Техникалық қызмет және құлақтандыру тобы

 

ҚР ІІМ ТЖК «ШҚО ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер
және байланыс құралдары бөлімі туралы
ереже

kn2Жалпы ережелер

  1. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары бөлімі (одан әрі - АТЖжБҚБ) ҚР ТЖК Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (одан әрі – ШҚО ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ).
  2. АТЖжБҚБ өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқаулары мен қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. АТЖжБҚБ құрылымы ШҚО ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ штаттық кестесімен белгіленеді.

kn2АТЖжБҚБ негізгі міндеттері

  1. Мекеменің телекоммуникациялық желілерін пайдалану және дамыту, жаңа телекоммуникациялық технологиялар енгізу.
  2. Мекемені сыртқы ғаламдық және аймақтық желілерге қосуды қамтамасыз ету, телекоммуникация қызметтерін жеткізушілерімен және байланыс операторларымен өзара әрекеттесу.
  3. Бөлімшелердің жойылған коммуникациялық тораптарын мекеменің корпоративті желісіне қосуды қамтамсыз ету,оның жұмысын басқару және үйлестіру.
  4. Бөлімше телекоммуникациясы орталық торабының тәулік бойы жұмыс істеуін, сондай-ақ негізгі ақпараттық және почта серверлерінің жүйелік желілік серверлерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  5. Мекеме телекоммуникациясының сымды және сымсыз желілеріне қызмет көрсету және дамыту.
  6. Бөлімшелердің жергілікті ақпараттық-есептеу желілерін жобалау және енгізу.
  7. Желілі ақпараттық ресурстар мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету.
  8. Техникалық және бағдарламалық құралдарды, аватоматтандырылған жүйелерді жобалау, өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру, қабылдау кезіне қатысу.

kn2Бөлімнің функциялары

  1. ЭЕМ-ның, перифериялық жабдықтың, мәліметтерді дайындау құрылғысының, саолқындатқыш пен желдеткіш жүйелерінің, электрмен қамту және өртке қарсы қызметінің автоматтандырылған басқару жүйелерінің (АБЖ) басқа да қосымша жабдықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  2. Есептеу кешені мен перифериялық жабдықты жеткізу, жинақтау (құрастыру) және қызмет көрсетуіне ұйымдастырушылық-реттеуші, сондай-ақ БАЖ техникалық құралдарының жұмыс істеу тәртібін, жабдықты пайдалану кезіндегі техника және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін белгілейтін құжаттама әзірлейді.
  3. Стандартты емес техникалық жабдықты жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, өзінің әзірлемелері бойынша авторлық қадағалауды, пайдалану кезінде оларды енгізу және жетілдіруді жүзеге асырады.
  4. Бұзушылықтарды жою, функционалдық мүмкіндіктерді кеңейту, оның пайдалану тиімділігін жоғарылату мақсатында пайдалану жабдығын жетілдіреді.
  5. БАЖ техникалық құралдарына жоспарлы тексеру және жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
  6. Өртке қарсы қызметінің БАЖ техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі техника және өртке қарсы қауіпсіздігі ережелері бойынша диспетчерлер мен бөлімшелер қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізеді.
  7. Шығарушы кәсіпорындарының өкілдерімен бірлесіп жаңадан алынған жабдықтарды орнатады, жинақтайды және сынақтан өткізеді.
  8. Жоспарланған тапсырмаларға сәйкес қажетті зерттеулер жүргізеді, есептеу техникасы мен жабдықты пайдалану мәселелері бойынша қажетті есептілік дайындайды.
  9. Бөлімінің материалдық-техникалық жоспарын құрады және оның жүзеге асырылуына бақылау жасайды.
  10. Жұмыс процесін ұтымды етіп, ойлап табу қызметімен айналысады.
  11. Сымды, радио- және факсимильді байланыс құралдары мен БАЖ
  12. телемеханикасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  13. Байланыс құралдары мен БАЖ телемеханикасына жоспарлы және жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
  14. Жетпеушіліктерді жою және олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында байланыс құралдарын жаңалайды.
  15. Байланыс құралдарын және БАЖ телемеханикасын жеткізу, жинақтау және жөндеуге техникалық және жұмыс құжаттамасын әзірлейді.
  16. Желі және шұғыл байланыс құралдарына қызмет көрсететін өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне әдістемелік және шұғыл басшылықты жүзеге асырады.

 

kn2Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру <з class="main">

  1. АТЖжБҚБ қызметін Бөлім бастығы басқарады, ол ШҚО ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ бастығына бағынып, оған өз қызметі туралы есеп береді.
  2. АТЖжБҚБ бастығы лауазымға ШҚО ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ бастығымен тағайындалады.
  3. АТЖжБҚБ қызметі ақпаратпен алмасу арқылы ШҚО ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ бөлімшелерімен өзара әрекеттесу негізінде құрылады.
  4. АТЖжБҚБ қызмет және жеке мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жоғары тұрған бастықтарға ұсыныстар жасап, жауап ала алады.
  5. ШҚО ТЖД қызметкерлерімен ДЭЕМ, перифериялы жабдықты, жергілікті желі мен радио желіні пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың сақталуына бақылау жасайды.
  6. ӨБОП-тың лауазымдық тұлғалары Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау үшін және өздеріне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілік артады.
  7.  

    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-29 12:08 / 2016-01-11 09:47