Психологиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулар

kn2Жедел психологиялық көмек– төтенше жағдайлар ошағында зардап шеккендерге немесе төтенше, экстремалды жағдайлардан кейін жуық арада көрсетілетін қысқа мерзімді іс-шаралар жүйесі.

kn2Оларға:

  1. экстремалды немесе төтенше жағдайлардан зардап шеккен бір адамға, адамдар тобына көмек көрсету;
  2. болған жағдайдың талаптарына сәйкес кәсіби әдіс-тәсілдер арқылы төтенше жағдайға байланысты туындаған психологиялық, психофизикалық және жағымсыз эмоционалдық қиындықтарды ретке келтіру жатады.

Жедел психологиялық көмектің негізгі мақсаты – төтенше жағдайға душар болған жеке адамның патологиялық жай-күйі дамуының алдын алу. Жедел психологиялық көмектің мазмұны мен әдістері ТЖ сипатына, оның жарақаттау әсеріне (жол-көлік оқиғасы, табиғи және техногендік сипаттағы апат, террорлық актілер, қаруланған қақтығыстар) тікелей байланысты, жедел психологиялық көмек көрсету үшін мына жағдайлар ескерілуі тиіс:
Біріншіден, төтенше жағдайдың кенеттен болуы, бұл адамның эмоционалдық, когнитивтік сезімдеріне, жеке өміріне әсер етіп, ішкі дүниесін «бұзады», жағдаймен бетпе-бет келеді.

Екіншіден, психологиялық көмек көрсету уақытының шектелуі.
Төтенше жағдайда зардап шеккендер ауыр жағдайда болып, әсерді тез қабылдайтындықтан, көрсетілетін көмек (дағдарыстық араласу, немесе интервенция) болған оқиғадан кейін дереу көрсетілуі тиіс. Сол үшін ТЖ-да болатын психикалық жай-күй ерекшеліктерін білу керек. Өйткені бұл уақытта автоматты түрде психологиялық қорғаныс механизмдері іске қосылып, зардап шеккен көпшіліктің жеке ерекшеліктері «өшіп» қалғандай болады.

Дағдарыстық араласудың көпшілікпен қабылданған түрі – уайым-қайғысын тыңдау және «сезімдерді қалпына келтіруге» көмек көрсету. Әрине, мұндай қолдау бірден адамды жеңілдетеді. Бірақ қатты жараланғанда қысқа мерзімді әдістер нәтиже бере қоймайды, кейбір кездері адамның жағдайын қиындатқандай көрінеді.

Жедел психологиялық көмек адамның психикалық және психофизикалық көңіл-күйіне қолдау көрсету, психологиялық зақымдалу нәтижесінде пайда болған адамның ауыр эмоционалдық қайғыруымен жұмысты болжайды.

Ең бірінші көмекті кімге көрсету қажет? Әдетте, ТЖ кезінде көп адам зардап шегуі мүмкін: тікелей зардап шекпесе де, олардың жақындары зардап шегеді; қатты қайғырып жүргендер, айналасындағылардың жай-күйінен қатты әсер алғандар, яғни «қайта зардап шеккендер» де болады. Сондықтан психологиялық көмекке зәру адамдарды түрлі топтарға бөліп алған дұрыс.

Бірінші топқа құрбандар, яғни төтенше жағдай ошағында қалып қойған адамдар жатады (мысалы үйінділер астында қалғандар). Құрбан болғандарды құтқару кезінде негізгі қауіп олардың өздеріне зақым келтіретін әрекеттер жасауы мүмкін болатынында, сол үшін олармен үнемі байланыста болып, сөйлесіп тұру керек. Бұл оларға сыртқы өмірмен байланысты үзбеуі, өмір сүру үшін тіршілік ресурстарын жандандыруға септігін тигізеді. Екінші топқа – тікелей (физикалық немесе материалды түрде) зардап шеккендер, сондай-ақ өздерінің жақындарынан айырылған немесе олардың тағдырынан бейхабар адамдар. Төтенше жағдай кезінде әрбір адамның жанында психолог бола қоймайды, зардап шеккендер арасынан тәуекел тобын – ең бірінші кезекте психологиялық көмекке зәру топты анықтап алу қажет.

