Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спорттық жарыс

 

             Кез келген спорт өмірлік қажетті күш пен төзімділікті дамытады. Ол денені ғана емес, жас қызметкердің рухын да шындайды,ақырында әрқашан пайдалы болады.

             2019 жылдың 7 – 8 қыркүйек аралығында «Спартак» стадионында Семей қ. мемлекеттік органдары мен ұйымдары арасында шағын футболдан қалалық турнир өтті.

             Жақында Қазақстандықтар Конституция күнін атап өтті. Турнир осы мерекеге арналды. Әр түрлі мекемелерден спортшылар қатысты. Жарыс ауа – райына байланысты ыстық болды.

             Қорытынды жасау қиын болған жоқ. Барлық кезеңдерде ең ұйымшыл және тату команда ТЖБ өкілдері үздік болды. Екінші орында ШҚ АЭК өкілдері, үшінші қалалық прокуратура командасы.

            Біздің қаламызда мерекелерді стадионда қарсы алу, салауатты өмір салтын насихаттау жақсы дәстүрге айналды.

             Жеңімпаздар кубоктармен және грамоталар мен марапатталды.

 

 

ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2019-09-10 09:31 / 2019-09-10 09:31