Құрғақтың қауіптілігі неде?

 

            Өрт қауіпті кезеңінде құрғақ шөптер мен қоқыстың жануына байланысты өрттер күрделене бастайды. Семей өрт сөндіру бөлімдері құрғақ шөптер мен қоқыстың жануын өшіру үшін күн сайын 2-3 рет шығады. Соңғы уақыттарда – бұл нағыз қиындықтарды тудырады.

           Өрттің негізгі себебі адамдардың отпен абайсыз болуы болып табылады.   Құрғақ шөптің бақылаусыз құлауы, тұрмыстық қоқыстарды өртеу елді мекенде немесе далада айтарлықтай өрттің себебі болуы мүмкін.

           Назарына! Қоқыстарды барлық жерде жағуға тыйым салынады. Сонымен қатар қоқыстарды,құғақ жапырақтарды немесе шөптерді өртеу кезіңде ауаға адам деңсаулығына қауіпті көптеген заттар түседі.

           Семей қ. ТЖ Басқармасы ескертеді: қоқыстың немесе құрғақ шөптің жануына жол бермеу үшін жанып жатқан сіріңке мен сөндірілмеген темекіні жерге тастамаңыз, құрғақ және желді ауа-райында от жағуға болмайды.

           Тек соңғы күндері Семей өңірі аумағында 9 өрт тіркелді. Мысалы, Шаған к. Кенттен 5шақырым жерде ашық аумақта - 49 га жерді алатын құрғақ шөп жанды,Көкентау ауылдық округінде «Әубәкір» шаруа қожалығының учаскесінде - 45 га жерде шөп жанды, осы ауылдық округте «Мазарка» учаскесінде - 49 га жерде құрғақ шөп жанды.

          «Әубәкір» шаруа қожалығында өрт сөндіруге Семей қ. өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техникамен ауыл тұрғындарына көмек көрсетілді.

           Жалпы өртпен 143 га астам құрғақ шөп жойылды. Алайда, жану елді мекенге қауіп төңдірмеді және шығынсыз болды. 

           Құрметті тұрғындар! Отты қолданғанада абай болыңыз, сөңдірілмеген от, темекі тұқылы қауіп төңдіреді, өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтаңыз.Өз өміріңіз бен тұрғын үйіңізді оттан сақтаңыз!

 

 ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-09-05 17:07 / 2019-09-05 17:07