Қауіпсіздік патрульдері

 

Өскеменде ШӨАЖҚЖ құтқарушылары мен Өскемен қаласы ТЖБ қызметкерлері суда патрульдеу жүргізуді жалғастыруда.

Құтқарушылар кайыққа отырып алып, ресми жағажайларды қоса алғанда және суайдындардың тыйым салынған шомылу орындарына, азаматтар жаппай шомылатын жерлерге «тексеру жүргізді».

ТЖ қызметкерлері демалушыларды судағы мінез-құлық қағидасын және нормаын сақтауға шақырды. Ұсыныстар көрсетілген қауіпсіздік жаднамаларын тапсырды.

Құтқарушылардың айтуы бойынша, патрульдеу суайдынның әрбір жағалауына мұқият назар аударып, азаматтар демалатын көптеген орындарды қамтуға мүмкіндік береді.

«Біздің патрульдеудің қарқындылығы мен жиілігі келушілердің санына байланысты болады – демалаыс күндері ыстық ауа-райында суайдындарға азаматтар көптеп келеді. Құтқарушылардың міндеті ықтимал қауіпті жағдайдың алдын алу», - деп атап өтті Өскемен қ. ТЖБ-да.

«Жағажай – қоғамдық орын болып табылады, сондықтан онда спирттік ішімдік ішуге қатаң тыйым салынған. Егерде аралау жүргізу кезінде бұл оқиғалар орын алса, онда азаматтарға полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартуды қолданады», - деп мәлімдеді қала ТЖБ-да.

Құтқарушылардың уәкілеттілігіне айыппұл салу кірмейді – олардың негізгі міндеті ескерту.

 

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-06-12 18:07 / 2019-06-12 18:07