Суицид-қазіргі заманның мәселесі

Суицид – қазіргі қоғам мәселесі.

kn2 Өзін- өзі өлтіру, өз-өзіне қол жұмсау (суицид)  өзін  өмірден  қасақана айыру деп саналады.  Өз-өзіне қол жұмсау-бұл адамның өмірдегі әлуметтік маселелер алуындағы дәрменсіздігі,конфликтілік (өзара түсініспеушілік), қорқыныш,күйзеліс,суицидтік ойлар арқылы әкеліп соқтыратын жағдайлардың соңғы нүктесі болып келеді.
Шетелдік авторлардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ суицидке, яғни өз – өзіне қол жұмсауға баратын адамдар қатарында өмірден түңілген, күйзеліске ұшырағандар екен(жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайы, статусы төмен) адамдар.
Отандық зерттеушілер суициальды мінез – құлықтың ерекшеліктері (өмірге наразылық, кек алу, көмек жәрдем сұрау, өзін-өзі жәбірлеу, бас тарту,қашу дегенді), суицидальдық шешім қабылдауға итермелейтін тәсілдер ішінде:

  • Өмірдің сәтсіздік жағдайлары (жалғыздық,өмірдің құндылығын жоғалту)
  • Конфликт жағдайлары, яғни суициденттен басқа да қатысты адамдардың болуы.

Адамның психикалық денсаулығы ұжымның әлеуметтік – психологиялық жағдайымен де өте тығыз байланысты.

kn2 Суицидке итермелейтін жағдайлар:

kn2 Сараланбаған жаман ойлар – өмір құндылығын жоғалту, «өмірден жалықтым,» «өмір сүрудің қажеті жоқ», «өмірден шаршадым», т.б. өмірдің мәнін жоққа шығару туралы ойлар.

kn2 Селқос суицидтік ойлар – өзінің өмірінен айырылудың жеңіл өтуі туралы қиялдар («қиналмай өлсе ғой», «ұйықтап кетіп, содан оянбаса» деген сияқты ойлар).олар суицидке ішкі дайындығын көрсетеді.

kn2 Суицидті ниеттер – суицидтің белсенді түрі: өзін-өзі өлтіруге жоспар құрып ойластыруы (тәсілін іздеп уақытын және орнын белгілейді).

kn2 Суицидті жүзеге асыру өзін- өзі өлтіруді ыңғайлы жағдай деп есептен қорытындылау.Өзін- өзі өлтірудің шешіміне итермелейтін психиканың зақымдануында болып кездесуі.

kn2 Суицидтің алдын алу мақсатында қазіргі заманда мына сұлбаға тоқталайық: (ауызша, жазбаша)

  • Өз-өзінен алшақтауы.
  • Қияқылық, тазалық.Адамның эмоциялық мінез- құлықтарының шектен шығып асырылуы. Бұл жағдай ауа райына, адамның шаршағандығына, денсаулығына, және жеке басының әр түрлі жағдайларына байланысты болуы мүмкін. Бірақ егерде көңіл- күйі құбылмалы,эмоциялық құбылыстар айрықша көзге түссе (тез ашуланып, өз-өзіне сыймай, не болса соған ыза болуы), бұл ерекшеліктерде суициалдық әрекеттер деп саналады.
  • Депрессия. Адамның төмен эмоциялық құбылысы, жанының жараланғышы, ештенеге қызығушылығы жоқтығы. Бірақ кейде көңіл-күйін білдірмей, жасырылуы. Осындай жағдайда ол адаммен жақындасып, ашық турде әнгімелесу – шешімнің ең дұрысы болып табылады.
  • Агрессияшылдық (эмоциялық тұрақсыздық,қатыгездік,ызақорлық). Өз өміріне қол жұмсаудын алдында маңайындағы адамдарға кері әсерін тигізетін,қарсы эмоциялық тұрақсыз ызақорлық,қатыгездік құбылыс. Мұндай жағдай адамның қоғамға,жақындарына керексіз екенін,сол арқылы оларға жеккөрініш сезім арқылы туындайды. Және де бұл қасиет адамның бойында, қоғамның өзіне көңіл аудару үшін, көмек қажет екенін білдіруден туындайды.
  • Есірткі және спирттік ішімдікке тәуелді адамдар да ұшырауы мүмкін, суицидтік ой, іс – әрекеттері туындайды.
  • Тәбетінің бұзылуы. Тәбеттің төмендеуі немесе, керісінше, қалыптасқанына қарай, тамақты асыра ішуі адамнын жүйкесі, ойы бұзылуымен байланысты. Бұл жағдайда адам өміріне қауіпті деп қарастырылады.
  • Маңайындағы адамдарына сыйлық беру (тарату).

