Жидексаңырауқұлақ уақыты

 

         Орман – шулы қаладан демалу үшін тамаша мүмкіндік.Жазда көптеген азаматтар жидектер мен саңырауқұлақтар алу үшін орманға барады. Сонымен, 2019 жылғы 10 тамызда Гавань ауылының маңында Журавлиха өзені арқылы жидек жинауға барған екі жасөспірім адасып кетті.

Жасөспірімдердің жоғалып кеткені туралы хабарлама алғаннан кейін азаматтық қорғау қызметкерлері жедел шақыру орнына жөнелді. Іздестіру – құтқару жұмыстары кезінде жасөспірімдер Тарасов ключ аймағында орналасқан омартадан алыс емес жерде табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, медициналық көмек қажет болмады. Келгеннен кейін құтқарылғандар ата-аналарына тапсырылды. Бұл оқиғаның себебі үйге кеш оралу болды.

Жидектер мен саңырауқұлақтарға барған кезде абай болыңыз, ауа-райына назар аударып, кеш түскенге дейін кідірмеңіз, өйткені орман өтуге қиын жер және  адасып кету қауіпі артады.

 

Риддер қ. ТЖБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-08-14 10:04 / 2019-08-14 10:04