Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Тугунов Дмитрий Алексеевичkn2 Бастық  - Тугунов Дмитрий Алексеевич - родился 14 декабря 1977 года, 1977 жылы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туған. Ұлты - орыс.
1999 жылы өрт сөндіру қызметін өртсөндіруші лауазымынан оқу өрт сөндіру бөлімінен  бастаған.  2002-2008 жылы Д. Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан Техникалық Университетіде оқыды, маманы инженер - экономист.
2001-2007 жылдың аралығында Өскемен қаласының № 2 өрт сөндіру бөлімінде әртурлі лауазымдарда жұмысты атқарған. 2007 жылдан Өскемен қ. 1-ӨСЖ өрт сөндіру және АҚЖ бөлімшесінің бастығы.
2008 –  2009  жылдары  Өскемен қ. 1-ӨСЖ  ӨСТжБҚ бөлімінің бастығы.
2009 – 2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің ӨСТжКҚ бөлімінің  бастығы. 2014 жылдың қазан айында  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жадайлар комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

- ІІІ, ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындаңы мінсіз қызметі үшін» медальдарімен марапатталған.

Функционалдық міндеттері: Өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысының талаптарына сәйкес қалыптасқан жағдайда мен гарнизонда бекітілген тәртіпке байланысты өрттерге, апаттарға, зілзала және дүлей апат орындарына шығады.

Өрт сөндіру бөлімшесі, өрт сөндіру техникасы және жабдықтары, жедел-құтқару қызметі бөлімшесінің қызметіне басшылық ету және жұмысын ұйымдастырады. Өрт сөндіру техникасының бар-жоғы және техникалық жағдайына, қолданыстағы өрт сөндіру ғимаратына және жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылысына, тиісті құжаттардың ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің жанар-жағармай материалдарын дұрыс және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады. Техниканың және жабдықтардың тиісті түрдегі техникалық жағдайына және уақытында жөнделуіне бақылауды жүзеге асырады. Материалдық-техникалық базаны бекітудің бірыңғай саясатын (гарнизон шеңберінде) жүргізеді.      

Өрт сөндіру қызметі бөлімшелеріне өрт-техникалық қару-жарақтар мен техниканы, жабдықтарды және басқа да үлес түрлерін сатып алу және қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Өрт сөндіру қызметі объектілерінің құрылысын салу, күрделі және жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысына негізгі құралдар мен құрылыс материалдарын есептен шығара отырып бақылауды жүзеге асырады. Жаңа өрт сөндіру депосының құрылысын салуға жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, аталған объектілерге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға қатысу. Басшылықтың, Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің, Өрт сөндіру қызметінің нормативтік құқықтық актілері мен нұсқауларының орындалуын ұйымдастыру, қызметтің өз бағыты бойынша есептік материалдар мен ұсыныстарды дайындау. Бөлімде заңдылықтың, қызметтік, әскери және еңбек тәртібінің сақталуын, заңдылы, қызметтік, әскери және еңбек тәртібінің сақтау бойынша  алдын алу шараларын қабылдау және монитрингін ұйымдастыру. 

Жұмыс телефоны: 56-01-30

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2015-10-02 16:56 / 2016-01-11 09:47