ӨСжАҚЖҚ ММ құрылу трихы

 

ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің құрылу тарихы

«1765 жылғы 20 маусымда болған өрттен Бірінші Петр патша кезінде 1720 жылы салынған форштаты бар Ертіс желісіндегі ескі құрылыс Өскемен қорғаны өртеніп кетті, кейін айналасына ор қазылған қорған қайта салынды.

История создания Государственной противопожарной службы ВКО

kn2Ертіс желісінің капитаны Иван Андреев, «Домовая летописьтен» үзінді

Шығыс Қазақстанның мемлекеттік өртке қарсы қызметінің тарихы өзінің бастауын сонау 19 ғасырдың соңынан алады. Осы уақытқа дейін тілсіз жау Өскеменді айналып өткен жоқ. Өрттің апта бойы тұрып алатын кездері болған. Ағаш құрылыстар бейне бір қағаз үйлер сияқты тез тұтанып жанатын. Тілсіз жау ешбір қиындықсыз көршілес ғимараттарға жайыла беретін, өйткені сол кезде үйлер ретсіз салынған, ешкім де өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамаған. Өрт бірде күшейіп, бірде азайып отырған. Тұрғындардың қуатты күшпен күресуге шамалары болмай, амалдары таусылатын. Өртпен күресуге ешкім талпынбаған да. Барлығы осы істі сенімсіз, ал өрт туындауы қалыпты жағдай деп санаған. Бірде тілсіз жаудың «тырнағына» Өскемен қорғаны да ілікті.

 

kn21765 жылы оның күлі көкке ұшады. Адамдар оны қайта салады, бірақ бұл үдеріс бірнеше рет қайталанады.

kn21860 жылы ерікті өртке қарсы командалар құру туралы шешім қабылданған. Бір жылдан кейін алғашқы өртке қарсы команда Семей қаласында құрылып, команда құрамына 2 унтерофицер, 40 қызметкер және 10 бөшке сумен жабдықталған        2 атты арба кірген.

kn21896 жылы Өскемен қаласында халық қалаулылары О. Костюрин, А. Федоров,   И. Емельянцев, Гиннотовт-Дзевлятовский, Е. Михаэлис қалалық кеңестің мүшелері болып сайланып, қоғамдық - шаруашылық қызметпен белсене айналыса бастайды. Олардың жасаған жаңалықтары - тастан өрт мұнарасының салынуы және өртке қарсы команданың құрылуы. Сонда да олардың ойлаған ойларын іске асырғанша үш жыл өтеді. Осы уақытта Өскемен қаласында 9 мың тұрғын және 13 зауыт бар болатын.

kn21899 жылы 1 шілдеде «Семипалатинские ведомости» газетінде өртке қарсы команда штатын және Өскемен қаласында 12 адамнан құралған керуенді бекіту туралы мәлімдеме жарияланған. Қаланың брандмейстері Ф. Столбов болған. Қызмет өте қиын болғандықтан, күн-түн демей демалыссыз жұмыс істеген. Бірақ халық өртпен күресу үшін тағы басқа шаралар қабылдаған. Саяси жер аударылғандар өртке тұрақты ғимараттарды салуға, қаланың мәдениет және ағарту ісіне белсене кіріскен. Әрине, бұл оңай іс болған жоқ. Мұрағаттық құжаттан үзінді: «Адамдарды үш айда бір рет түтін тұрбаларын тазалауға міндеттеген, тұрба тазалаушыларды жалдаңдар, үй иелері бұл жұмысты өз мойындарыңа алыңдар».

kn2Сол уақытта қалалық басқарма жолдарды жөндеу, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мәселесімен айналыса бастайды. Өйткені олардың нашар жағдайы өрт кезінде қауіп төндірген. 1913 жылы Өскемен қаласының тұрғындарына арналған «міндетті қаулылар жиынтығының» өртке қарсы қауіпсіздік шаралары:

  1. Түтін тұрбаларын тазалау міндеттері.
  2. Базар алаңындағы барлық сауда орындарында шылым тастауға тыйым.
  3. Керосин және қара майды көп мөлшерде тыйым.

kn21939 жылы Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болады. Осы жылдың 23 қазанында облыста ШҚО ІСХКБ өртке қарсы инспекциясы құрылды.
Мұрағаттық құжаттардан көрінетіні: қажетті жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерді үйрету және басқа да өртке қарсы қызметтің шаруалары өте баяу іске асты, әрине, өндіріс дамуынан, қала құрылысынан және өрт қаупінің артуынан кеш қалып отырды. 1940 жылы ғана өртке қарсы қызмет пайдасы үшін аттарды сату арқылы алғашқы өрт сөндіру машинасын сатып алу мәселесі шешіледі. Ондаған жылдардан кейін Зырян қаласында, Зайсан, Таврия, Марқакөл, Глубокое, Тарбағатай аудандарында өртке қарсы командалар пайда бола бастайды. Осылайша облыстық орталықта өртке қарсы қызмет кеңейе бастаған.

