«Қауіпсіз демалыс»

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ жастар ресурстық орталығы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесе ағымдағы жылдың 9 тамызы күні қойнауы қарағайлы Бесқарағай жерінің қасиетті «Шошқалы» көлінің жағалауында 8 ауылдық округтің жастары, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов, жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлері мен «Семей орманы» РММ МОТР қызметкерлері және барлық демалушылардың қатысуымен «Қауіпсіз демалыс» атты тақырыбында экологиялық акция өткізді. Акция барысында Бесқарағай ауданының ТЖБ инспекторлары суда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін түсіндірді. Түрлі конкурстар мен викториналар ұйымдастырды. Суға түсу тәсілдерін, суда қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек көрсету, сонымен қатар дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістері мен тәсілдерін үйретті.

Акцияда барлығы 150 адамнан артық қатысты. Барлық қатысушыларға жадынамалар мен парақшалар таратылды.

 

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-08-12 12:11 / 2019-08-12 12:11