Азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасы

kn2 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімнің бастығы –

kn2 Өмірбаяны:

kn2Телефон:(8-7232) 26-50-33

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімнің Ережесі

Жалпы ережелер

1. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі (бұдан әрі – бөлім) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарын және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім өзінің құрылымында бөлім бастығынан, аға офицерден, бас және жетекші мамандардан тұруы мүмкін.
3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген, Департаменттің штат кестесімен анықталады.
Бөлім бастығының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын Департамент бастығы бекітеді.
4. Бөлім бастықтан және үш бас маманан тұрады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.
Функциялары:

  1. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
  2. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  3. Ішкі істер министрлігі мен Комитеттің мемлекеттік, салалық бағдарламаларында және тұжырымдаларында, Стратегиялық жоспарында, жыл сайынғы операциялық жұмыс жоспарында, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Стратегиялық жоспарының, Қазақстан Републикасы Премерь-Мнистрмен Министр аралығында жыл сайынғы Меморандумның нысанды индикаторларына қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен сектораралық келісімдерінде көзделген іс-шараларды өз құзыреті шегінде қалыптастыруды және одан әрі практикалық іске асыруды қамтамасыз ету;
  4. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
  5. бөлім құзыретіне жататын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысына материалдар және хаттамалық шешімдерді орындау туралы ақпарат дайындау;
  6. Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиның жұмысын қамтамасыз ету;
  7. шаруашылық жүргізетін объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыс әкімі деңгейінде кешенді іс-шараларды әзірлеу және бекіту;
  8. Бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша Министрліктің Алқа отырыстарына материалдар, сондай-ақ қаулыны орындау туралы ақпарат дайындау;
  9. жергілікті атқарушы органдардың, «Қазселденқорғау» ММ елді мекендерді және шаруашылық жүргізетін объектілерді тасқыннан және су басудан қорғау бойынша іс-шаралар өткізуіне талдау жасау;

Өз құзыретішегінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласында білімді насихаттауды, халықты, лауазымды адамдарды және ұйымдардың қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қабылданатын шараларды талдау;

  1. төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар туралы жергілікті атқару органдарын, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, ұйымдарды  ақпараттандыруды ұйымдатыру;
  2. қауіпті табиғи құбылыстарға, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға мониторинг жүргізетін ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру және оларды болжау;
  3. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстваға бағынышты мемлекеттік мекемелердің  жұмысын үйлестіру;
  4. төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы дүниежүзілік тәжірибені зерделеу;
  5. төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жерүсті және ғарыштан мониторингілеу (байқау, болжау, бақылау қызметтері) жүйесінің жай-күйін, дамуын талдау және пайдаланылуын ұйымдастыру;
  6. Бөлім қызметінің мәселелеріне қатысты нормативтерді, стандарттарды және қағидаларды келісу;
  7. төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы есептер дайындау және оның белгіленген тәртіппен Департамент басшылығына қарауға енгізу;
  8. «Қазселденқорғау» ММ бірге Шығыс Қазақстан облысы аумағында сел және көшкін жағдайына мониторингті ұйымдастыру,  биік таулардағыжәне мұз көлдердің қар көшкіні қаупін азайту бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу және өткізу бойынша жұмысын бақылау;
  9. төтенше жағдайлардың алдын алуға облыс әкімірезервінен қаражат бөлу туралы мәселені қарастыру;
  10. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіру;
  11. Аумақдың қауіпсіздік паспорттын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерінің каталогтарын әзірлеуді жүзеге асыру және оларды одан әрі Департамент және Комитет басшылығына бекітуге енгізу;
  12.  мына мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру:

табиғи дүлей зілзалалардың туындауы бойынша қауіпті ошақтарды, учаскелерді және аймақтарды анықтау және мониторинг жүргізу;
тасқын ықпалына ұшырайтын аумақтар мен учаскелерді, сырғыма қауіпті учаскелерді, сел белсенді ошақтарды есепке алу;
қар көшкіні қалыптасатын ошақтардың, бірінші кезекте объектілерге, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына тікелей қауіп төндіретін ошақтардың есебін жүргізу;
сел және сырғыма қауіпті учаскелерде, тектоникалық жарылған аймақтарында, есептемелік сейсмикалығы 9 балдан жоғары учаскелерде құрылыс салу;
су басу, тасқын туындауы бойынша, бөгеттердің жарылуы, өсімдіктер мен малдардың қауіпті аурулары пайда болуы бойынша қауіпті учаскелерді, аймақтарды және ошақтарды анықтау, есепке алу және мониторинг жүргізу.
6. Міндеті: Басқарманың құзыреті шегінде шетел мемлекеттерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ғарыштан мониторингілеу кешенді жүйесін құру

Функциялары:

Ресей ТЖК және Қазақстан ІІМ ТЖК арасындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мониторингілеу жүйесін құру мәселелері бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыруды үйлестіру;
төтенше жағдайлардың алдын алу саласында ғарыш мониторингін пайдалану бойынша Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асыру.
7. Құқықтары мен міндеттері:
Департамент басшылығына Бөлім құзыретіне кіретін төтенше жағдайларды алдын алу мәселелерді  қарастыру туралы ұсыныстар енгізу;
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығы жанындағы кеңестің және басқа жиналыстардың қатысу;
Департаменттің аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыс жағдайына мақсатты және тақырыптық тексерулерге қатысу, кешенді тексерулерді әзірлеуге және жүргізуге қатысу;
аналитикалық зерттеулердің, тексерулер мен қызметтік тексерулердің нәтижелері бойынша Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық бөлімшелердің, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың қызметіне баға беру;
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын тыңдау туралы ұсыныстар енгізу.

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру

8. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері бар
9. Бөлімді Департамент бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.
10. Бөлім бастығы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
11. Басқарма бастығы осы мақсатта:
1) Бөлімнің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан аумақтық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2014-02-27 12:22 / 2019-04-15 15:39