Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы

kn2Бутобаев Жанболат Калибекович, подполковник противопожарной службы

kn2Кқжбо негізгі міндеттері:

Облыс гарнизонының күштері мен құралдарын орталықтан басқаруды, өрттерді сөндіру және төтенше жағдайлар мен аварияларды жою бойынша бірінші кезектегі авариялық-құтқару құтқару жұмыстарын үйлестіру мен түзетуді жүзеге асыру.  
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ КҚЖБО кадрларын іріктеу, орналастыру және кәсіби дайындау.
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ КҚЖБО болашақтағы және ағымдағы қызметін жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Шұғыл диспетчерлік қызметін ұйымдастыру бойынша бөлімшелердің жұмысына, БАЖ міндеттерін шешу бойынша болжамдарды жүргізу және ақпараттарды автоматтандырылған және механикаландырылған саралаудан өткізуде есептеу техника құралдарын пайдалану негізінде басшылық жасайды.
Облыс аумағындағы шұғыл жағдайға үнемі бақылау жүргізіп, оның өзгерістеріне белгіленген тәртіпте дер кезінде ден қояды.
Жүйенің техникалық және бағдарлама құралдары толық немесе жартылай істен шыққан кезде КҚЖБО жұғыл диспетчерлік қызметкерлерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің диспетчерлері мен радиотелефоншыларының машықтануын ұйымдастырады.

kn2 Кқжбо функциялары:

 «Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайларда (РСЧС) әрекет ету және алдын алу жүйесі бойынша бірыңғай диспетчерлік қызмет (бұдан ары - БДҚ) туралы» ЕРЕЖЕГЕ сәйкес (1 қосымша) Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында Бірыңғай диспетчерлік қызмет функциялары мен өкілеттілігін орындау.
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ шұғыл-диспетчерлік қызметін тәулік бойы қамтамасыз ету.
және 051 құтқару қызметінің БДҚ телефондарына түскен өрт, авариялар және табиғи апаттар жайлы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және өңдеу.
Авариялар мен төтенше жағдайлар жайлы түскен ақпараттардың растығын сараптау, бағалау және оны құзіретіне қабылданған хабарға ден қою кіретін кезекші диспетчерлік қызметке (КДҚ) жеткізу.

Кезекші диспетчерлік қызметтерден, қоршаған ортаны бақылау (мониторинг жүйесі) қызметтерінен ақпараттар жинау және төтенше жағдайлар қayпi немесе шығу фактісі, орын алған жағдай, төтенше жағдайды жою бойынша күш-құралды пайдалану туралы алынған ақпаратты қаланың КДҚ арасында тарату.
Төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді өңдеу және сараптау, оның көлемін және төтенше жағдайға шара қолданатын КДҚ құрамын анықтау, оларды жедел-диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жоғары тәртібіне ауысу туралы хабарландыру.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымына енетін бөлімшелердің шығуына бұйрық беру, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысына байланысты жауынгерлік әрекеттерді есепке алу.
Байланыс құралдарының, өрттен құтқару құрал-жабдықтарының жағдайын бақылауды жүзеге асыру, өрттен құтқару бөлімшелерінің күш-құралдарын есепке алу.
Гарнизон бастығын, өрт сөндіру басшысын, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығы мен өзге лауазымды тұлғаларды өрт, авария объектісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды әзірлеу.

kn2ӨБОП міндеті:

ӨБОП негізгі міндеті Өскемен қаласы және облыс бойынша өрттер және төтенше жағдйлар туралы хабарламаларды қабылдау, оны өңдеу және тиісті жедел, авариялық және коммуналдық қызметтерге беру, сондай-ақ төтенше жағдайларға әр түрлі қызметтердің дер кезінде және жедел әрекет етуін қадағалау. Өрттер және төтенше жағдайлар туралы хабарламалар 101 және 112 телефон желісі бойынша жүзеге асырылады.
ӨБОП-те тәулік бойы 3 диспеттчер кезекшілік атқарады. Аға диспетчер, аға инженер, инженер. ӨБОП-те дербес компьютерлеррмен жабдықталған ШҚО ӨС ж АҚЖҚ жергілікті есептеуіш желісіне қосылған диспетчерлердің 4 жұмыс орны бар.

Өрттер және апаттар туралы өтінімдерді жедел қабылдау мүмкіндігі бар Panasonic сандық АТС базасында заманауи телефон жабдығы орнатылған. Пультке жедел және авариялық қызметтермен байланыстың тікелей желісі қосылған. ӨБОП байланыс арналары бойынша жүргізілген барлыұ сөйлесулер компьютердің дыбыс жазғыш құрылғысында жазылады. ӨБОП заманауи радио байланысы құралдарымен (сондай-ақ сандық) жабдықталған.
ӨБОП-те қала өрт сөндіру бөлімдерінің, облыс аумағындағы аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің, апаттар медицинасы орталығының, төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің байланыс пункттері компьютерлері қосылған қаланың барлық аумағын қамтитын деректерді таратудың ақпараттық есептетуіш желісі жұмыс істейді. IPVPN желісі телефон байланысын, электронды пошта бойынша деректерді таратуды, бейне конференцияны ұйымдастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бөлімшелері орта есеппен жылына 7770 шығуды жүзеге асырады, оның ішінде 2206 шығу өрттерді сөндіруге, 3959 шығу өрт ретінде есепке алынбайтын оқиғалар, 1605 шығу авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шығады.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ радиожелілерінде радиобақылауды ұйымдастыру.
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелеріндегі диспетчерлік қызметтердің жағдайын бақылауды жүзеге асыру, оны жақсарту бойынша шаралар әзірлеу.
Өрт сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы қызметтермен, ведомстволармен және ұйымдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру.
АҚ жүйесі бойынша ШҚО АҚ ӨҚК штабының бөлімшелеріне жасырын басқару функцияларын (БЖБ) орындау.
Мақсат-міндеттердің дайын бағдарламалық қамтамасыз етілуін қабылдау, оларды енгізу бойынша ұйымдастыру шараларын өткізу.

Бөлімшелер мен қызметтерден түскен ақпараттарды жинау, ДЭЕМ-да міндеттерді шешу, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығы мен бөлімшелерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпараттық және материалдық қамтамасыз етуді жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, нормативтік-анықтамалық, ағымдағы және жедел ақпараттың дұрыстығы мен сақталуын қамтамасыз ету.
Өрт сөндіру қызметінің БАЖ мақсат-міндеттерін дұрыс пайдалануын жүргізу, бағдарламалық қамтамасыз етудегі кемшіліктерді іздеу және жою, қажетті өзгерістер енгізу.

Кезекші бөлімнің персоналын ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеуге оқыту.
ДЭЕМ-нын, электрожабдықтау, желдету жүйелерінің, өрт-күзеті дабылдары   және орталықтың өзге де құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Жоспарлы тексеруді жүзеге асыру, техникалық құралдар мен ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ байланыс құралдары кешеніне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Орталықтың техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі техника ережелері мен өрт қауіпсіздігі бойынша кезекші бөлім мен бөлімшелердің жеке құрамына нұсқама жүргізу.
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығына бөлімшелерді байланыс құралдары мен ұйымдастыру техникасымен жарақтау бойынша талдау жасау және ұсыныстар дайындау.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:40 / 2016-01-11 09:47