«Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММғимаратында өрт-тактикалықсабағыөткізілді

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен Қарауыл ауылының № 49 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесе отырып ұлттық біріңғай тестілеу кезіндегі өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында « «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей ғимаратындағы шартты өртті сөндіру» тақырыбы бойынша өрт-тактикалық  жаттығу өткізді.    

Оқу-жаттығу кезінде өрт сөндіру құтқарушыларының негізгі міндеті тестілеу кезіндегі ТЖ оқиғасы орын алған жағдайдаадамдарды құтқару және адамдарды босату жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, жағдайды бағалауға, барлауды ұйымдастыруға және өткізуге, күштер мен құралдардың шоғырлануының нақты уақытын анықтауға, сондай-ақ шешуші бағытты анықтау, радио байланысты орнатып жургізу, ғимараттың орналасуы жоспарымен танысу, өртті бастапқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру және  эвакуациялау бойынша қызметкерлерді оқыту пысықталды.

Жеке құрам шартты өртті сөндіру бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті, қысқа мерзімде оны жойды.

Өткізілген жаттығу қорытындысы бойынша талдау жасалып, болған кемшіліктер көрсетіліп сабақтар өткізілді.

 

ШҚО ТЖД Абай ауданыныңТЖ бөлімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-06-21 17:21 / 2019-06-21 17:21