Заң тобы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Заң тобының ережесі

  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Заң тобы (бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қызмет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Топтың құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
4. Топ Қызмет бастығына (басшысына) тікелей бағынысты.

  1. Топтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті:
Қызметтің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Функциялары:
1) шарттардың жасалуын үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде әсер ету шараларын қолданады;
2) заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, Қызмет пайдасына шешілмеген сот актісіне барлық сот инстанцияларына шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қадағалау тәртібінде, құзыреті шегінде наразылық білдіру туралы қолдау хат жазып, прокуратура органдарына хат жазады;
3) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдайды;
4) сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда Қызмет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Қызмет мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсынады.
5) Қызметке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелі түрде есепке алынуын және сақталуын ұйымдастырады.
6. Міндеті:
Қызметтің заңнаманы қолдану практикасын қорытындылайды.
Функциялары:
талап қою жұмысының, сотта тиісінше іс қарауға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қызметтің қатысуымен болған даулар бойынша сот практикасының есепке алады және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
7. Міндеті:
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Қызметте жалпыға бірдей құқықтық оқыту ұйымдастырады.
Функциялары:
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларға тақырыптар енгізу бойынша ұсыныстар жасайды
8. Міндеті:
нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Функциялары:
1) құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Қызмет бастығының (басшысының) тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;
2) Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Қызметтің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiндiрулер дайындайды.
9. Топтың құқықтары мен міндеттері:
1) өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінен сұратады;
2) Қызмет басшылығының тапсырмасы бойынша кешенді тексерулер жүргізуге қатысады;
3)  Қызмет басшылығының келiсiмiмен Қызметтің құқықтық мәселелері жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен Қызметте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн Қызметтің басқа құрылымдық бөлiмшелері қызметкерлерiн тартады;
4) Топ жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) тексерулердің, қызметтік тексерулердің нәтижелері бойынша Топтың, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қызметтің қщұрылымдық бөлімшелерінің қызметі жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындылары бойынша қаржылық шарттарға сараптама жүргізеді.

3. Топтың қызметін ұйымдастыру

10. Топ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
11. Топтың қызметкерлерін қызметке Қызмет бастығы (басшысы) тағайындайды және қызметтен босатады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.
12.  Осы ережеге сәйкес Топқа олардың қызметiне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.
13. Қызметтің бюджет қаражатының шегiнде Топта оның тиiмдi және сапалы қызметi үшiн мыналарды қоса алғанда, тиiстi жағдайлар жасалады:
жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегi мерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық актілердiң электрондық қорымен қамтамасыз ету;
Топ  қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру  үшiн тұрақты негiзде iс-шаралар ұйымдастыру.
14. Қызмет қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, Топты таратуға жол берiлмейдi.  

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:46 / 2016-01-11 09:47