Төтенше жағдайлар қызметі ескертеді !!!                                          

                                           АЙЛЫҚ ӨТУДЕ !!!

 

       Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 25 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен  бірлесе аудан көлемінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Осыған орай, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша әңгімелер өткізіліп, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында әрбір аулаға ұсыныстар таратылуда. Тұрғын үй секторындағы өрт оқиғаларының көбі балалардың ашық отпен ойнауы салдарынан және үй иелерінің  қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болады.

     Бір ескертетін жағдай: өрт бола қалған жағдайда  хабарлаушы нақты мекен жайын, қоңырау шалған телефон номерін , аты- жөні туралы толық мағлұмат және  ұялы телефон арқылы «101» немесе «112» нөмерін теріп толық мағлұмат беруі қажет. Бұл номер әр түрлі тосын оқиға жағдайында өте қолайлы және тегін.

 

С. Мұсылманбеков

Зайсан каласы №25 ӨСБ бастығы орынбасары,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-08-08 11:02 / 2019-08-08 11:02