Мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі ШҚО ТЖД) Сіздің 2015 жылғы 21 қазандағы  № 7-1-2-14/7420  хатыңызға ШҚО ТЖД-ның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: Ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге құқық беретін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестатау»; «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»; «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есепке алу)».

Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдар мен құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидасының 7-тармағына сәйкес ШҚО ТЖД бастығының «Шығыс Қазақстан облысының Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдары мен құтқарушыларын  аттестаттау және қайта аттестаттау бойынша аумақтық комиссия құру туралы» 2015 жылғы 26 маусымдағы № 112 бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдары мен құтқарушыларын  аттестаттау және қайта аттестаттау бойынша аумақтық комиссиясының құрамы бекітілді.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2015-10-28 15:50 / 2016-01-11 10:16