ТЖД тарихы

Гарнизон басшылары
Өрттегі ерлігі үшін медалімен марапаттау
Жалынды тарих парақтары
Қазақстанның тұнғыш өрт командасының тарихынан

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тарихы

Бейбіт халықты әскери әрекет барысында  қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ бейбіт кезде төтенше жағдайлардан қорғау сияқты мақсатты көздеп Азаматтық қорғау қарулы тайталастық этикасында ерекше орын алды. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс мемлекеттің қорғану қабілеті мен өміршеңдігін қамтамасыз етудегі бүкіл ел халқының, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі басқару органдарының қатысуы нысанында болған. КСРО-да 1961 жылға дейін жергілікті әуе қорғанысы (ЖӘҚ) деп аталған азаматтық қорғаудың іргетасы Кеңес үкіметі қалыптасқан алғашқы жылдары қалана бастады. 1932 жылғы 4 қазанда КСРО Халықтық комиссарлар кеңесі «КСРО аумағында әуе қорғанысы туралы ереже» бекітіп, сол бойынша жергілікті әуе қорғанысы КСРО-ның бүкіл әуе қорғанысы жүйесінің өзіндік құрамдас бөлігі болып шықты.

Шығыс Қазақстан облысында ЖӘҚ  Штабы ҚСРО Министрлер кеңесінің 1955 жылғы 29 масымдағы № 1207 -686 сс аса құпия қаулысы арқылы құрылған. 
Ядролық қарудың пайда болуы және оның қорларын жедел дамуы 1956 жылы ЖӘҚ  ұйымдастыруды қайта қарастыру қажеттігіне әкеп соқты. ЖӘҚ  ең алғаш жалпы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі атанды.  Бүкәіл мемлекет және оның аумағын оны қолдану қаупінен қорғау қажеттілігі туындады.  1961 жылғы шілдеде ЖӘҚ Азаматтық қорғаныс ҚСРО азаматтық қорғанысы   болып қайта құрылды.

КСРО Азаматтық қорғанысы Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық қорғаныс штабы КСРО КОКП ОК және МК 1961 жылғы 13 шілдедегі № 639-275сс аса құпия қаулысы арқылы құрылған. 1961 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы ЖӘҚ штабының қандай да бір құжаттары сақталмады.   

Еліміздің азаматтарының қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне айырықша мән бере отырып, Елбасы азаматтық қорғау органдарының құрылуында маңызды роль атқарды. Мемлекет құрылған сәттен бастап және осы уақытқа дейін тұрғындар мен ел аумағын табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың теріс салдарынан қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше бақылауында.
1991 жылғы 25 маусымда Қазақ ССР  Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 25 маусымда «О создании Республиканской системы по предупреждению и действиям в чрезвычайных ситуациях» №395 қаулысы қабылданды. Осы қаулымен төтенше жағдайлардың алдын алу және іс-қимыл жөніндегі Республикалық жүйе туралы Ереже бекітілді, Қазақ ССР министрліктері мен ведомстволарының, мемлекеттік бірлестіктердің, концердредің, ассоциациялардың және басқа ұйымдық-өнеркісіптік құрылымдардың  функциялаыр анықталды.

Бұл ТЖ алдын алу және жоюю жаңа жүйесінің құрылу ісіндегі шешуші сәт болды, ол Қазақстанның тәуелсіздік алу кезеңінде орын алды.  
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 Жарлымен Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы таратылып Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеті2 болып құрылды. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төтенше жағдайлар жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi»3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1820 қаулысына сәйкес құрылды.
Халық пен аумақтарды авариялардан, апаттар мен табиғи зiлзалалардан қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, сондай-ақ елдiң азаматтық қорғанысы мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру ТЖ жөніндегі басқармасының негізгі қызмет түрлеріне жатады. 

Осы уақыттан бастап ТЖ жөніндегі облыстық басқарма  ТЖМҚ бөлімшелері мен қызметтерінің жұмысын ұйлестіретін Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің негізгі жұмыс органы болып табылады, оның құрамына ТЖ жөніндегі 4 қалалық басқарма  және ТЖ алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекциясы кіреді.         
Өмірге қауіп төндіретін тәуекелдерге және облыстың жетуге қиын аудандарында құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін облыс Әкімінің 12.07.93 ж., № 243 шешімімен РРеспубликада ең бірінші болып Шығыс Қазақстан облысында шұғыл-құтқару жасағы құрылды.

