Медициналық қызмет бөлімі

kn2Мекенжайы: Өскемен қаласы А. Протозанов көш., 97/1.

kn2Жеке құрамы:штат бойынша 10 адам, тізім бойынша 9 адам. Медициналық қызмет бөлімінің мынадай жайлары бар: кезекші дәрігердің кабинеті, физиокабинет. Қазіргі уақытта медициналық қызмет бөлімінде: 2 дәрігер-терапевт, физиолог, 1 хирург-травмотолог, 1 реаниматолог-анестезиолог қызмет етуде. Медициналық қызмет бөлімінің жарағында реанимациялық автомобиль бар, ол келесі аспаптармен жабдықталған: пневможинақ (оттекті ингалятор және өкпені жасанды желдету аппараты), дефибриллятор (реанимация кезінде жүрек тоқтап қалған жағдайда пайдаланылады), тасымалы оттекті ингалятор, резеңке доңғалақ, далалық зембілдер, шыт зембілдер, жедел медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен аспаптардың жиынтығы. Жеке құрамды құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылған (дербес пейджинг, телефон, дыбыс үдеткіш және радио байланысы). Тәулік бойы кезекшілік атқару төрт ауысымдық кесте бойынша кезекші дәрігер мен реанимациялық автомобильдің 2 жүргізушісі арқылы жүзеге асырылады.

kn2Бөлімнің жарағында мыналар бар:

Автокөлік – 1 бір. техника.

Байланыс құралдары – 1 радиостанция (ұтқыр).


kn2Атқаратын жұмыстары:

1. Реанимациялық автомобильмен шығу кезінде келесі медициналық көмек көрсетіледі:
- пневможинақ (оттекті ингалятор және өкпені жасанды желдету аппараты) зардап шеккенге иіс газымен, улағыш заттармен уланған кезде, тыныс тоқтап қалған кезде, батып кеткен кезде медициналық көмек көрсету үшін қолданылады;
- дефиблирятор жүрек тоқтап қалған кезде, есеңгіреу, жарақат алу, қансырау кезінде зардап шеккенді ренимациялау үшін қолданылады;
- тасымалы оттекті ингалятор жетуге қиын аудандарда, ғимараттың үйінділерінде қалып қалған зардап шеккендерге оттек беру үшін қолданылады;
- сыну кезінде зардап шеккендерге резеңке доңғалақты таңу;
- зардап шеккендерді сатының тар бөлігі бойынша брезент зембілдерді қолдану арқылы шығару;
- зардап шеккендерді көлік құралдарына дейін далалық зембілдердің көмегі арқылы жеткізу;
- зардап шеккенді ТЖ аймағынан көшіру кезінде емдеудің барлық кезеңдерінде қажетті дәрі-дәрмектік көмек көрсету;

2. Дәрігер тасымалы сөмкесін – «Медициналық чемоданын» қолданған кезде:
- ТЖ аймағында зардап шеккендерге және зақымданғандарға, ауруларға орнында және тасымалдау уақытында эшелондаудың әскери-медициналық доктринасы және кезеңдік шұғыл медициналық көмектің негізінде медициналық ғылым мен іс-тәжірибенің қазіргі заманғы жетістіктері деңгейінде медициналық көмек көрсету;
- зардап шеккендерге күю, үсу кезінде медициналық көмек көрсету -резеңке доңғалақтарды, таңғыштарды таңу, дәрі-дәрмектік емдеу;

- зардап шеккендерге жарақаттар алған кезде медициналық көмек көрсету - резеңке доңғалақтарды, таңғыштарды таңу, дәрі-дәрмектік жансыздандыру;
- зардап шеккендердің өмірі үшін қауіпі бар басқа шұғыл жағдайлар кезінде қажетті дәрі-дәрмектердің жиынтығын қолдану арқылы медициналық көмек көрсету;

- облыстың туристік жорықтарын, саяхаттарын, жарыстарын, жиындарын, семинарларын және басқа іс-шараларын медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:45 / 2016-01-11 09:47