Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың 2019 жылға арналған медиа-жоспары негізінде Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында осы мәселелер жөнінде кеңейтілген отырыстар жүргізіледі. Отырыстарға Төтенше жағдайлар басқармасының, 2-ші өртке қарсы қызмет жасағының қызметкерлері, «Nur Otan» Партиясының Семей қаласындағы филиалының және  басқа да мемлекеттік органдардың, қаламыздың шағын,орта және ірі кәсіпкерлік және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Отырыстар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың дұрыс қолданылуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалынатын іс-шаралар жайында кеңінен талқыланады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрес қоғамымызда үнемі жүргізіліп келеді, соған қатысты біраз жұмыстар орындалғаны рас. Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік қауіпті құбылыс болғандықтан, оны баршамыз бірігіп, нақты әрекет жасап күресуіміз керек. Себебі, пара алушы ғана емес, сонымен қатар сол параны берушіде Заңға қарсы әрекет жасап тұрғанын ешқашан естен шығармағаны абзал, сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамдық күрес болып қала бермек.

Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасында құқықтық баршаны білімдендіру жүйесі аясында 2019 жылға бекітілген жоспары негізінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына бөлім қызметкерлерімен сабақтар жүргізіліп, олар сынақтардан өтеді. Сондай-ақ, бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі бойынша,  өрт-техникалық тексерулерді неғұрлым сапалы жүргізілуі туралы, сыбайлас жемқорлық туралы заңға қарама-қайшы қылықтардан аулақ болуы туралы, азаматтардың өтініштеріне, арыздарына заңды түрде қарап, уақытында жауап беретіні туралы арнайы күнделікті нұсқаулықтан өтіп, қол қояды

Басқарманың әрбір қызметкері өзіне жүктелген міндеттерді аброймен және өзіне деген қатаң жауапкершілікпен тиянақты орындап, халықтың ойынан шығуға тырысады. Сыбайлас жемқорлық мәселесі қызмет барысында алдыға қойылатын негізгі мәселелердің бірі болып әрдайым қала бермек.  

          

ТЖ жөніндегі басқарманың АҚҚАжБТ бас маманы Торайғырова С.О.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың 2019 жылға арналған медиа-жоспары негізінде Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында осы мәселелер жөнінде кеңейтілген отырыстар жүргізіледі. Отырыстарға Төтенше жағдайлар басқармасының, 2-ші өртке қарсы қызмет жасағының қызметкерлері, «Nur Otan» Партиясының Семей қаласындағы филиалының және  басқа да мемлекеттік органдардың, қаламыздың шағын,орта және ірі кәсіпкерлік және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Отырыстар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың дұрыс қолданылуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалынатын іс-шаралар жайында кеңінен талқыланады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрес қоғамымызда үнемі жүргізіліп келеді, соған қатысты біраз жұмыстар орындалғаны рас. Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік қауіпті құбылыс болғандықтан, оны баршамыз бірігіп, нақты әрекет жасап күресуіміз керек. Себебі, пара алушы ғана емес, сонымен қатар сол параны берушіде Заңға қарсы әрекет жасап тұрғанын ешқашан естен шығармағаны абзал, сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамдық күрес болып қала бермек.

Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасында құқықтық баршаны білімдендіру жүйесі аясында 2019 жылға бекітілген жоспары негізінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына бөлім қызметкерлерімен сабақтар жүргізіліп, олар сынақтардан өтеді. Сондай-ақ, бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі бойынша,  өрт-техникалық тексерулерді неғұрлым сапалы жүргізілуі туралы, сыбайлас жемқорлық туралы заңға қарама-қайшы қылықтардан аулақ болуы туралы, азаматтардың өтініштеріне, арыздарына заңды түрде қарап, уақытында жауап беретіні туралы арнайы күнделікті нұсқаулықтан өтіп, қол қояды.

Басқарманың әрбір қызметкері өзіне жүктелген міндеттерді аброймен және өзіне деген қатаң жауапкершілікпен тиянақты орындап, халықтың ойынан шығуға тырысады. Сыбайлас жемқорлық мәселесі қызмет барысында алдыға қойылатын негізгі мәселелердің бірі болып әрдайым қала бермек.           

 

 

ТЖ жөніндегі басқарманың АҚҚАжБТ

бас маманы Торайғырова С.О.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-09-05 09:24 / 2019-09-05 09:24