3-МӨСБ

kn2 Мекенжайы: Зырян ауданы, Зырян қ., ул. З.Космодемьянская көшесі, 13.

Жеке құрам: штат бойынша 44 адам, тізім бойынша 44 адам. «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ 3- МӨСБ екі қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатын алып тұр (көлемі – 1029 кв.м). Аумағы – 8630 кв.м. Сабақтар жүргізу үшін жабдықталған оқу классы, спорттық құралдармен және тренажерлармен жабдықталған, жаттығулардың барлық түрін жүргізуге болатын спорт зал бар. Сығымды ауа аппаратымен сабақтар ӘТҚЖ жылу камерасында жүргізіледі. Бөлімшеде ашық типтегі төрт қабатты оқу мұнарасы бар. Жеке құрамның хабарлау жүйесі ұйымдастырылған (телефонды, дауысы қатты шығатын және радио байланыс). Жарақта келесі: төрт ауысымдық кесте бойынша кезекшілікті алып жүре алатын ГТҚҚ базасы, асхана, жататын бөлме, шешінетін бөлме, душ және басқа да жайлар бар. Қарауыл ауысымына тәулігіне – 8 адам түседі.

Жарақта бар:
Автокөлік – 16 бірлік техникалар (соның ішінде авариялық-құтқару автомобилі АСА-20(43114))
Байланыс құралдары – 23 радиостанция (соның ішінде стационарлы, мобильді және алып жүретін).
Авариялық – құтқару құралдары – 1 жинақ («Простор» гидравликалық).
Мотопомпа – 2 дана («Хонда» - 1 дана, «ИЖ» - 1 дана)
Сығымды ауа аппаратары – 11 дана («Auer»).

Орындалған жұмыстар:
1.   Қираған авариялар, апаттар аймағы ошағынадағы төтенше жағдайлар аймағына барлау (нысан жағдайы, аумақтар, маршруттар, күш пен құралдар қозғалысы, төтенше жағдайлар аймағындағы шекараны анықтау);
2.   Төтенше жағдайлар аймағына қалыптасқан, авариялық – құтқару қызметтерінің күш пен құралдарын енгізу;
3.   Төтенше жағдайлар аймағында өрт сөндіруге байланысты, авариялық –құтқару жұмыстарын жүргізу; 
4.   Төтенше жағдайлар аймағына құтқарушыларды және жүктерді десанттау;
5.   Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету; 
6.   Төтенше жағдайлар аймағындағы зардап шеккендерді және материалды құндылықтарды көшіру; 
7.   Құрылыс, ғимарат қозғалыс жолдарында және жұмыс орындарында, құрылыстарға қатер төніп тұрған және бұзылғандардың опырылуы немесе бекінісін, үйінділерді тексеру; 
8.   Төтенше жағдайлар аймағындағы газданқұтқару жұмыстары (жарылыстар, өрттер, газдың шығуы кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету бойынша авариялық – құтқару жұмыстарының жиынтығы) ;
9.   Гидродинамикалық авариялар (плотинаның, дамбының, шлюздердің жарылуы) және апаттық басуларды жоюға (ықшамдауға) қатысу; 
10. Қатты аяз, боран және жел жағдайында төтенше жағдайларды жою (ықшамдауға) қатысу; 
11. Қатты жел жағдайында төтенше жағдайларды жою (ықшамдауға) қатысу;
12. Темір жол көлігінде төтенше жағдайларды жою (ықшамдауға) қатысу;
13. Авияциялық оқиғалар кезінде кемелерінің жолаушыларды және экипаждарды құтқаруға қатысу; 
14. Автомобиль көлігінде төтенше жағдайларды жою (ықшамдауға) қатысу;
15. Қар көшкіні және селдердің түсу аймағындағы авариялық –құтқару жұмыстары; 
16. Орман өрттерін ықшамдау және сөндіру; 
17. Жоғары тау аймағында зардап шеккендерді тасымалдау және көмек көрсету, іздестіру;
18. Қолжеткізуі қиын аудандарда және аса қиын объектілерде зардап шеккендерді іздестіру және тасымалдау;
19.  Қолжеткізуі қиын туристік аудандарына, жылжу объектілері мен магистарльдік жолдарды дем алушылар үшін қауіпсіздік мүмкіндігіне тексеру;
20. Облыстың туристік саяхаттарына, экскурсияларға, жарыстарға, жиындарға, семинарларға және тағы басқа ісшараларға қауіпсізздікті қамтамасыз ету; 
21. Төтенше жағдай аймағындағы қол жеткізуі қиын аудандарға азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді және тіршлікті қамтамасыз ету құралдарын жеткізу; 
22. Төтенше жағдай аймағындағы қол жеткізуі қиын аудандардан тұрғындарды көшіру;
23. Қол жеткізуі қиын аудандарда және аса қиын объектілерде төтенше жағдайларды жоюға олардың қатысуы қажет басқада профильдегі мамандарды жұмыс орнына жеткізу, ертіп апару және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету. 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:44 / 2017-11-30 15:46