Штаб

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (бөлімше құқығында) туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ)  Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  (бұдан әрі – Департамент) Штабы (бөлімше құқығында) (бұдан әрі – Штаб) құрылымдық және мемлекеттік мекемелердің жедел басқару қызметін іске асыратын, сондай-ақ Департамент бастығының ұйымдастырушылық-басқару және өзге де қызметін қамтамасыз ететін  Департаметтің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін,  өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
3. Штабтың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен анықталады.
4. Штаб 3 қызметкерден тұрады:
1) бөлімше бастығы – азаматтық қорғау;
2) бас маман – азаматтық қорғау;
2) бас маман - мемлекеттік әкімшілік қызметші.

2. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

5. Міндеті: Департамент қызметін үйлестіру және басқару шешімдерін әзірлеу. 
Функциялары:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік жұмысы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды жинақтау және талдау, проблемалық мәселелерді анықтау, Департамент басшылығына оларды шешу жөнінде ұсыныстарды енгізу;
2) ІІМ штабы мен Департамент басшылығының тапсырмаларын, нұсқауларын іске асыру мақсатында аналитикалық, ақпараттық, анықтамалық материалдарды дайындау;
3) Департамент басшылығы үшін ІІМ Алқа отырысына, ІІМ және Комитеттің жедел және аппараттық кеңестеріне қызметтік жұмыс мәселелері бойынша материалдарды дайындауды қамтамасыз ету.  
6. Міндеті: Департаментте және оның құрылымдық бөлімшелерінде жоспарлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Департамент жұмысын жоспарлауды үйлестіру;
2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде Департаменттің бақылау-тексеру іс-шаралары, Департаменттің қызметтік іссапарлары,  қызмет қорытындысы бойынша есептік кеңес  жоспарларын әзірлеу;
3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
4) сапалы жоспарлауды талдау, оны жетілдіру жөніде ұсыныстар енгізу және құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;
5) Департаменттің жұмыс жоспарларын түзету бойынша Департамент басшылығына қажет болған жағдайда ұсыныстарды енгізу.
7. Міндеті: Департамент аппаратында қызметті бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ІІМ, Комитеттің, жергілікті атқарушы және басқа жоғары тұрған мемлекеттік органдардың директивті құжаттарын орындауына бақылауды жүзеге асыру;
2) Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің ІІМ басшылығы тапсырған, оның ішінде Комитеттің қорытынды, жедел және аппараттық кеңестерінде берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;  
3) Департаменттің жұмыс жоспарының және Комитетке бекітілген ІІМ Операциялық жоспары іс-шараларының орындалуын бақылау;
4)Департаменттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ІІМ алқасының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау;
5) Департамент қызметкерлерінің бақылау-тексеру іс-шараларына, қызметтік іссапарларға шығуын үйлестіруді жүзеге асыру;
6) Департаменттің бұйрықтары бойынша іссапарға жіберілген қызметкерлердің қызметтік іссапарлар қорытындысы бойынша материалдарды (есептерді) уақытында ұсынуды бақылау;
7) ІІМ Алқасына, ІІМ және ТЖК жедел кеңестеріне, сондай-ақ Департамент басшылығының төрағалығымен өтетін қорытынды кеңестерге Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің материалдарды уақытында әзірлеуін бақылау;
8) Департамент басшылығының іс-шаралар кестесіне материалдардың әзірленуіне, құрылымдық бөлімшелердің Департамент басшылығының кестесіне іс-шараларды уақытында енгізуін бақылау;
9) кешендік, тақырыптық және бақылау тексеру барысында анықталған Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің қызметтік жұмысындағы кемшіліктерді және бұзушылықтарды жою сапасына және дәрежесіне бақылауды жүзеге асыру;
10) уақытында орындалуын қамтамасыз ету үшін түскен тапсырмалардың және құжаттардың орындалуына бақылау мерзімдерін орнату, қажет болған жағдайда Департамент басшылығына тиісті шешімдер қабылдау үшін мерзімінен кеш орындалған және/немесе мерзімінде орындалмаған туралы ақпараттық материалдарды енгізу.
8. Міндеті: Комитет қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың қызметтік жұмысына инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру.
Функциялары:
1) Департаментке бағынысты құрылымдық бөлімшелерде, мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырушылық-басқару, қызметтік жұмысына және орындаушылық тәртіп жай-күйіне тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру;
2) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы жанындағы Кеңестің жұмысын талдау;
3) тексеру қорытындысы бойынша Департаментке бағынысты құрылымдық бөлімшелерде, мемлекеттік мекемелерде қызметтік жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
4) инспекциялау (тексеру) нәтижелері бойынша материалдарды (анықтамаларды) Департамент бастығына қарауға ұсыну;
5) тексеру қорытындысы бойынша Департаментке бағынысты құрылымдық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіруде және ұйымдастыруда Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің рөлін зерделеу;
6) қызметтік тәртіпті бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды Департамент басшылығына қарауға енгізу.
9. Міндеті: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша бақылау объектілеріндегі қызметтік жұмысында заң бұзушылық фактілері туралы өзге ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қарау.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақытында қарауды қамтамасыз ету;
2) Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың  бұзылған құқығын және бостандығын жоюға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау;
10. Штабтың:
1) Штаб құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен олар белгілеген мерзімде қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді, оның ішінде Министрдің, Комитет төрағасының, Департамент басшылығының бұйрықтар мен нұсқауларын, ІІМ Алқа шешімдерінің, ІІМ, ТЖК шұғыл және аппараттық кеңестердің, жоспарлардың орындалу барысы және нәтижелері туралы ақпарат сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпиялылық режімнің сақталуын ескере отырып, тексеру іс-шаралары мәселесіне қатысты құжаттармен кедергісіз айналысуға, олардың орындалуы туралы қажетті мәліметтер алуға;
3) Департамент бөлімшелерін басқару шешімдерін әзірлеу үшін, ІІМ Алқасында және жедел кеңестерде қаралатын материалдарды, ведомстволық нормативтік актілерді, ІІМ-ге құжаттар мен ақпаратты дайындауға тартуға;
4) Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс жағдайына тақырыптық тексерулерді жүзеге асыруға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жоспардан тыс тақырыптық тексерулер жүргізуге;
5) Штаб құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаметтің құрылымдық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беруге; 
6) Департамет басшылығының келісімі бойынша Штаб құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаметтің құрылымдық мен ведомстволық бөлімшелердің басшыларын тыңдауға;
7) талдау, тексеру және қызметтік тексерулер нәтижелері бойынша Штаб құзыретіне жататын мәселелер бойынша тексерілген бөлімшелердің қызметін сипаттауға;
8) қызметтік тәртіпті бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды Департамент бастығына қарауға енгізуге құқығы бар.
12. Штабтың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) ІІМ Алқа шешімдерімен, ІІМ, Комитеттің шұғыл және аппараттық хаттамаларымен,  Комитеттің және Штабтың жоспарларында көзделген іс-шаралардың  орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
3) Комитет құзыретіне жататын мәселелерді ІІМ Алқасында, соның ішінде ІІМ, Комитеттің шұғыл және аппараттық кеңестерінде қарау жөнінде Департамент бастығына  ұсыныстарды енгізу;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;

3. Штабтың қызметін ұйымдастыру

12. Штаб заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
13. Штабтың жұмысын Департамент бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Штабтың қызметкерлері (бөлімше бастығы мен екі бас маман) ұйымдастырады.
14. Осы лауазымды атқаратын орындаушы болмаған кезде Штабтың бас маманы  алмастырады, Штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-29 11:39 / 2018-02-22 15:55