4-МӨСБ

kn2Мекен-жайы: Риддер қ., Гоголь көшесі, 6.

kn2Жеке құрам:штат бойынша 56 адам, тізім бойынша 55 адам. Риддер қ., Гоголь көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан (ауданы – 1206 ш.м.). Аймағы – 4090 ш.м. Сабақ өткізетін жабдықталған оқу сыныбы, тренежермен және спорт жарағымен жабдықталған спорт бөлмесі бар. Бөлімде ашық түрлі төрт қабатты оқу мұнарасы бар. Оқшаулағыш газқағармен сабақтар әскери тау құтқару жасағында орналасқан жылу-түтін-камерасында өтеді. Жеке құрамды құлақтандыру ұйымдастырылған (телефон, дауыстағыш және родио байланыс). Бөлімде келесі бөлмелер бар: ГТҚҚ базасы, ас бөлме, жатын бөлме, киініп-шешінетін бөлме, жуынатын бөлме және тағы сол сияқтылар, төрт ауысым кестесі бойынша кезекшілікті тәулік бойы қызмет етуге қолайлы. Тәулігіне ауысым қарауылына 10 адам түседі.
Автокөлік – 9 бірлік техникасы
Байланыс құралдары – 22 радиостанция (соның ішінде мобильді және тасымалды)
Авариялық-құтқару құралдары – 1 комплект (гидравликалық)

kn2Атқарылатын жұмыстар:

  1. авариялық қирау ошағын, апат және табиғи апат аймағын төтенше жағдай бойынша барлау (нысананың, аймақтың, маршруттың жағдайын, күштер мен құралдарды шығару, төтенше жағдай аймағындағы шекараны анықтау);
  2. авариялық құтқару қызметінің күштерімен құралдарын енгізу, төтенше жағдай аймағына қалыптасу;
  3. төтенше жағдай аймағында өрт сөндіруге байланысты авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу;
  4. төтенше жағдай аймағына жүктер және құтқарушыларды десанттау;
  5. зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету;
  6. төтенше жағдай аймағынан зардап шеккендерді және материалдық құнды заттарды құтқарып шығару;
  7. үйінділерді қопару, жұмыс орнында және де жолдарда қираған және құлағайы тұрған ғимараттар мен имараттардың құрылымдарын бекіту немесе құлату;
  8. төтенше жағдай аймағында газдан құтқару жұмыстары (жарылыста, өртте, газдалған кезде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша авариялық құтқару жұмыстарының кешені);
  9. қатты аяз, боран және бұрқасын жағдайында төтенше жағдайларды жоюға (тоқтатуға) қатысу;
  10.  қирататын дауыл болғанда төтенше жағдайларды жоюға (тоқтатуға) қатысу;
  11. темір жол көліктеріндегі төтенше жағдайларды жоюға (тоқтатуға) қатысу;
  12. авиациялық оқиғада әуе кемелеріндегі экипаждарды және жолаушыларды құтқаруға қатысу;
  13. автомобиль көліктерндегі төтенше жағдайларды жоюға (тоқтатуға) қатысу;
  14. құрлықта апатқа ұшыраған ғарыш аппаратын және әуе кемелерін құтқару және іздестіру;
  15.  сел және қар көшкісі түскен аймақта авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу;
  16. орман өрттерін тоқтату және сөндіру;
  17. биік таулы аймақта зардап шеккендерді іздестіру, көмек көрсету және басқа жерге тасымалдау;
  18.  жетуге қиын аймақтармен жоғары қиындықтағы нысаналардан зардап шеккендерді іздестіру және басқа жерге тасымалдау;
  19.  төтенше жағдай аймағындағы жетуге қиын аймақтарға тыныс-тіршілікке қажеттті азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмектер жеткізу;
  20. төтенше жағдай аймағында жетуге қиын аймақтардан халықты құтқару;

жоғары қиындықтағы нысаналарға және жетуге қиын аудандардағы төтенше жағдайды жоюға қажетті басқа сала мамандарының жұмыс орнына жетуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:44 / 2016-01-11 09:47