Заң тобы

Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Заң тобы туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Заң тобы (бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Топтың құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
4. Топ Департамент бастығына (басшысына) тікелей бағынысты.

2. Топтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті:
Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Функциялары:
1) шарттардың жасалуын үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде әсер ету шараларын қолданады;
2) заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, Департамент пайдасына шешілмеген сот актісіне барлық сот инстанцияларына шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қадағалау тәртібінде, құзыреті шегінде наразылық білдіру туралы қолдау хат жазып, прокуратура органдарына хат жазады;
3) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдайды;
4) сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департамент мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсынады.
5) Департаментке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелі түрде есепке алынуын және сақталуын ұйымдастырды.
6. Міндеті:
Департаменттің заңнаманы қолдану практикасын қорытындылайды.
Функциялары:
талап қою жұмысының, сотта тиісінше іс қарауға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен болған даулар бойынша сот практикасының жай-күйіне талдау жасайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
7. Міндеті:
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқыту ұйымдастырады.
Функциялары:
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, Топ құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуға қатысады және ұйымдастырады.
8. Міндеті:
нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Функциялары:
1) құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Департамент бастығының (басшысының) тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департаменттің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiндiрулер дайындайды.
9. Топтың құқықтары мен міндеттері:
1) өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінен және құрылымдық бөлімшелерінен сұратады;
2) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша кешенді тексерулер жүргізуге қатысады;
3) Департамент басшылығының келiсiмiмен Департаменттің құқықтық мәселелері жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен Департаментте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн Департаменттің басқа құрылымдық бөлiмшелері мен ведомстволарының қызметкерлерiн тартады;
4) Бөлім жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) тексерулердің, қызметтік тексерулердің нәтижелері бойынша Топтың, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) Департамент өткізетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысады, конкурстық құжаттаманың және рәсімдердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған қаржылық шарттарға сараптама жүргізеді.

3. Топтың қызметін ұйымдастыру

10. Топ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
11. Топтың қызметкерлерін қызметке Департамент бастығы (басшысы) тағайындайды және қызметтен босатады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.
12. Осы ережеге сәйкес Топқа олардың қызметiне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.
13. Департаменттің бюджет қаражатының шегiнде Топта оның тиiмдi және сапалы қызметi үшiн мыналарды қоса алғанда, тиiстi жағдайлар жасалады:
жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегi мерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық актілердiң электрондық қорымен қамтамасыз ету;
Топ  қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру  үшiн тұрақты негiзде iс-шаралар ұйымдастыру.
14. Департаментті қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, Топты таратуға жол берiлмейдi.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 14:02 / 2016-01-11 09:47