Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы туралы ереже  

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авриялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар саласындағы тіл саясатын және ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Мнистрлік) Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Өрт сөндіру және авриялық-құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) Мемлекеттік тіл және ақпарат  тобы (бұдан әрі – Топ) тікелей Қызметтің бастығына және оның орынбасарларына бағынады, Топтың құрылымы және штат саны Қызметтің штат кестесімен айқындалады. 

 

2. Негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары  

4. Міндеті: Қызметте мемлекеттік тілді қолдану және дамыту.
Функциялары:
1) мемлекеттік және салалалық бағдарламаларды, тіл саясаты саласындағы жоспарларды іске асыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар органдарында мемлекеттік тілді дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.
2) Қызметтің басшылығы қол қоятын мемлекеттік тілдегі негізгі және туынды нормативтік құқықтық, басқару актілері мен құжаттардың жобалары мәтіндерін редакциялау және олардың теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету;
3) Қызметтің жеке құрамына мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру және талдау және Қызметтің аумақтық бөлімшелерінде осы бағыттағы жұмысты үйлестіру.
4) Қызметтің, оның құрылымдық бөлімшелерінде  мемлекеттің тіл саясатын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, Министрлік, Комитет, Департамент бұйрықтарының, өкімдері мен нұсқауларының нормаларын және ережелерін сақталуына бақылау жасау, олардың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру.
5) Қызметтің және оның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту саласындағы әр түрлі іс-шараларды (семинарларды, кеңестерді, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, байқауларды, тағылымдамаларды, біліктілікті арттыру курстарын және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
6) мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылау және оны төтенше жағдайлар органдарында одан әрі жетілдіру.
7) Қызметтің Департаментпен, Комитетпен, Министрлікпен және өзге мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен тіл саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
8) Қызметтің құрылымдық бөлімшелеріне өз қызметінің бағыттары бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
5. Міндеті: Қызметтің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу, Қызметтің ішкі ақпараттық саясатын іске асыру, ақпарат саласында Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
Функциялары:
1) Қызметтің ақпараттық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау;
2) брифингтерді, баспасөз конференцияларын, интернет-конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды тарату;
3) Қызметтің құрылымдық бөлімшелеріне өз қызметінің бағыттары бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
4) Қызметтің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) іс-қимыл жасау.
5) БАҚ-та жариялау үшін материалдарды дайындау, төтенше жағдайлар органдарының қызметтері мен бөлімшелеріне олардың қызметтері бойынша БАҚ-қа материалдар дайындауға жәрдемдесу;
6) республикалық және халықаралық БАҚ өкілдерін аккредиттеу, оларға төтенше жағдайлар органдарының қызметі туралы материалдарды дайындауға жәрдемдесу;
7) Қызметтің іс-шараларын фото-бейне түсіруді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ БАҚ үшін бейнематериалдарды монтаждау;
8) жариялауға жоспарланған материалдарды рецензиялау, сайт пен порталды ақпараттық және тілдік қолдау бойынша Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
9) Департаменттің ресми сайтының және Комитет порталының бөлімдеріндегі материалдарды ақпараттық толтыру және жаңарту;
10) Департаменттің ресми сайтында жарияланатын ақпараттың өзектілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.
6. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қызметтің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарынан жүктелген міндеттерін орындауға қажетті құжаттар, анықтамалық және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) Қызметтің құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
3) Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан мемлекеттің тіл саясатын және ақпараттық саясатты регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын және ережелерін сақтауын талап ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту барысын бақылау;
4) Қызметте және оның құрылымдық бөлімшелерінде тіл саясатын, ақпараттық саясатты регламенттейтін тілдер, БАҚ туралы заңдардың, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық құжаттар нормаларының орындалуы бойынша жоспарлы тексерулерді жүзеге асыру;
5) Қызметтің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйрену сабақтарына қатысуын бақылауды жүзеге асыру, Қызметтің басшылығына сабақтарға қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;  
6) оқу кезеңінің қорытындылары бойынша мемлекеттік тілді білуіне емтихандарды қабылдауға бақылауды қамтамасыз ету;
7) Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінен Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша атқарылған жұмыс туралы мәліметер мен есептерді белгіленген тәртіпте талап ету;
8) Қызметтің басшылығына мемлекеттік тілде іс жүргізудің даму барысына теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ Қызметтің тіл және ақпараттық саясаты бағыты бойынша жұмысты жетілдіру, тілдер және БАҚ туралы заңнаманы бұзуға жол берген басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
9) облыс аумағындағы, сондай-ақ құтқарушылардың қатысуымен облыстағы төтенше жағдайлар және оларды жою бойынша жұмыс барысы туралы қажетті ақпаратты жедел түрде алу;
10) белгіленген тәртіпте хат алысуды жүргізу және өз құзыреті шегінде қаржы құжаттарына қол қою;
11) бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру және Қызметтің Қаржымен қамтамасыз ету бөліміне өз құзыреті мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізу;
12) Қызметтің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік басшылықты және олардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
13) Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін БАҚ-пен және жұртшылықпен жұмыс жөнінде аналитикалық және есептік ақпаратты жинауды және қорытуды жүргізу.

 

3. Топ қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

7. Топтың заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктері болады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қызметтің бастығымен (басшылығымен) лауазымға тағайындалып, жұмыстан босатылады. 

9. Осы Ережеге сәйкес Топтың қызметіне жатпайтын қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-08-15 11:36 / 2016-01-11 09:47