Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер

01.03.2018 «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама *.doc 76 KB
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама *.doc 87 KB

2017 жылғы 28 қыркүйекте әңгімелесуге жіберілген ШҚО ТЖД «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлердің тізімі

1.  Суботылова Жанна Жумажановна;
2.  Сембаева Наргуль Бейбткановна;
3.  Исенова Мадина Бокейхановна;
4.  Мұхаметсағиева Жадыра Құрманбекқызы;
5.  Манапова Айсұлу Санақбекқызы;
6.  Матчанова Дамир Сабирович;
7. Тангытов Жасулан Нурахметович;
8. Куюкова Айгерим Ериковна;
9. Долгова Наталья Ивановна;
10. Нурахметов Берыккан Казезканович.

Конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің тізімі

  1. Гүлдарай Маратқызы;
  2. Марат Оналбекович Даулетин;
  3. Жанель Тандыбековна Садуакасова;
  4. Ернұр Қайнарұлы Медеуқанов

Список кандидатов конкурса на занятие вакантных должностей административных государственных служащих корпуса «Б» ДЧС ВКО, допущенных к собеседованию 2 июня 2017 года

  1. Маратқызы Гүлдарай;
  2. Ракимов Жандос Крыкпаевич;
  3. Нурахметова Гульзат Нурахметовна;
  4. Даулетин Марат Оналбекович;
  5. Садуакасова Жанель Тандыбековна;
  6. Медеуқанов Ернұр Қайнарұлы

Жалпы конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім; бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жағдайда орта білімнен кейінгі техникалық немесе кәсіптік білім рұқсат етіледі; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

- жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-5 83282 112430
C-R-4 73287 99105

I. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, 070004, Өскемен қ., Протозанов к., 97/1, анықтама телефоны: 8-(7232)-57-03-28, e-mail: Info@vkogps.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:  

1.  Заң тобының бас маманы,  C-О-5 санаты (1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда ШҚО ТЖД қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде ШҚО ТЖД мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну, заңнамалық актілерде көзделген жағдайда ШҚО ТЖД құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiндiрулер дайындау, талап қою жұмысының, сотта тиісінше іс қарауға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен болған даулар бойынша сот практикасының жай-күйіне талдау жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім (юриспруденция, халықаралық құқық, құқыққорғау қызметі).
2.  Тылды қамтамасыз ету тобының бас маманы,  C-О-5 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала тууына байланысты демалыс кезінде).
Функционалды міндеттері: Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырып, өткізу, қолданыстан шыққан материалдық құралдарды шығынға жазуға ұсыныстарды қарастыру және оларды бекітуге ұсыну, автомобильдік техниканы, техникалық құралдарды және жасақталуды сақтау, пайдалану және жөндеуден өткізуді ұйымдастырылуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес немесе құқық салаларындағы жоғары білім: (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, менеджмент, юриспруденция).
3.  Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,  C-R-4 санаты (1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар іс-шараларын жоспарлау жөніндегі басшылыққа алатын құжаттармен жұмыс істеу, есеп беру құжаттарын жасау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды орындау және бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, транспорт, транспорттық техника және технология, транспорттық құрылыс, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, кен орындарын байыту, тау ісі, геология және пайдалы кен орындарын барлау, машина жасау).
4.  Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы,  C-R-4 санаты (1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету іс-шараларын бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиямен тексеруге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық ғылымдар салаларындағы жоғары білім (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, кен орындарын байыту, тау ісі, мал шаруашылығы өнімдерін шығару технологиясы, есеп және аудит, филология).
5.  Зырян ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу тобының бас маманы,  C-R-4 санаты (1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету іс-шараларын бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиямен тексеруге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар және бизнес салаларындағы жоғары білім (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, кен орындарын байыту, тау ісі, есеп және аудит, экономика).
6.  Риддер қ. Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы,  C-R-4 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала тууына байланысты демалыс кезеңіне).
Функционалды міндеттері: Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар іс-шараларын жоспарлау жөніндегі басшылыққа алатын құжаттармен жұмыс істеу, есеп беру құжаттарын жасау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды орындау және бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылым және технологиялар, білім салаларындағы жоғары білім (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, кен орындарын байыту, тау ісі білім,  мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті).

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:

1) Нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
2) Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
3)  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4)  Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзуқағидалары 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10)  тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен келесі күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.
Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар, біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, мемлекеттік қызмет істері уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттардың әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 97/1 мекенжайы бойынша өтеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2016-10-14 08:35 / 2018-03-01 09:30