Өрт сынақ зертханасы

Александр Владимирович ВарениковБастық - Данелбеков Думан Қуатбекұлы

1979 жылы 05 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, ШҚО Марқакөл ауданы, Алексеевка ауылында туған,  ұлты - қазақ.
2000 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін тәмамдаған, маманы инженер-механик. 2010 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өртке қарсы қызметін 2003 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қаласы МӨҚК бас бсқармасынын №2 ӨСБ инспекторы болып бастаған.
2003 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін Алматы қаласы МӨҚК бас бсқармасынын №2 ӨСБ инспекторы. 2005 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың шілде айына дейін ШҚО ТЖБ МБҚБ Өскемен қаласының ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау қадағалау бөлімінің инженері. 2005 жылдың шілде айынан 2006 жылдың қыркүйек айына дейін ШҚО ТЖБ МБҚБ Өскемен қаласының ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау қадағалау бөлімінің бас маманы. 2006 жылдың қыркүйек айынан 2008 жылдын қыркүйек айына дейін Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет депар таменті Өскемен қаласының өртке қарсы қызмет басқармасының бас маманы. 2008 жылдын қыркүйек айынан 2015 жылдың қазан айына дейін Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы. 2015 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сынақ зертханасының бастығы лауазымына тағайындалды.

- ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындаңы мінсіз қызметі үшін» медалімен;
- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хатымен марапатталған.

Лауазымдық міндеттері:

  1. Өрттерді анықтау, шаруашылық объектілерін өртке қарсы қорғау және өрт қауіпсіздігінің маңызды мәселелері бойынша зерттеу бағдарламасын орындау саласындағы мәселерді зерделеу аясында ғылыми оқу орындармен, басқа министрліктер мен ведомстволардың ғылыми мекемелерімен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.
  2. ӨСЗ қызмет бағыты бойынша бірге мәселелерді шешу мақсатында ғылыми-зерттеу, сот-сараптамалық және басқа да ұйымдармен іскерлік байланысты жүзеге асыру және ұстану;
  3. Ірі, күрделі өрттерге және төтенше жағдайларға зерттеу жүргізуге және ұйымдастыру, оның ішінде арнайы зертханалық ғылыми-техникалық жабдықтарды қолданумен
  4. Ірі және күрделі өрттерді түсініктеме, зерттеу барысында ведомстволық және ведомствоаралық комиссияларға қатысуды жүзеге асыру;
  5. Маман ретінде өрттің шығу себебі бойынша анықтау органдарына қорыныды беру;
  6. Заттардың, материалдар мен өнімдердің өрт қауіпті құрылымын анықтауды және сынақ жүргізуді ұйымдастыру;
  7. Өндірістің техникалық процессінің өрт қауіптілігін зерттеуге, олардың өрт қауіптілігін төмендету бойынша ұсыныстарды дайындау;
  8. ӨСЗ зерттеу жабдықтарын қолданумен маман ретінде кәсіпорындарда өртке қарсы тәртіпті сақтауға, өндірістің жарылыс өрт қауіпті технологиялық процесстерді тексеруді бақылау органдарымен бірге жүзеге асырады;
  9. Қолданыстағы нормативтік құжаттардың әрекеттегі талаптарын анықтау бойынша ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД ӨҚБжПҚБ ТНБ өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
  10. Зерделенген өрттерді болдырмау, объектілерді өртке қарсы қорғау және адамдардың қауіпсіздігі, өрттерді сөндіру құралдары мен амалдарын жетілдіру бойынша іс-шаралар мен ұсыныстар дайындау; ШҚО ТЖД және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ кеңес және әдістемелік көмек көрсету, өрттердің шығу себептеріне және олардың шығуына және өршуіне мүмкіндік берген жағдайларға талдау жасау; өрттерді зерттеу қорытындысы бойынша шолу, ұсыныс, талдау материалдар, ақпараттық хаттар дайындау;
  11. Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің, Өрт сөндіру қызметінің және мемлекеттік органдардың басшыларын шұғыл ақпараттандыру үшін материалдарды дайындауды ұйымдастыру;
  12. ӨСЗ жұмысын бақылауды және оны жоспарлауды, қызметкерлер арасында міндеттерді бөлуді орындау;
  13. Заңдылықты, қызметтік және еңбек тәртібін, құпия режімді және жұмылдыру дайындығының заңдылықтарын сақтауын бақылау;
  14. ӨСЗ қызметкерлерінің жауынгерлік және дене күші дайындығын жүргізуді, жеке құрамның кәсіби деңгейін жоғарлатуды ұйымдастыру;
  15. Жылдық және тоқсандық ӨСЗ қызметінің талдауларын дайындау;
  16. Жаңа технологияларды, жұмыстың озық түрлерін енгізу үшін жағдай туғызу;
  17. ӨСЗ бастығы өз қызметінде заңдылықты, қызметтік және еңбек тәртібін, құпия режімді және жұмылдыру дайындығының заңдылықтарды сақтайды.

Жұмыс телефоны: 77-03-54

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2015-06-03 12:23 / 2016-03-30 09:58