жауып тастады.
    11. Автожолдар бойынша жүру қауіпсіздігі мақсатында 50050 ттекше метр қар түсірілді. Облыс бойынша 18 алдын ала қар түсірілді, 20700 текше метр қар түсірілді.
    12. Профилактикалық қар көшкінін түсіру мына жерлерді жүргізілді:
    13. 23 қаңтарда «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолының 134 км 900 м, 134 км 600 және 101 км жалпы ауданы 3000 текше метр 3 профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Қар көшкіні жартылай жолды жауып қалды. Қар тазалау жұмыстарына «ОблШығысЖол» ҚМК 3 бірлік техника; ҚР ТЖК «Қазселденқорғау» ММ 5 адам; ҚР ТЖК ШҚО ТЖД «ШӨАЖҚЖ» ММ 5 адам; ҚР ТЖК «АМО» ММ 3 адам жұмылдырылды.
    14. 30 қаңтарда Өскемен-Зырян автожолында 62,6-64,8 учаскесінде жжалпы ауданы 6500 текше метр 3 профилактикалық қар көшкінін түсіру жүргізілді. Қар көшкіні жолды толық жауып қалды. Жолды тазалау «КазАвтодор» ҚМК күшімен жүргізілді (8 бірлік техника).
    15. 14 наурызда Өскемен-Зырян автожолында жалпы ауданы 5340 текше метр 4 профилактикалық қар көшкінін түсіру жүргізілді. Қар көшкіні жолға түсіп, «Казавтодор» ҚМК 3 бірлік техникасымен тазалау жүргізілді.
    16. 15 наурызда «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолында жалпы ауданы 3200 текше метр 3 профилактикалық қар көшкінін түсіру жүргізілді. Қар көшкіні жолды жауып қалды. Жолды тазалау «Казавтодор» РМК күшімен (3 бірлік техника) жүргізілді.
    17. 21 наурызда Катонқарағй ауданында жалпы ауданы 3500 текше метр 3 профилактикалық қар көшкінін түсіру жүргізілді. Қар көшкіні жолды жартылай жауып қалды. Жолды тазалау «Казавтодор» РМК күшімен (2 бірлік техника) жүргізілді.

kn2Табиғи өрттер
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында табиғи өрттер туралы хабарламалар келіп түскен жоқ, зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ.

kn2Адамдар мен жануарлардың қауіпті инфекциялық аурулар
2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында адамдардың сырқаттануы туралы 1 хабарлама келіп түсті (2012 жылға қарағанда 75% аз, 4 хабарлама), 1 адам зардап шеккен (2012 жылға қарағанда 94,4% аз, 18 адам), қаза болғандар тіркелген жоқ.

kn2Судағы оқиғалар
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында судағы оқиағалар туралы хабарламалар келіп түскен жоқ, зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ.

kn2Жер сілкінісі
Облыс аумағында ағымдағы жылдың есеп беру кезінде Рихтер шкаласы бойынша екпінділігі 2 баллдан жоғары 3 жер сілкінісі тіркелген. 2012 жылы жер сілкінісі тіркелген жоқ.

kn2Құтқару операцияларын жүргізу
ШҚО ТЖД күшімен 986 шығу жасалды, 852 адам құтұқарылды, соның ішінде 110 бала.

Жиыны:
МӨҚҚ 857 770 99
«СҚҚ» ММ  20 1 0
ШӨАЖҚЖ 109 81 11
ЖИЫНЫ: 986 852 110

2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша ТЖ көрсеткіштерінің өсуі-азайтылуын және 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында пайыздық қатынастағы оқиғаларды есепке алғандағы негізгі көрсеткіштер

Оқиғалар/ТЖ саны/ Зардап шеккендер барлығы адам/ ТЖ кезінде
Оның ішінде қаза болғандар барлығы/ТЖ кезінде
Тікелей шығын, млн теңге барлығы/ТЖ кезінде
2013 ж. 2012 ж. + - % 2013 ж. 2012 ж. + -% 2013 ж. 2012 ж. + -% 2013 ж. 2012 ж. + -%
273
/
33 429
/
54 -36,4
/
-38,9 54
/
50 106
/
88 -49,1
/ -43,2 38
/
28 47
/
47 -19,1
/
-40,4 80,1
/
- 138,6
/
- -42,2
/
-
Бөлімшелер елді мекендердегі тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеренің жағдайына бақылау жасау бойынша іс-шараларға ерекше назар аударады. Осы мәселелердегі проблемалардың туындауына әкеліп соғатын анықталған бұзушылық фактілері туралы жергілікті атқарушы органдары, пайдаланушы ұйымдар, прокуратура органдарына дер кезінде хабар беріледі.

Мұзда және суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз  ету бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жергілікті атқарушы билік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп барлық шара қабылданады.

Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп алдағы су тасқыны кезеңіне ддайындық бойынша іс-шаралар өткізу ұйымдастырылады.
Тұрғын үй секторындағы өрттермен байланысты үнемі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрғындар арасында алдын алу жұмыстарына тарту, ерікті өртке қарсы құрылымдар мүшелерін, елді мекендердегі өрттерді жоюға жасақшыларды тарту жүйесін дамыту, өрт сөндірудің ауылдық тіректі пункттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өрт қауіпті мерзім алдында табиғи аймақтағы өрттердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізлуде, шаруа қожалықтарының көктемгі егістік жұмыстарына ддайындығына ерекше көңіл бөлінуде.
Денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп кене энцефалиті туралы тұрғындарға хабарлау ұйымдастырылды.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 13:59 / 2016-07-04 11:46