Өрт сөндіру бөлімшесі

kn2 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі туралы ереже

kn2 Бастық - Руслан Бердіқанұлы Касенов

1975 жылғы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында туған. Ұлты - қазақ. 1995 жылы өрт сөндіру қызметін өртсөндіруші лауазымынан бастаған.  1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищісіне түсті және  2002 жылы «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығын Көкшетау техникалық институтында аяқтады.

Институтты бітіргеннен кейін карауыл бастығы боп жұмысты атқарды.  2005 жылдын наурыз айнан бастап өрт сөндіру,  авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өртсөндірушілерді дайындау бөлімінің инженер лауазымын атқарды.  2009 жылдың қазан айынан Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өртсөндірушілерді дайындау бөлімінің бастығы  қызметін атқарды. 
2014 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жадайлар комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру және авария-құтқару жұмыстар бөлімінің өрт сөндірі бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды. 

- ІІІ, ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындаңы мінсіз қызметі үшін» медальдарімен марапатталған.

Функционалдық міндеттері: Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысына, қалыптасқан жағдайға және гарнизонда белгіленген тәртіпке сәйкес өрттерге, апаттарға дүлей апаттарға мен дүлей апатарды жоюға қатысады. Бөлімше қызметіне басшылық ету және жұмысын ұйымдастырады. Өрт сөндіру қызметі жауынгерлік және қызметтік дайындықты, өрт сөндіруді ұйымдастырады. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінде қызмет, жауынгерлік және қызметтік дайындық, өрт сөндіру жағдайына талдау жасау, оларды жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу. Бөлімше қызметінің бағыты бойынша Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері арасындағы өзара әрекет етуді ұйымдастырады. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінде саптық қарауларды өткізуді ұйымдастырады. Басшылыққа шұғыл ақпараттандыруды жүзеге асыру үшін материалдар дайындайды. Басшылықтың, Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің, Өрт сөндіру қызметінің нормативтік құқықтық актілері мен нұсқауларын орындауды ұйымдастыру, өзінің қызметінің бағыты бойынша есептік материалдар мен ұсыныстар дайындайды. Өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу практикасына озық тәжірибелерді, жаңа амал, тәсілдерді енгізеді. Қызметтің тиісті бағыттары бойынша, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады. Бөлімшеде қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялық режимді және жұмылдыру дайындығының заңдылықтарын сақтауға бақылау жасайды.

Жұмыс телефоны: 25-73-14

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:39 / 2016-01-11 09:47