Бүкіл жеке құрам құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге аттестетталды, жыл сайын медициналық профилактикалық қараудан өтеді.  «Восток» ОСО міндеттеріне 5 тәулік ішінде автономды жағдайда құтқару жұмыстарын орындау, 500 км дейін марштарды орындау, жоғары қабатты үйлердің шатырына және қиын жетімді жерлерге тікұшақ бортынан десантталуды, шұғыл медициналық көмек көрсету кірді.                                                
Жасақтың жарақтануында 11 бірлік техника, соның ішінде 5 УАЗ автокөлігі, 2  НИВА «МАРШ» автокөлігі, соның ішінде 5 УАЗ автокөлігі, 2 автокөлік, 2 шынжыр табанды-көліктік тартқыш (ШКТ), апатта зардап шеккендерге уақытылы және шұғыл көмек көрсетуге, оларды эвакуациялауға, зардап шеккен ауылдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге  мүмкіндік беретін «КАМАЗ» және ЗИЛ – 131 автокөліктері болды. 2002 жылы «Восток» ОСо таратылды. Жеке құрам мен техника жаңадан құрылған Шығыс аймақтық аэромобильді шұғыл-құтқару жасағына және облыстық кәсіпқой шұғыл-құтқару жасақтарына өтті.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ шұғыл ден қою мақсатында, халық пен шаруашылық ету объектілерін табиғи зілзаладан қорғалуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 шілдедегі № 1037 Қаулысының негізінде және Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 12 Бұйрығына сәйкес облыста Шығыс аймақтық аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы құрылды.  
Бүгінгі таңда  ВРАОСО дамыған құрылым болып табылады. Оның құрамына 6 қызмет кіреді: авариялық-құтқару, автомобиль, кинологиялық, сүңгіуір, кезекшілік, медициналық. Әрбір құтқарушы бірнеше мамандықты қоса атқарады. Жасақ арнайы техникамен және авариялық-құтқару құралдарымен жасақталған.

Сатып алынатын барлық жабдықтардың сапасы жоғары және барлық халықаралық стандарттарға сәйкес.  Бір жыл ішінде ВРАОСО әртүрлі сипаттағы 400 шақыруға дейін қабылдайды.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында әрқайсысының құрамына 24 адам кіретін облыстық кәсіптік шұғыл-құтқару жасақтары құрылды.
Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен шығаруға және жеке меншікке айналдыруға байланысты әртүрлі министрліктер мен ведомстволарға бағынысты республиканың әскерилендірілген тау-кен құтқару және бұрқаққа қарсы бөлімдері  банкроттыққа ұшырау шегіне жетті. Олардың негізінде 1999-2000 ж.ж. ішінде Үкімет Агенттіктің жүйесінде Лениногорск қаласында «Кен» РМҚК құрды – 1003 адам, ол келісімшарттық негізде тау-кен өндіретін кәсіпорындарға авариялфқ-құтқару қызметін жүзеге асырып отырды.
Қазақстанның базалық өндіріс салалары кәсіпорындарында техногендік апаттардың алдын алу үшін Агенттікте қауіпсіщздік техникасы бойынша кеңестік институттар және ғылыми-инженерлік орталықтардың филиалдарының негізінде бірыңғай «түсті металлургиядағы техникалық қауіпсіздік ҒЗО» РМҚК қамтитын өндіріс пен пен тау-кен қадағалаудағы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдардың бірыңғай жүйесі құрылды (Өскемен).
Өткізілген реформалардың нәтижесінде заманауи табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алдың алу және жою мемлекеттік жүйесі құрылды. 
Қазақстан республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы Министрлік мәртебесін 2004 жылғы қазанда алды.

ТЖ жөніндегі облыстық басқарма «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, оған мыналарды қосу жолымен құрылды
а) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі;
б) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемес.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғау, өрт және өндірістік қауіпсіздік, салааралық үйлестіру, өрт және өндірістік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Азаматтық қорғау іс-шараларын орындау, Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің  жүзеге асырылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті нің негізгі міндеттеріне жатады.   Қазақстан азаматтық қорғау органдарының соңғы қалыптасу кезеңі 2014 жылғы 11 сәуірде «Азаматтық қорғау туралы» заңды қабылдағаннан кейін қалыптасты. Бұл Заң Елбасының «Қазақстан адамдардың өмір сүруі үшін ең қауіпсіз және қолайлы  әлем мемлекеттерінің бірі болуы тиіс» Жолдауында қойған міндетіне негізделген.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің міндеті мен өкілеттілігін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамына:   
а) «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі.
Бүгін облыстың ТЖ қызметі – бұл шұғыл, арнайы техниканың заманауи үлгілерімен және жабдықтармен жарақталған құрама, оның қатарында жоғары білікті мамандар қызмет атқарып келеді, ол өсіп, белсенді түрде дамып келе жатыр.  Әрбір бөлімше дербес құрылған. Алайда, тиімді жұмыс атқару үшін қызметтер бір-біріне көмекке келе отырып, қажет болған жағдайда бірін-бірі толықтырып, бірлесе отырып қызмет атқарып келеді. Әрбір бөлімшенің өзіндік дербес тарихы тереңге тамыр жайған.


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2017-04-05 13:22 / 2019-02-21 16:44