2-МӨСБ

kn2Мекенжайы: Семей қаласы, Дулатов көшесі, 137.

kn2Жеке құрам: штат бойынша 84адам, тізім бойынша  93адам. Семей қаласының ТЖБ жаңа бес қабатты әкімшілік ғимаратының екі қабатын алып отыр (алаңы - 948шаршы м.), ескі әкімшілік екі қабатты ғимарат (алаңы - 665шаршы м.) және екі қабатты қосалқы ғимарат (алаңы - 369шаршы м.). Аумағы  – 0.3456га. Сабақ өткізу үшін жабдықталған оқу сыныбы, жаттықтырудың барлық түрін өткізуне арналған спорттық жарақтар мен тренажерлармен жабдықталған спорт залы бар. Оқшаулағыш газқағарлардағы сабақтар 7-ӨСБ-де орналасқан гарнизондық жылу камерасында, шындыққа сай келетін жағдайларда өтеді.
Сонда төрт қабатты оқу мұнарасы орналасқан. Жеке құрамды құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылды (автономды пейджинг, телефон, дауыс зорайтқыш және радио байланысы). Келесі жайлар бар: төрт ауысымды кестеге сәйкес кезекшілік етуге жағдай туығызатын психологиялық тынығу бөлмесі, ГТҚҚ бекеті, ас дайындау бөлмесі, асхана, 2 жатынжай бөлмесі, киім-кешек ауыстыру жайы, себезгі және өзге жайлар бар. Тәулігіне ауысымға түсетін қарауыл - 17адам. Сонымен қатар, күнделікті кезекші дәрігер-терапевт кезекшілікке түседі. Бөлімнің медициналық кабинетінде келесі жайлар бар: жұмыс  кабинеті, таңу бөлмесі, физиокабинет.

kn2Жарақта бар:
Көлік құралы - 20 бірлік техника
Байланыс құралы  - 31радиостанция (соның шінде мобильді және тасымалды)
Авариялық-құтқару құралы – 2жиынтық (гидравликалық).
Мотопомпа - 2 дана («Хонда» - 1 дана, «МП-1600» - 1 дана)

kn2Орындалатын жұмыстар:
1.    Нәубеттер, апаттар мен опаттар және басқа төтенше жағдайлар ошақтарындағы төтенше жағдайлар аймағын барлау (нысанның, аумақтың, күштер мен құралдардың жылжу маршрутының жай-күйі, төтенше жағдай шегін анықтау);
2.    Төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару қызметтерінің, құрылымдардың күштер мен құралдарын енгізу;
3.    Төтенше жағдайлар аймағында өрт сөндірумен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
4.    Төтенше жағдайлар аймағына құтқарушылар мен жүктерді түсіру;
5.    Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету;
6.    Зардап шеккендерді төтенше жағдай аймағынан іздестіру және алып шығу:
7.    Зардап шеккендер мен материалдық құндылықтарды төтенше жағдай аймағынан көшіру;
8.    Бағыт алу жолында немесе жұмыс істеу орындарында үйінділерді, бұзылған және опырып құлау қауіпі бар ғимараттар, имараттар құрылымының бекітуін немесе опырылып құлауын бұзу;
9.    Төтенше жағдайлар аймағында газдан құтқару жұмыстарын (жарылыс, өрт, газдандану кезінде зардап шеккендерге авариялық-құтқару жұмыстарының кешені) жүргізу;
10. Гидродинамикалық апаттар  (плотина, дамба, шлюздердің жарылуы) мен топан су басу нәубеттерін жоюға (тежеуге) қатысу;
11. Қатты аяз, боран және бұрқасын жағдайларда төтенше жағдайларды жоюға (тежеуге) қатысу;
12. Зілзала апаттар жағдайында төтенше жағдайларды жоюға (тежеуге) қатысу;
13. Теміржол көлік құралында болған төтенше жағдайларды жоюға (тежеуге) қатысу;
14. Әуе оқиғалары болған жағдайда жолаушылар мен экипаж әуе кемелерін құтқаруға қатысу;
15. Көлік құралында болған төтенше жағдайларды жоюға (тежеуге) қатысу;
16. өзен, әуе кемелері мен ғарыш аппараттарында зардап шеккендерді, жерде және акваторларда апатқа ұшырағандарды іздестіру және құтқару;
17. Батып немесе аунап қалған кеме, қайық, өзге де объектілердің ауа жастықшалары мен бөлшектерінен адамдарды іздестіру және құтқару;
18. Қар көшкіні мен сел жылжу аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
19. Орман өрттерін тежеу және жою;
20. Таулы аймақта зардап шеккендерді іздестіру көмек көрсету және тасымалдау;
21. Қиын аумақтарда және күрделі биік нысандарда зардап шеккендерді іздестіру көмек көрсету және тасымалдау;
22. Қиын аймақты туристік аудандарды текскеру.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:42 / 2016-01-11 09:47