Ойын-сауық атракциондарындағы балалардың қауіпсіздігі

 

Батут бүкіл отбасы үшін ең сүйікті ойын-сауық бола алады, алайда, бұл факт оны мүлдем қауіпсіз етпейді. Абай ауданы, Қарауыл ауылының ойын-сауық аттракциондар алаңдарында техникалық қауіпсіз құрылғысы бар батут және карусель пайдаланылады, бірақ техникалық шешімге барлығы тәуелді емес.

Ойын – сауық аттракциондар алаңында бату балалар үшін өте танымал демалыс түрі. Көптеген балалар батутта демалуға және секіруге тырысады.

Балалар жарақаттануының алдын алу мақсатында Абай ауданының ТЖБ қызметкерлері «Телқара» ойын-сауық аттракциондар саябағында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Абай ауданының ТЖБ қызметкерлері ойын-сауық аттракциондар паркінің қызметкерлеріне балалардың батутта және каруселде болған кездегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар СМС-тарату арқылы дауылды ескерту келіп түскен кезде батуттың және каруселдің жұмысын уақытында тоқтатып, батуттың ауасын шығаруы керектігін ескертті.

Жалпы батутта балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау ең алдымен балаларға қатысты.

Секіру алдында әрбір бала міндетті түрде нұсқаулықтан өтуі керек.

 

  

ШҚО ТЖД Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-06-20 09:56 / 2019-06-20 09:56