Қан сыйлаушы – өмір сыйлайды!

         14 маусымда Бүкіләлемдік донор күні атап өтіледі. Донорлық – бұл өз қаныңды мұқтаж адамға сыйлау, оның өмірін құтқару. Донорлардың берген қаны күрделі ота кезінде, қан кету, ауыр жарақаттар, күйік және өзге де аурулар кезінде, согдай-ақ қанның препараттарын дайындауға пайдаланылады.

         ШҚО ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайлар кезінде көптеген зардап шегушілер сияқты донорлық қанның қажеттігі ерекше жоғары болады. Сондықтан да құтқарушылар донорлық қанға мұқтаж адамдарға үлес қосу үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына барып қан тапсырды. Төтенше жағдай ведомствосының қызметкерлері арасында бірінші рет қан тапсырғандар да, құрметті донорлар да бар.

         Акцияға ШҚО ТЖД бастығы Нұрлан Әбілбайұлы Мадьяров пен «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Гафур Ақайұлы Ақаев та қатысты.

         «Біздің мамандықта үлкен қайғыға бетпе-бет келіп жатамыз. Адамдарды төтенше жағдайдан құтқарып қана қоймай, донорлықпен де көмек жасағымыз келеді. Аталмыш акцияны жыл сайын қолдаймыз және бұдан былай да адамдарға көмек көрсетуді жалғастырамыз» деп атап өтті Нұрлан Мадьяров.

         Донорлық акция кезінде ШҚО ТЖД-дан шамамен 70 адам қан тапсырды, бұл дегеніміз 30 литрден астам қан. Тиісті бос күндерді ешкім пайдаланбады. Демалатын уақыт емес – жаз кезлді – демек өрт қауіпті және шомылу маусымы басталды.

ШҚО ТЖД

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-06-12 17:31 / 2019-06-12 17:31