Неге балалар терезеден құлап жатыр?

 

            Жаз келуімен балалардың терезеден түсуі нәтижесінде қайғылы жағдайлардың өсуі байқалады. Көп жағдайда балалар мүгедектікке алып келетін ауыр жарақаттар алады. Көбінесе балалардың терезеден құлап кетуі олардың өлімімен аяқталады.

            Жыл басынан бері ШҚО-да көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап қалуының төрт жағдайы орын алды.

            Мысалы, бірінші оқиға Семей қаласында 2019 жылы 15 ақпанда болды, 6-қабаттың терезесінен 2015 жылы туған бала құлап кетті.

            Мамыр айында тағы екі оқиға орын алды, оның біреуі Өскемен қаласында, тағы біреуі Курчатов қаласында болған. Тек соңғы оқиға 08 маусымда Семей қаласында болды, ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туылған, үшінші қабаттың терезесінен бала құлап, ауыр жарақаттармен балалар ауруханасына жатқызылды.

            Балалардың терезеден құлап кетуінің себебі-қорғалмаған терезе, оны бала кедергісіз аша алады. Баланы құлаудан қорғауға арналмаған ашық терезе қауіпі және москит торы арттырады.

            Бұрын, ескі ағаш терезелерді балалар өздігінен аша алмады, олар желкөздердің көмегімен желдетілді, сондықтан қауіпсіз болды.

            Бүгінгі таңда заманауи терезелер оңай, тіпті кішкентай бала ерекше күш-жігерсіз аша алады. Егер терезе арнайы құрылғылармен қорғалмаған болса және терезені ашуға мүмкіндік болса, мысалы, балалар кереуеті немесе басқа жиһаз терезенің жанында тұрса, қайғыға дейін-бір қадам.

            Жиі ата-аналар балаға терезеге деген қызығушылықты, балаларды терезесіге  жақындатып, көшеде болып жатқан қызықты нәрселерді көрсете отырып, өздері үйретеді. Және де балалар өте қызықты және далада болып жатқан оқиғаларды қуана бақылап отырады.

            Құрметті ата-аналар, бала ересектердің көзінен таса болып, тереземен бірге "жалғыз" болып қалғанда баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді.

            Есіңізде болсын! Кішкентай бала тұратын үйдегі ашық терезе - жоғары қауіптілік көзі.

            Ата-аналар, сақ болыңыз! Үйде бала болса, терезені ашық ұстамаңыз!

            Есіңізде болсын! Москит торы - қорғау елесі, ол сіздің балаңызды құлаудан қорғамайды!

            Баланың терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы құрылғыларды (блокираторлар, бекіткіштер және т. б. құралдар) орнатыңыз!

            Баланың ашық терезеден құлап кетуіне жол бермейтін терезе торларын пайдаланыңыз.

            Барлық заттарды (үстелдерді, орындықтарды, тумбаларды және басқа да заттарды) терезеден алып тастаңыз, олардың көмегімен бала терезеге  көтеріле  алады.

            Жалюзи мен рулонды перделерді салыңыз.

            Үйде бала болғанда терезелерді толық ашпаңыз. Желдету кезінде жоғарғы фрамуганы пайдаланыңыз.

            Ешқашан баланы қараусыз қалдырмаңыз! Ережені есте сақтаңыз -бөлмеде бала - терезені жабыңыз!

             Есіңізде болсын! Балалар ұша алмайды! Балаларыңызға сақ болыңыз!

 

 

ШҚО ТЖД Семей  қ. ТЖБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-06-12 17:16 / 2019-06-12 17:16