Су тасқынына дайындық

 

Өскемен қаласының әкімдігімен, Төтенше жағдайлар басқармасының және мүдделі органдардың мамандары су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап шықты. Бұл жұмыс жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бұрын орындалған жұмыстардың жағдайына мониторинг жүргізуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде 1965 тұрғын үй, соның ішінде жыл бойы азаматтар тұратын саяжай бірлестіктері су тасқынға ұшырайды.

 Аралап шығу қорытындысы бойынша ағымдағы іс-шараларды орындауға басымдық берілген: қарды жинау және шығару, құбырлардың су өткізу қабілетін тазалау.

 

Өскемен ТЖБ ақпараты

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2020-01-21 14:40 / 2020-01-21 14:40