Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы

Андрей Владимирович Андрейко

- 1978 жылғы 3 қантарда ШҚО, Өскемен қаласында туған. Ұлты – орыс.
2001 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызметін бастаған. 1998 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы №1 МӨҚҚ-ті мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасағының инспекторы лауазымына қызметке түскен. 1999 жылдың наурызынан 2002 жылдың желтоқсанға дейін ШҚО МӨҚҚ-нің МӨҚБ-ның лицензиялау және өртке қарсы нормалау бөлімінің инженері лауазымы бойынша қызмет атқарған. 12.2002-03.2005 жылдар аралығында ШҚО МӨҚҚ бас басқармасының МӨҚБ-нің нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2005-2006 жылдар аралығында лицензилау бөлімінің бастығы болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін ШҚО ТЖД МӨҚБ-мі басқармасында анықтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. 2009-2016 жылдың қаңтар аралығында ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ бойынша басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 2016 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ бойынша басқармасының мемлекеттік өтті бақылау бөлімінің бастығы болды. 2016 жылғы тамыз айында Шығыс Қазақстан облысыТөтенше жағдайлардепартаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған. 2017 жылғы мамырда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды

Марапаттары:
- ІІІ, ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі;

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасы туралы ереже  

І. Жалпы ережелер

  1. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы (бұдан әрі Басқарма) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі Министрлік) Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі Комитет) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі Департамент) құрылымы болып табылады, негізгі қызметі төтенше жағдай туралы жедел ақпараттарды жинау және жіберу, «Арал» хабарландыру республикалық жүйесі бойынша дабылдарды өңдеу.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штаттық саны Комитеттің штаттық кестесімен белгіленеді.

ІІ. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

  1. Міндет: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай (бұдан әрі ТЖ) қаупінде және туындау фактісі туралы және оларды жоюда апаттық-құтқару және халықтың тіршілік әрекетіне зиян келтіру туралы ақпараттарды қабылдау.

Функциялары:

  1. тәулік бойы жедел кезекші қызметін атқару;
  2. азаматтар мен ұйымдардан ТЖ туындау қаупі немесе фактілері туралы хабарламалар қабылдау.
  3. Міндет: ТЖ қаупіне немесе туындауына жедел ден қою.
  4. Функциялары:

    1. ТЖ жою үшін күштер мен құралдарды жедел жіберу;
    2. ТЖ аймағында авариялық-құтқару жұмысын ұйымдастыру және жүргізу кезінде ТЖ жою жөніндегі басшының нұсқаулары мен өкімдерін қабылдау және жіберу;
    3. жоғары тұрған басқару органдарымен қойылған міндеттерді кезекші қызметтерге немесе кезекші диспетчерлік қызметтерге жеткізу және олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ ТЖ жою кезінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіру.
    4. Міндет: ТЖ болжамы, туындау және жою бойынша жедел ақпараттар жинау және өңдеуді жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1. өзара әрекеттегі кезекші-диспетчерлік қызметтерден қоршаған орта мониторингтік жүйесінің (аварияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және аса қауіпті объектлер және халық тіршілігі  объектілерінің қауіпсіздігінің интегралды автоматтандырылған жүйесі), гидрометеорологиялық, радиациялық, санитарлық-эпидемологиялық жағдай, ғарыш мониторингісі және т.б. жедел жағдай туралы мәліметтерді жинау;
    2. ТЖ туындау фактілері және салдары, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыс барысы туралы шұғыл ақпарат жинау және өңдеу;
    3. Департамент бастығының нұсқауы бойынша тартылған күш пен қолданылған құралдар құрамын, қажетіне қарай олардың бағыттарын анықтау және оларды ең жоғарғы деңгейде дайындау;ъ
    4. ТЖ жоюға қатыстырған жағдайда азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен кұштері облыстық жүйесінің құрамына кіретін азаматтық қоғаныс қызметтерімен ақпарттық өзара іс-қимыл.
    5. Міндет: Департамент және жергілікті атқарушы органдардың, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі РДО) басшылығын ақпараттандыру, ТЖ туралы ақпараттық материалдарын белгіленген тәртіпте, оларды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы әзірлеу.