Кейбір адамдар өз- өзіне қол жұмсар алдында, жақындарына, достарына өзінің жеке заттарын таратады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл да болатын қайғылы оқиғаның алды (белгісі). Осындай жағдайлардың әрбіреуінде суицидпен, оның ойын білу үшін, ашық түрде әңгімелесу қажет.

  • Психологиялық зақымдану. Әр адамның эмоцианалдық қабылдауы әр түрлі, (эмоционалдық өлшемі) сондықтан, күнделікті әр түрлі мәселелер тізбегі жинақталып, адамның ағзасына қатты соққы болып тиуі мумкін.
  • Адамның мінез – құлықтарының өзгеруі. Мұндай өзгерізтерді бақылауға алу қажет. Мысалы ұстамды, көп сөйлемейтін адам (интроверт) , керісінше, маңайындағылармен сөйлесіп, әңгімеден ауызы босамай, қалжыңдаса, онда бұл жағдайда да оған мұқият қарау қажет. Немесе үнемі жақсы көтеріңкі көңіл-күйде жүрген адамнның өмірге деген құштарлығы, өмірлік белсенділігі күрт төмендеуі де күдік тудыратын белгінің бірі болып саналады.
  • Қауіп. «Менің өмірден кетуіме сендер кінәлі боласыңдар», «менің өлгеніме өкінесіңдер», «сендердің араларында өмір сүргім келмейді» деген т.б. сөздерді естігенде, көңіл бөліп, аса мән беру қажет. Бұл жағдайларда суицидентке қол ұшын беру, қамқорлық жасап, шыдамдылық пен төзімділік таныту қажет.

Жоғары айтылған жағдайлардан басқа, тағы бір қатар мәселелерге тоқталып кетейік:

kn2 Жынысы: ерлердің өз-өзін өлтіруінің көрсеткіші жоғары, әйелдердің бұл қадамға бару іс-әрекет көрсеткіші басым.

  • Жасөспірімдер
  • 20-30 жастағы ерлер
  • 60 жастан жоғары ерлер мен әйелдер
  • Психологиялық зақымдану (стресс)
  • Қосымша стрессорлар: жақынынан айырылуы, физикалық, интеллектуалдық қиындықтар, т.б.

Осы белгілерге сүйене келе, суицидтік ойы бар адамды танып, оған дер кезінде психологиялық көмек көрсетуге болады.
Суицидентпен қарым- қатынас жасау үшін берілетін жалпы ақыл- кеңес:
Суицидке жол бермеу үшін, суицидентпен мына әңгіме жоспарын құру қажет:

  • Оған тұлға ретінде, оның тағдырына көңіл бөлу, орынды болса, сүйіспеншілік көрсету.
  • Оны шынайы көңілмен тыңдай біліп, ашық түрде сұрақ қою.
  • Оның суицид жоспары бар-жоғын анықтаңыз.
  • Суицидтер себептерін, орындалу шарт жолдарын анықтауға тырысыңыз. Бұл әңгіме оған ауыр тисе, артық қыспақ әрекеттерін жасамаңыз.
  • Оның қиындық тудырған мәселелерін біліп, соған байланысты сезімдерін анықтауға тырысыңыз.
  • Осы жай бойынша кімге айтып, бөліскенін сұраңыз.
  • Өзіңізді онымен жеке психотерапевтік жұмыс жүргізіп отырмын деген ойға дайын болыңыз.

kn2 Әлеуетті өз-өзіне қол жұмсағышпен қарым-қатынастағы жалпы ұсыныстар:
Суицидалдық сөздерге немқұрайлы қарамаңыз – тәуекелді бағаламауға болмайды, сақтанған жөн. Ондай адамдармен мынадай жоспармен сөйлескен абзал:

  • Қандай жағдай болмасада, оның әңгімесі сіз үшін қатты эмоционалдық әсерін тигізгенін білдермеу.
  • Өз-өзіне қол жұмсау жайында онымен бәске, қызу пікір әңгімеге кіріспеу.

Күйзеліс жағдайда адамның ойы шатысып, өмірдің мән-жайын талқылап, дұрыс шешім қабылдаудан қалады. Сондықтан дұрыс жолын тауып, көмек ету қажет. Қасыңдағы адамның қанағаттанып, күшіне сеніп, күйзеліс жағдайдан шығуына ықпал жасап көмектесу әр адамның борышы.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-16 14:17 / 2016-01-11 09:47