Таудағы қауіпсіздік шаралары

 

Өлкеміздің теңдесіз сұлулығы: жаз ортасында тау басында жатқан қар, мөлдір өзен, тау арасындағы тоғай, «қызыл кітаптағы» бірегей өсімдіктер осының барлығы табиғат аясында тынығуды сүйетіндерді қаланың қым-қуыт тірлігінен шалғайда уақыт өткізуге шақырады. Серуенге шығуға жиналған сәтте қауіпсіздікті де ұмытпаған маңызды. Баратын бағыт жайлы туыстарыңызға, достарыңызға хабарлау қажет. Сондай-ақ, өз туристік тобыңызды Тәуелсіздік даңғылы 18а мекенжайында орналасқан Риддер қаласының ТЖ басқармасында немесе 4-43-19 телефоны арқылы тіркеуіңізге болады.

Жағдайға байланысты адамның қиын жағдайға тап болатын кездері – табиғатта жападан-жалғз қалуы да болады. Сіздің жүру бағытыңыз бен серуенге шығу және оралу күні, байланыс телефондары құтқару қызметіне мәлім болса өзіңізді еркін және сенімді сезінесіз.   

Саяхатқа жиналып жатқанда өздеріңмен сіріңке немесе оттық, компас, қол шам, айна, пышақ немесе балта, полиэтилен пакет, фольга, дәрі-дәрмек, марганцовканы алыңдар.

Қай бағытта (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) бет алғандарыңды анықтап алыңдар. Егер сендер орманда адассаңдар, бұлтты күні бағытты анықтау үшін компасты пайдаланыңдар. Ашық күнде бағытты анықтау үшін циферблатты қол сағатын пайдалануға болады. Сағат түскі бірде күн оңтүстікте болатынын есте сақтаңдар. Сағат тілін күнге бағыттап тілдер арасындағы бұрышты екіге бөлу. Бұл оңтүстік бағыты болады. Ағаштар мен де бағдарлауға болады (солтүстік жағында бұтақтар аз, қабығы кедір-бұдыр, мүк өсуі мүмкін).

Байбаламға салынбаңдар сендерді іздейтін болады. Жазатайым оқиғаға ұшырағандар өздерінің тұрған жерін көрсету үшін дабыл беруге арналған кез-келген қолда бар құралды пайдалануға тиіс.

Қол шаммен берілген дабыл белгілері 3-4 шақырымнан оқылады. Дабыл беру үшін айнаны қоланыңдар. Күннің 900 бұрыш кезіндегі айнаның шағылысу жарығы жеті миллион шамшырақты құрайды. Ашық бұлтсыз күні дабылды айнаның жарқылы 20-25 км қашықтықта 1-2 км биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтан байқалады.

Ең көне және ең қарапайым дабыл беру тәсілі. Дабыл беру алауының тиімділігі жағылған орнына байланысты. Абзалы бір емес үш алау жаққан дұрыс. Мысалы: 3 алау үшбұрыш, 5 Т әрпін құрайды. Ара-қашықтығы бір-бірінен 20-30 м болуы керек. Жазық төскейдегі алаулар жақсы көрінеді. Жалғыз алауды ауық-ауық мата жыртысымен немесе денемен көлегейлеген жөн. Ашық күні ақ будақтаған түтін, ал бұлтты күні қара түтін жақсы көрінеді.

Егер сендер табиғатпен жападан-жалғыз қалсаңдар біздің кеңестерді естеріңе алыңдар және оларды пайдаланыңдар. Табиғатта жайлы тынығуларыңды тілейміз!

 

Риддер қ. ТЖБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-07-05 16:03 / 2019-07-05 16:03