kn21952 жылы өрт депосында алғашқы өрт байланысы орнатылады. Өрт депосының жайында ерекше маңызы бар объектілермен жеке телефон желісімен жалғанған коммутатор орнатылады. Соңғы жылдары өртке қарсы қызмет жаңа мәртебеге ие болып, техникалық, ұйымдастырушылық жағынан қайта жанданып, мемлекет тарапынан күшті қолдау тапты және қоғамды, оның құндылықтарын қорғауға дайын болды.

kn2Өрт командалары көбейгендіктен, 1957 жылы өртке қарсы командаларды өрт қызметінің бірыңғай жүйесі деп атау туралы шешім қабылданды.
20 ғасырдың 90-ыншы жылдары Күршім, Теректі, Таврия, Серебрянск, Ақжар ауылдарында, Молодежное кентіндеөрт деполары құрылды. Сонымен қатар Шар, Аягөз қалаларында, Үржар, Георгиевка ауылдарында, Самар, Жаңа Шүлбі, Әуезов, Большенарым, Бозанбай, Ақсуат елді мекендеріндеөрт деполарына арналған ғимараттар қайта жөнделді.

kn21997 жылы ҚР ІІМ өрттен қорғау бөлімі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Мемлекеттік комитетіне берілді. Осының негізінде ШҚО ІІБ өрттен қорғау бөлімі «ШҚО бойынша өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

kn22005 жылдың 31 қаңтарында облыстағы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің базасында «ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» және  ҚР ТЖК ТЖ саласында Мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі құрылды.

kn21 жарым жылдан кейін мемлекеттік бақылау және қадағалау мекемесі «ШҚО бойынша өртке қарсы қызмет департаменті» болып қайта аталды. ШҚО ӨҚД және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММФ ҚР ТЖК Өртке қарсы қызмет комитетінің құрамына енді.
ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде 2008 жылы құрамына «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» енген ШҚО Өртке қарсы қызмет департаменті Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне қосылу арқылы қайта құрылды.

История создания Государственной противопожарной службы ВКОkn2Бүгінгі күні Шығыс Қазақстанның өртке қарсы қызметі – апаттық жағдайда минут сайын, күн сайын құтқаруға дайын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өрттердің, апаттардың, жарылыс және басқа да зілзала апаттардың алдын алуда, талдау жасауда, даму жағдайларын қарастыруда қуатты да күрделі құрылым.

kn2Қазіргі тілсіз жаумен күресушілер әр түрлі бағыттағы өрт сөндіру көліктерімен жабдықталған. Өрт сөндірушілер автоцистерналар, автомеханикалық сатылар, көтергіштер, көбікті және ұнтақты өрт сөндіру автокөліктері, сорғы станциясы, байланыс және жарықтандыру көліктері, әуе көліктері, техникалық қызмет көліктері және тағы басқа құралдармен жабдықталған. Өрт сөндіруде сумен қатар химиялық және әуе - механикалық көбігі, химиялық ұнтақтар, инертті газдар пайдаланылады.

kn2Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметі Қазақстанда бірінші болып, 1997 жылы өрт сөндірудің кәсіби бөлімдерін әскерилендіруді аяқтады, бұл қызметтің шұғыл әрекет етуі мен жауынгерлік қабілетін арттырды. Күрделі де келелі мәселерді шешуге ықпал етті. Қысқа уақыт ішінде гарнизонның басқармасы мен байланысы көптеген өзгерістерге ұшырады. Соңғы жылдары автоматты байланыс жүйесі құрылды, ақпараттық деректер базасын жүйелендіретін компьютерлік желілер енгізілді.

kn2 Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы гарнизонының құрамына: 63 бөлімше, 1 қалалық жасақ, 1 мамандандырылған жасақ, 4 мамандандырылған және «ӨС ж АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық мектебінде 1 оқу өрт сөндіру бөлімі кіреді. Жеке құрамның штаттық саны 2139 адамды құрайды. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу мақсатында ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ тұрақты жауынгерлік дайындықта тұратын 404 өрт сөндіру техникасының бірлігімен жасақталған, оның ішінде: негізі 228  бірлік, арнайы - 32 бірлік, қосалқы -144 бірлік. Өтуі қиын жерлерде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін КУНГ-14 бірлік, ГТТ -7 бірлік, МТЛБ -2 бірлік.

kn2Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметі қоғам өмірінің қалыпты жағдайы мен тыныштығына жауапты, біз үшін бұл аса қасиетті міндетті біз асқан АБЫРОЙМЕН атқаруға тырысамыз

Өртке қарсы қызметтің жаңартылған қызметі бүгін мемлекет және азаматтардың мүддесін қорғауда нық тұруға мүмкіндік береді.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-25 08:58 / 2018-08-08 15:18