Лагерлердегі балалардың қауіпсіздігі

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Қарауыл ауылының № 49 Өрт сөндіру бөлімімен бірге 2019 жылдың суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті сақтауды түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.

 Азаматтардың суға кетуінің негізгі себебі ол қауіпсіздік ережелерін бұзуы және шомылуға арнайы белгіленбеген жерлерде суға түсу болып табылады.

Балалардың жазғы демалыс орындары ерекше назарда. Абай ауданының ТЖБ қызметкерлері Көкбай ауылындағы аудандық «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізді. Балаларға сабақ өзен жағасында өткізілді. Сосын суға батып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету  бойынша іс-қимылдар көрсетіліп, жадынамалар таратылды.  

 

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-06-20 12:40 / 2019-06-20 12:40