«2-Мұзжарғыш» мұзжарғыш өрт кемесі

kn2Мекенжайы:Өскемен қаласы, «Аблакетка» айлағы.

kn2Жеке құрамы:штат бойынша 4 адам, тізім бойынша 4 адам. Габаритті өлшемдері: ұзындығы – 30 м, ені –8,7 м, шөгуі (толық) – 2,29 м, шөгуі (бос) – 2,08 м, қондырманың биіктігі – 13,0 м. «Мұзжарғыш кеме -2» кемесінің тағайындалуы – сүйреу, итеру, мұз қату жағдайларында кемелерді тарту, сонымен қатар кемелердегі және акваторияларға жақын орналасқан объектілердегі және аумақтардағы өрттерді сөндіру. Кеме жалпы қуаты 600 а.к. 2 дизельді қозғалтқышпен жабдықталған. Кеменің суығыстырымы 254,5 тонна, таза судағы жылдамдығы 15,5 км/сағ., электрлік жарықтандыру, сумен жылыту. Төрт тұрақты лафетті оқпанның жұмысын қамтамасыз ету үшін кемеде 4 өрт сорғысы орнатылған (біреуінің өнімділігі 40 м.куб./сағ, үшеуінің өнімділігі 160 м.куб./сағ). Жеке құрамды құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылған (дербес пейджинг - 60%, телефон және радио байланысы). Тәулік бойы кезекшілік атқару экипаждың мүшелері арқылы жүзеге асырылады – 1 адам.

kn2Бөлімнің жарағында мыналар бар:

Тұрақты лафетті оқпан – 4 дана.

Байланыс құралдары – 1 радиостанция (ұтқыр).


kn2Атқаратын жұмыстары:

1. Төтенше жағдай аймағын облыстың ішкі акваториялары шегінде барлау;
2. Төтенше жағдай аймағына құтқарушылар мен жүкті ішкі акваториялар бойынша десанттау;
3. Төтенше жағдай аймағынан зардап шеккендерді және материалдық құндылықтарды ішкі акваториялары бойынша көшіру;
4. Төтенше жағдай аймағында өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
5. Гидродинамикалық аварияларды (бөгеттердің, дамбалардың, шлюздердің бұзылуы) және апаттық су басуды жою (тоқтату);
6. Өзен, әуе кемелерінде және ғарыш аппараттарында зардап шеккендерді, ішкі акваторияларда зардап шегушілерді іздестіру және құтқару;
7. Қайырдан және жағадан су бетіндегі авариялық кемелер мен басқа суда малтау құралдарын алып шығу;
8. Авариялық объектілерді су бетінде ұстау, оларға байланыс құралдарын және жүктерді беру;су бетіндегі авариялық кемелерді және басқа объектілерді сүйреу;
9. Авариялық кемекөтеру жұмыстары және батып кеткен объектілерді, техникаларды және мүліктерді көтеру бойынша жұмыстары;
10. Мұз бөгеттерін жою

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:51 / 2016-01-11 09:47