Шаруа қожалықтарының басшыларымен дөңгелек үстел

 

Өскемен қаласы ТЖБ қызметкерлері шаруа қожалықтарының басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. Өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде ұйымдастырылған іс - шараның мақсаты-шаруа қожалықтарының басшыларына дала жұмыстары кезінде ережелерді сақтау және талаптарды міндетті түрде орындау қажеттілігін жеткізу.

      Дөңгелек үстелде өрт жағдайы және дала өрттерінің шығу себептері туралы сұрақтар ашылды. ТЖБ қызметкерлері шаруа қожалықтарының басшыларына астық жинау және жем-шөп сақтау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.  Сонымен қатар, ерікті өрт сөндіру құрамаларын құру бойынша түсініктемелер берілді және шаруа қожалықтары өкілдерінің барлық сұрақтарына ТЖ қызметінің мамандары жауап беріп, жадынамалар таратты.

        Қорытындылай келе, ТЖ басқармасымен Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда ынтымақтасу, астық қоймаларында жұмыс жүргізетін жұмысшы қызметкерлер арасында өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейтілген бақылауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Өрт қауіпті кезеңде орман-дала алқаптарында жану санының айтарлықтай артуы байқалады. Мұның себебі азаматтардың немқұрайлылығы. Осы алқаптардағы жанулар жанындағы елді мекендерге өрттің өту қаупінің туындауымен қауіпті, бұл кейіннен үлкен материалдық залал әкеледі және адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіреді.

       Шаруа қожалықтарының өкілдеріне ҚР ӘҚБтК - нің 336-бабына сәйкес, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерін бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы - ескерту немесе 3-тен 120 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Өскемен қаласы ТЖБ ақпараты

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-09-05 09:30 / 2019-09-05 09:30