Ақпараттық-талдау бөлімі

Ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің бастығы -  Ермалкович Василий Анатольевич

Майор противопожарной службы Ермалкович Василий Анатольевич 1981 года рождения.
В органах государственной противопожарной службы с  декабря 2003 года. За время прохождения службы занимал ряд должностей младшего, среднего и старшего начальствующего состава.
В декабре 2014 года назначен на должность начальника информационно аналитического отдела Департамента по чрезвычайным ситуациям  Восточно-Казахстанской области КЧС МВД РК.

Телефон: .8(7232) 25 71 39

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар депаратаменті Ақпараттық-аналитикалық бөлімінің
ережесі

1. Жалпы ереже

1. Ақпараттық-аналитикалық бөлім (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министірлік) Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

2. Бөлім өзінің қызметін:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына;
- «Мемлекеттік қызмет туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік статистика туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына;
- Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық-процессуалдық, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық, еңбек кодекстеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» мен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне; 
- Азаматтық қорғау сферасындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне;
- Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық келісім шарттарға; 
- Министрлік туралы, Комитет туралы, департамент туралы ережелерге, сондай-ақ осы Ережеге;
- өзге да нормативтік құқықтық актілерге, Министрліктің, Комитеттің және Департаменттің бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен анықталады.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

4. Міндеті: Ақпараттық - аналитикалық қамтамасыз ету.

Функциялары:
1) Бөлім құзыреті шегінде Азаматтық қорғау Мемлекеттік жүйесі жұмыс істеуінің тиімділігін талдау;
2) Азаматтық қорғау органдары (Департамент, аумақтық органдар және Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелер) қызметінің тиімділігін талдау;
3) Мемлекеттік органдарды және Комитетті кестелерге, сұраныстарға, тапсырмаларға сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың өршуі мен қарқынының үрдістері туралы шолу - аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) Департамент басшылығын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылым жай-күйі туралы өңірлердің проблемалық мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасы ету;
5) Қазақстан республикасындағы Мемлекеттік жүйесінің негізін қалаушы құжаттарға қосу үшін Азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Даму стратегиясын, Елдің аумақтық - кеңістіктік даму болжамдық схемасын, облыстың дамыту бағдарламасын, сондай-ақ Бөлімнің құзыреті шегінде оларды іске асыру іс-шаралары жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;     
6) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын және Департаменттің құзыреті шегінде Жалпыұлттық жоспарларын іске асыру барысы туралы жинақталған аналитикалық ақпаратты дайындау; 
7) Азаматтық қорғау саласындағы отандық және шетелдік кешенді аналитикалық зерттеулердің оң тәжірибесін практикаға енгізу;

5. Міндеті: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу

Функциялары:
1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есебін жүргізу;
2) Азаматтық қорғау саласындағы қызмет бағыттары бойынша Дерек қордың:

  • қызметтің бағыттары бойынша Департамент бөлімшелерінің аналитикалық материалдармен;
  • облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған даму үрдістері туралы шолу - аналитикалық  ақпараттан ретроспективті деректермен;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен;
  • авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары, авиациялық бөлімшелері және ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен толықтырылуын үйлестіруді  және бақылауды жүзеге асыру;  

3) Жергілікті атқару органдарына ақпараттар жолдау:
- Шығыс Қазақстан облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар;
- резонансты төтенше жағдайлар және оларды жою тәжірибесі туралы мәліметтерді жіберу.

6. Міндеті: Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін сүйемелдеу және қамтамасыз ету:

Функциялары:
1) Департамент Web-порталын ақпаратпен толтыруды тұрақты мониторингілеуді, сондай-ақ уақытылы өзектендіруді қамтамасыз ету;
2) Департамент интернет-ресурсын толтыру үшін Бөлімнің құзыреті шегінде материалдарды тиісті бөлімшелерге ұсыну.

7. Міндеті: Ақпараттық-аналитикалық қызметті жетілдіру

Функциялар:
1) Депаратмент қарамағындағы аумақтық органдарға және мемлекеттік мекемелерге ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
2) желілік және желіаралық сипатағы аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша тақырыптарды қосып, ведомстволық жоспарлардағы «Ақпараттық-аналитикалық қызмет» бөлімдерді жыл сайынғы оңтайлы қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) ақпараттық-аналитикалық бөлімнің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын құру және Басқармамен келісу ;
4) Департамент қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі ақпараттық-аналитикалық жұмыстың жай-күйін зерделеу;
5) Департамент бастығы жанындағы Кеңес пен есеп жиналысында ақпараттық-аналитикалық жұмысының жай-күйі туралы ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелер мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілері мен бастықтарын тыңдау.

8. Құқықтары және міндеттері

  • Бөлімнің:
  • Департамент басшысына Бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді облыстық кеңестерде қарау туралы ұсыныстар енгізу;
  • Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығының жанындағы Кеңестердің жұмыстарына қатысу;
  • Департамент қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жұмыстары жай-күйін тақырыптық тексеруді жүзеге асыру;
  • Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу;
  • Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларын Департамент жетекшілері мен басшылығының тыңдауына қатысу және ұсыныстар енгізу;
  • Департамент қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінен Бөлім құзыреті шегінде белгіленген ақпарат сұрату және алу;
  • құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
  • Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша желілік және желіаралық аналитикалық зерттеулер жүргізу;
  • Департамент қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде жүргізілетін ақпараттық-аналитикалық жұмысты үйлестіру;

9.  Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар өтініштерін, шағымдарын қарау құқығы бар.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

10. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
11. Бөлімді Департамент бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастығы басқарады.
12. Бөлім бастығы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
13. Бөлім бастығы Бөлімнің құрылымы және штат кестесі бойынша  Департаменттің  басшылығына ұсыныстар енгізеді.
14. Осы мақсатта басшы:
1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 14:01 / 2016-05-04 16:07