    Функциялары:

    1. ТЖ туындау фактілері және салдары, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыс барысы туралы жедел ақпаратты дайындау және жоғары тұрған басшылыққа ұсыну;
    2. облыс аумағындағы шұғыл жағдай туралы жедел ақпаратты дайындау және ұсыну.
    3. Міндет: белгіленген тәртіпте немесе Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша көршілес облыстардың, сондай-ақ шет ел басқару органдарымен жедел қзара іс-қимылды ұйымдастыру.
    4. Міндет: байланыс және хабарландыру арналарының орнықты жұмыс істеуін бақылау, ТЖ қаупі немесе туындауы туралы халықты дер кезінде хабардар ету, «Арал» хабарландыру республикалық жүйесі бойынша дабылдарды қабылдау және уақытында жіберу.

    Функциялары:

    1. байланыс және хабардар ету арналарының тұрақты жұмысын бақылау;
    2. Департамент басшылығының бұйрығымен халықты құлақтандыру;
    3. «Арал» хабарландыру республикалық жүйесі бойынша бақылау, оқу-жаттығу және жауынгерлік дабылдарды қабылдау және уақытында жіберу.
  5.  Басқарманың жеке құрамымен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

  1. кәсіби даярлық бойынша сабақтар өткізудің тақырыптық жоспарын дайындау;
  2. лекциялық материал дайындау;
  3. жеке құраммен сабақтар өткізу.
  4.  Басқарма:
    1. Басқарма қызметінің бағыты бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінен қажетті деректерді сұратуға және алуға;
    2. Басқарма қызметінің бағыты бойынша Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне нұсқаулар беруге;
    3. шұғыл тәртіпте құзірет шегінде Департаменттің бөлімшелерімен, жергілікті атқару органдарымен өздігінше өзара іс-қимыл жасау;
    4. Басқарма қызметінің бағыты бойынша Департамент басшылығында құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларын тыңдауды бастамашылық етуге;
    5. Басқарма қызметінің бағыты бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде тақырыптық және басқа да тексерулер жүргізу кезінде қатысуға;
    6. Департаменттің Кеңестерінде және отырыстарында сұрақтарды қарауға бастамашылық етуге, Департаменттің жұмысына қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға.
    7. Басқарма құзіретінің шегінде оған жүктелген фунцияларды жүзеге асыру үшін басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  •  Басқарма міндеттері:
    1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын қатаң сақтау;
    2. Министрліктің Алқа шешімдерумен, Комитеттің шұғыл және аппараттық кеңес хаттамаларымен, жоспарларымен, Департаменттің аппараттық кеңестерінің және Департамент бастығының жанындағы Кеңес хаттамаларымен, Департамент және Басқарма жоспарларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
    3. Департамент бастығына бастықтың жанындағы Кеңес отырыстарында Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелерді қарастыру туралы ұсыныстар енгізу;
    4. құзірет шегінде мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз ету;
    5. «Құпиялы» және «ҚПҮ» грифімен құжаттармен жұмыс және сақтау бойынша талаптарды қатаң сақтау;
    6. қойылған міндеттерге сәйкес Басқарма құзіретінің шегінде басқа да міндеттер белгіленеді.
  • ІІІ. Басқарма қызметін ұйымдастыру

    1.  Басқарма негізгі міндеттер мен функцияларды заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыру үшін қажетті өкілдіктермен болады.
    2.  Басқарманы Департамент бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.
    3.  Басқарма бастығы Басқарма қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және оларды өз қызметінде жүзеге асыруға дербес жауапершілікте болады.
    4.  Осы мақсаттарда Басқарма бастығы:
      1. Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін жіне өкілдіктерін белгілейді;
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа өкілдіктерді жүзеге асырады.
    5.  Басқарманың негізгі қызметін кезекші ауысым жүзеге асырады.
    6.  Кезекшілік кестесі Департамент бастығымен белгіленеді.
    7.  Басқарманың кезекші ауысымдары кезекшілік ету барысында Комитеттің нұсқауларын жеткізу үшін РДО аға жедел кезекшісіне бағынады.
    8.  Қызметтік қажеттілік жағдайларда Департамент бастығының бұйрығымен кезекші ауысымдардың құрамы Департамент қызметкерлерінің санынан мамандармен күшейтілуі мүмкін.

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 14:00 / 2017-05-11 16:46