kn2Тәуекел тобына:

  1. Есінен тану, сандырақтау жағдайындағы адамдар;
  2. Көмек көрсетер туыс - жақыны жоқ адамдар; жақындарынан айырылған, сонымен қатар күрделі ауруларға шалдыққандар (жүрек, т.б. психосоматикалық аурулар) жатады. Ерекше назар аударатын құрбандардың тағы бір тобы – ТЖ көзбен көргендер (апат орнында болып, бірақ зардап шекпеген адамдар). Олар құрбан болғандармен бетпе-бет келуіне байланысты аффект жағдайында болады, көп сөйлеп, әр түрлі қимылдар жасап, өзінің әрекетімен айналасындағыларға әсер етіп, «кінәлілерді іздеп» жағдайды ушықтырады. Мұндай адамдар жанындағы адамдардың аффект жағдайын тудыруы мүмкін. Ірі ТЖ кезінде маманның міндеті – осындай адамдарды анықтап алып, олардың белсенділігін басқа арнаға жұмсап, қолынан келетін тапсырма беру. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, кез келген сылтауды пайдаланып, оқиға болған жерден адамдарды таратып жіберу қажет. «Тәуекел тобындағы» зардап шеккен адамдарға құтқару қызметінің өкілдері, психологтар және волонтерлер көмек көрсетуіне байланысты апат ошағында тікелей басшылық ететін ұсыныстарды келтіреміз:

kn2Зардап шегуші өзін бұл жағдайда жалғызбын деп сезінбеуі керек. Зардап шеккен адамның жанына келіп, «Мен жедел жәрдем келгенше, сіздің қасыңызда боламын» деп айту керек. Сонымен қатар зардап шегушіге болған оқиға туралы айтып, «жедел жәрдемнің» жолда келе жатқанын білдірген жөн.

  1. Зардап шеккен адамды бөтен көздерден алыстату керек. Егер ондайлар қарауын қоймаса, оларға кез келген тапсырма беріп, оқиға болған жерден алыстатыңыз.
  2. Зардап шегушімен қарым-қатынаста болыңыз.
  3. Сөйлесіп, оның сөзін тыңдаңыз;

Мұқият тыңдаңыз, сөзін бөлмеңіз, өз міндеттеріңізді атқаруда шыдамды болыңыз. Өзіңіз зардап шегуші есінен танып бара жатса да, жайлап сөйлеңіз, ашушаңдық білдірмеңіз. Ешқашан жазғырмаңыз. Зардап шеккен адамнан: «Мен сізге қандай көмек бере аламын?» деп сұраңыз. Жаныңыз ашығаны туралы айтуға ұялмаңыз.

kn2Алғашқы психологиялық көмек ережелері:

1-ереже: Дағдарыс кезінде зардап шеккен адамның психикалық жай-күйі қозады. Адамға бірден дәрігерлік көмек көрсетілетінін, оның сауығып кететінін айтыңыз. Адамға үміттену аса қажет.
2-ереже. Әрекетті бірден бастамаңыз. Жағдайды барлап, психологиялық көмектен басқа қандай көмек қажет екенін, зардап шеккендерге қандай дәрежеде көмек қажет екенін шешіп алыңыз. Бұған зардап шеккен бір адамға 30 секунд, бірнеше адамға бес минут уақыт бөліңіз.
3-ереже. Өзіңіздің кім екеніңізді, қандай функция атқаратыныңызды нақты айтыңыз. Көмек қажет етушінің аты-жөнін біліңіз. Оларға көмек келе жатқанын хабарлаңыз.
4-ереже Зардап шеккен адаммен дене қарым-қатынасына түсіп, қолынан ұстап, иығынан соғып қойыңыз. Басына не денесінің басқа жеріне тиісуге болмайды. Онымен бір деңгейге орналасыңыз, теріс қарап отырмаңыз.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-16 14:16 / 2016-01-11 09:47